Ақп 20, 2020 17:39 Asia/Almaty
  • «Ақтау теңіз порты» ЕЭА мен Қазвин Сауда палатасы Қазақстанның Ақтау қаласында бірлескен жобаны іске асыру жөнінде уағдаласты

ҚР-дың Ирандағы Елшісі Асхат Оразбайдың Қазвин облысының басшылығымен жуырда қол жеткізген уағдаластығын жүзеге асыру аясында 2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Елшілігінің қолдауымен және атсалысуымен «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы басшылығының Қазвин қаласына сапары ұйымдастырылды.

Қазақ делегациясын «Ақтау теңіз порты» ЕЭА басқарма басшысы Бекбол Орынбасаров басқарды.

Сапар шеңберінде Қазвин облысы әкімінің экономика істері жөніндегі орынбасары Иса Қобади, өңірдің іскер топтары, Қазвин Сауда палатасының президенті Мехди Бахшанде және палата мүшелерімен кездесулер өткізіліп, облыстың жетекші кәсіпорындары мен Анзали теңіз портын аралау ұйымдастырылды.

Сапардың басты нәтижесі «Ақтау теңіз порты» ЕЭА мен Қазвин Сауда палатасы арасында «Ақтау теңіз порты» ЕЭА аумағында өндірістік-коммерциялық кешен салуға қатысты келісімге қол жеткізу болды. Бұл кешен екі елдің өзара өнім алмасуын арттыруға ықпал ететін хаб ретінде қызмет атқаратын болады. Жобаны іске асыруға 15 млн еуро көлемінде инвестиция салу көзделіп отыр.

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде салынатын бұл кешеннің ауданы 5 гектар болмақ.

Қазвин Сауда палатасында

 

Тегтер