Сәу 14, 2016 13:07 Asia/Almaty
  • Балалар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі: ислам көзқарасы тұрғысынан

Тәлім-тәрбие бір мезетте орындалатын бір сәттік жұмыс емес, керісінше, оған жағдай жасау, тәлім-тәрбиелік ережелер мен қағидаларды сақтау және лайықты тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асатын ұзақ үдеріс болып табылады.

Адамды тәрбиелеу – ауыр жұмыс. Оның тек тәлім-тәрбие мамандары тарапынан ұсынылған тәсілдер мен ардақты Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) және хазірет үмбетінің көрсетіп кеткен жолын пайдалану арқылы ғана жүзеге аспайтыны белгілі. Сол ғұламалардың жолдарынан нәрестенің дүниеге келген алғашқы күнінен бастап жасалатын салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды кезіктіруге болады. Сол әдеп-ғұрыптарды орындау бала тәрбиесі үшін қолайлы жағдай тудыра алады. Нәресте дүниеге келгеннен кейін жасалатын салт-дәстүрлердің бірі – азан шақырып, иқама айту. Ислам дінінде, азан шақыру және нәрестенің құлағына иқама айту маңызды болып табылады. Пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның үмбетінің нәресте дүниеге келгеннен кейін жасаған алғашқы ісі оның оң құлағына азан оқып, сол құлағына иқама айту болған. Имам Саджад (ғ.с.) былай деген еді: «Имам Хосейн (ғ.с.) дүниеге келген кезде Пайғамбар (с.ғ.с.) оның құлағына азан оқыды». Кейбір рауаяттарда нәрестенің құлағына азан оқып, иқама айтудың тәрбиелік және рухани әсерлері туралы айтылады. Осы рауаяттарға сәйкес, нәрестенің құлағына азан оқып, иқама айту баланың рухани тыныштығына себеп болады. Сонымен қатар, бұл салттарды орындау тәлім-тәрбиелік әсерлерді де қамтып, нәрестеге Алланың жалғыздығы мен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пайғамбарлығына куәлік ету сияқты Исламның бастапқы әрі негізгі ілімдерін үйретеді. Осылайша, өмірінің алғашқы сәттерінде наным-сенімдік және діни түсініктермен танысқан бала әрдайым олармен байланыста болып, болашақта да осы түсініктерге көбірек қызығушылық танытады. Маңызды тәлім-тәрбиелік салт-дәстүрлердің тағы бірі – перзентке жақсы ат қою. Адам кез келген істі танытуы үшін, соның ішінде өзін таныстыруы үшін өзінің есімін айтуы керек. Бірақ осы ретте ат қоюдың уақыты мен есім таңдау мәселесі маңызды болып табылады. Ислам діні перзент дүниеге келген бетте, тіпті, келмей тұрып бұрын оған ат қоюдың керектігін қуаттайды. Имам Әли (ғ.с.) былай дейді: «Өз балаларыңызға дүниеге келгенге дейін ат қойыңдар». Әрине, баланың жынысын білмеген жағдайда алдын-ала қыздың және ұлдың есімін таңдап қоюға болады. Балаға ат таңдаудағы ең маңызды мәселе – есімнің жақсы әрі мағыналы болуы. Исламның ардақты Пайғамбары (с.ғ.с.) жақсы есімді ата-ананың балаға қатысты парызы деп атайды. Имам Казем (ғ.с.) былай деді: «Бір адам Пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп: «Менің баламның алдындағы парызым не?» деп сұрағанда Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп жауап береді: «Оған жақсы ат қой, оны жақсылап тәрбиеле және оны қоғамда жақсы орынға жеткіз»». Пәк имамдар өз балаларына жақсы да мағыналы ат қойған. Олар әрдайым басқаларға өз балалары үшін әдемі әрі діни мағынаға ие есім таңдауды және жаман әрі мағынасыз есімдерден алшақ болуды кеңес еткен. Әли (ғ.с.) бұл жайында былай дейді: «Адамның өз баласы үшін жасаған алғашқы жақсылығы – ол үшін таңдаған жақсы есім болып табылады». Есім баланың тәлім-тәрбиесіне қалай әсер етеді? Жақсы есім адамға әртүрлі тұрғыдан ықпал етеді. Біріншісі – әр адамның есімі оның мәдениеті, болмысы мен тұлғасын көрсетеді. Сондықтан, басқалар оның сол мәдениетіне сәйкес адаммен қатынас орнатып, соған сәйкес жауапты күтеді. Әр мәдениет пен халықта есімдер өздеріне тән мағына мен түсініктерге ие болып, сол мағынаны екінші тарапқа жеткізіп тұрады. Жақсы есім адам тұлғасына құрмет көрсетуімен қатар, басқалардың да оны құрметтеуіне себеп болады. Адамның есімі – оның тұлғасының нышаны. Есім адам өмірінің басынан аяғына дейін онымен бірге болады. Егер адамның аты ахлақи сипаттар мен қасиеттерден тамырланса, адамға сол қасиеттерді сіңдіреді. Адам да осы сипаттарды өзінің бойында ашуға талпынады. Алайда, жаман әрі лайықсыз есімдер адамға теріс ықпалын тигізеді. Тіпті, кейде лайық емес есімдер басқалардың мазағының нысанасы мен адамның тұлғасына нұқсан келтірге себеп болады. Пайғамбар (с.ғ.с.) үмбетінің жолындаға ат қоюға байланысты жайттардың біріне олардың әрдайым өз перзенттеріне дін ғұламаларының аттарын қойып, басқаларды да соған шақырғаны жатады. Бұл ғұламаларға құрмет көрсетіп, балаға үйретумен қатар, рухани және қоғамдық ықпал сияқты тағы бір тәлім-тәрбиелік әсерге ие болып табылады. Себебі, балаларға жақсы ат қою отбасы мен қоғамның мәдениеті мен діни рухты өзіне тартуына себеп болады. Бұл діни рух перзентті тәрбиелеп, бағдарлауға ықпалын тигізеді. Басқа жақтан, егер балаға Мұхаммад немесе Әли сияқты ұлы тұлғалардың есімдері қойылса, ол сол тұлғаға ұқсауға талпынып, сол көрнекті тұлғаның мінез-құлқын қайталауға талпыныс жасайды. Бір рауаяттарда «Қиямет күні есімдері Мұхаммад болып табылатын адамдар кіреді. Сонда Алла оларға «Менің сүйікті құлымның атын өзіңе алғанда ұялмадың ба? Мені күнәһар қылмадың ба? Сен менің сүйікті құлымның атын алғандықтан, мен сені азаптаудан ұяламын» дейді» деп айтылған. Баланың дүниеге келген кезде жасалатын маңызды салт-дәстүрлердің біріне «ағиғе», яғни, бала дүниеге келген күннің жетінші күні құрбандық шалу жатады. Пайғамбар (с.ғ.с.) мен имамдардың (ғ.с.) сөздері мен істерінде бұл салт көп қуатталған. «Ағиғе» салтының қуатталғаны соншалықты, тіпті, кейбір рауаяттар бойынша парыз болып саналған, тіпті, имамдар (ғ.с.) оның орнына садақа беруді құптамаған. Абдолла бен Бугир былай деді: «Имам Садеқтің (с.ғ.) қасында болдым. Имамның ағасы Абдолла бен Әлидің елшісі оған: «Сіздің ағаңыз «ағиғе» үшін мал іздеп таппағанын айтады. Оның орнына сол мөлшерде садақа беруге болады ма деп сұрап жатыр»деп айтқанда имам Садеқ былай деп жауап береді: «Жоқ, себебі, Алла адамдарға ас беріп, малды құрбандыққа шалуды жақсы көреді». «Ағиғенің» баланың рухы мен денесі үшін рухани және тәлім-тәрбиелік әсері бар. Бұл салт – діннің сүнеттерінен, әсіресе, хазірет Ибраһимнің сүннетінен бастау алған. Алла Исмаилді өлтірудің орнына Ибраһимге (ғ.с.) құрбандық шалу үшін бір тоқты жібереді. Осылайша, бұл мәселе бір сүннетке айналады. Исламда «ағиғе» деген дәстүр – баланы әртүрлі бәле-жала мен аурулардан қорғау мақсатында және Аллаға жақындау үшін бір малды құрбандыққа шалу. Сонымен қатар, «ағиғе» Алланың адамға берген сыйына шүкіршілік білдіру болып табылады. Себебі, рауаяттарға сәйкес, перзент – илаһи нығметтердің бірі. Адам осы нығметке шүкірлік ретінде малды құрбандыққа шалып, оның етін қуаныштарына ортақ болу үшін, әсіресе, мұқтаж адамдарға бергені дұрыс болады.