Балалар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі: ислам көзқарасы тұрғысынан
Бала дүниеге келген мезеттен бастап «ақпарат қоймасы» деп аталатын ақыл-еске ие болады. Ол барлық естіген немесе көргенін тез арада осы қоймаға жіберіп, сол жерде сақтап қояды
. Оның қабылдау жылдамдығы да өте жоғары. Сонымен қатар, көрген білгенін есінен тез шығармайды. Егер нәрестенің көріп, еститіндері көбінесе бір арнайы тақырыпта қайталанып отыратын болса, оның санасыз жан дүниесінде сақталып, болмысын қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл мәселе ата-ананың перзенттің рухани тәлім-тәрбиесіндегі маңызды міндеттерінің біріне жатады. Бұл үшін ата-ана балалық шақтан бастап өз перзенттеріне илаһи ілімдерді үйретулері керек. Әсіресе, ана өз баласын наным-сенімдік және ахлақи қасиеттермен таныстыра алады. Ана сүті – сәбидің физикалық және рухани тәрбиесіне әсер ететін факторлардың бірі. Сәби үшін ананың сүтінен артық тағам жоқ. Ана баласын емізу барысында оның тек денесін ғана азықтандырып қана қоймайды, сонымен қатар перзентіне мейірімділік пен жылулық та сыйлайды. Сонымен қатар ана өз баласын емізген кезде Құран оқу, зікір және дұға айту арқылы оны рухани және илаһи түсініктермен таныстыра алады. Осылайша нәресте еміп жатқан кезде Құран аяттарын тыңдап, рухани сөздер оның болмысына сіңеді. Бұл сүт физикалық тұрғыдан нәрестені жетілдірумен қатар, рухани және ойлау тұрғысынан да оны тәрбиелейді. Ахлақ саласы ғұламаларының пікірлері бойынша, егер бір адам балалық шағында Құран мен дұға естудің арқасында тәрбиенің ең жоғарғы дәрежесіне жетсе, бұл таң қаларлық жағдай емес. Ана сүті бала тәрбиелеудегі ең маңызды фактор әрі қажетті ең жақсы тағам болып табылады. Құран Кәрімнің де ана сүтін маңызды деп санағаны соншалықты, тіпті «ему» және «сүт беру» сөздері Құранда 11 рет кездеседі. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 233 аятының бір бөлігінде ана сүтінің маңыздылығы жайлы былай дейді: «Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар балаларын толық екі жыл емізеді». Осы аятты қуаттай келе, мынадай нәтижеге жетеміз: емізу мерзімінің ең ұзағы 2 жыл болып табылады. Сонымен қатар, бала кейбір аурулардан сақтайтын лайықты тағамдарды пайдалану үшін омыраудағы кезеңді табиғи түрде аяқтай алады. Әрине аяттың жалғасында әке-шеше баланың физикалық және рухани жағдайын назарға ала отырып, екеуі келісіп, лайықты деп санаған уақытта баланы омыраудан шығара алады. Ана өз баласын емізу кезінде физикалық және рухани ризашылық сезіміне бөленеді. Тіпті, ана өзінің сәбиді емізгені үшін баланың әкесінен сыйақы алуына да болады. Осы нақты әрі есептелген үкімдер Исламның балалар және аналардың құқықтарын қаншалықты маңызды санағанын көрсетеді. Ислам осы аяда әділеттікті барынша сақтайды. Ана сүті маңызды болғандықтан, хадистерде де баланы ең жақсы тағам ретінде осы құнарлы сүтпен тамақтандыру қуатталған. Себебі, ана сүті сәбидің физикалық және рухани дамуы үшін ең жақсы түрде жағдай жасайды. Исламның қасиетті Пайғамбары (с.ғ.с.) былай деген: «Бала үшін ана сүтінен артық ешқандай сүт жоқ». Сонымен қатар, хазірет Әли (ғ.с.): «Бала ана сүтінің мөлшеріндей берекелі болатын басқа ешқандай сүтпен тамақтанбайды». Нәрестелердің тыныс алуының жетіспеушілігі мен асқазан аурулары және тағы басқа аурулар салдарынан өлу санағы азаюының және қоректік заттардың жетіспеушілігің алдын-алудағы емізудің рөлі теңдессіз әрі маңызды болып табылады. Сондықтан нәрестені қорғау үшін оның алғашқы тағамын ана сүтімен қамтамыз етуге талпыну ата-ананың міндеті болып табылады. Нәрестені ана сүтімен қоректендіру қаншалықты маңызды болса, ананың таза әрі халал тағаммен тамақтануы соншалықты маңызды болып табылады. Себебі бұл тағам оның денесінде сүтке айналады. Ананың сүті харам кіріске алынған, таза емес тағамнан қалыптасқан болса баланың рухы мен оны тәрбиелеудің үдерісіне теріс ықпалын тигізеді. Сол себепті, діни ілімдерде баланы емізу жайында кеңестер беріледі. Мысалы, баланы емізген немесе оған тағам берген кезде дәретті болып, «Бисмилләһир раһманир рахим» деп айту дұрыс болады. Ана баланы құшағына алып, емізгені дұрыс. Хазірет имам Джафар Саджад (ғ.с.) -нан бізге жеткендей, ананың сол жақ құшағы омыраудағы бала үшін ең лайықты орын болып табылады. Ғылыми зерттеулер де осы кеңесті растайды. Себебі, жүректің соққан дауысы дененің сол жағынан естіледі. Ананың жүрек дүрсілін есту бала үшін әсерлі әрі жағымды болып табылады. Медицина мамандары мен заңтанушылар ана сүтін баланың даусыз құқығы деп атайды. Ешкім де сабырлық пен тыныштықта баланы емізудің әсерін теріске шығармайды. Бұл капиталистік қоғам мен феминистік ағымдардың әйелдердің қызмет жасау қажеттілігі және босану мен емізу жағдайында олардың дене бітімі үйлесімділігінің бұзылуы жайлы қате үгіт-насихаттары көптеген нәрестелерді іс-жүзінде ана сүтінен мақұрым қалдырып отырған жағдайда орын алып отыр. Осы жағдайда, радикал феминистердің жанұя мен аналық міндетке қатысты көзқарастары толығымен теріс кейде мейірімсіз. Әсірешіл феминистердің бір тобы туа біткен әрі табиғи құбылыс болып табылатын бір әйелдің аналық рөлін сынап, оны кемсітушілік және әйелдерді жәбірлеу факторы деп атаған. Шуламит Файрстоун деген әсірешіл феминист «Аналық адамзаттың мәдениетінен алынып тасталуы керек» деген пікір де айтқан. Оның ойынша, бөтелкемен сүт беру және бала бақша аналық табиғи міндеттердің орнын толтырады. Бірақ ислам көзқарасы тұрғысынан бір әйелдің сәбиін қарап, күтуі, емізуі оның өмірінің маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Аналық міндет – әйелдерді басып-жаншу немесе оларды қоғамдық жұмыстардан шеттетудің факторы емес, керісінше әйелдің бір түйсігі мен шеберлігі болып табылады. Осы қасиеттерінің арқасында ана қоғам үшін лайықты әрі сау перзент тәрбиелеп шығара алады. Әрине аналардың жүктілік, босану, емізу және балаларды тәрбиелеу кезінде көптеген қиыншылықтарды басынан өткеретінін теріске шығармаймыз. Алайда, аналық түйсік пен перзентке деген тартылыс күшінің жоғарылығы соншалықты, аналар осы қиындықтарға ризашылықпен төзеді.Қазіргі әлемде аналар жұмыс істейтіндіктен өз балаларынан алшақтап кеткен. Ананың құшағын алмастыра алатын ешқандай жер болмайтыны айқын шындық. Ешбір балалар үйі мен балабақша сезім, махаббат, тыныштық, үміт және ананың тағы да басқа психикалық және эмоциялық іс-әрекеттерінің орнын толтыра алмайды. Осылайша, Ислам діні аналық міндет пен сезімнің рухани қырларын қуаттап, аналардың бойында психикалық саулық, ризашылық сезімі мен үмітті нығайтуға талпынады. Сол себепті, әр қоғамның перзенттерінің бақыты мен баяндылығы отбасы тәрбиесінің, әсіресе ананың міндеті болып табылады.