Сәу 10, 2021 18:06 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (27)

«Фаджр» сүресінің 1-4-ші аяттары

 

 

«Фаджр» сүресінің 1-4-ші аяттарында: «Ағарған таңға,  Құрбан айының алғашқы он кешіне, Әр жұп пен таққа, Өткен түнге серт»,- деп айтылды.

 

«Фаджр» дегеніміз жару дегенді білдіреді және бұл қараңғылықты таңмен жаруды білдіреді, бұл қасиетті және маңызды уақыт. Бұл кезде жаратылыстар оянып, жаңа таң мен күнді бастайды.  Ерекше тазалық, нұр мен мөлдірлікке ие таңсәрі мөлдір су ағыны сияқты шығыстан бастап, бүкіл аспанға жайылып, күн басталады. Шындығында, таңсәрі түннің аяқталуы мен жарықтың биілігінің басталуы және зұлматтың аяқталуын хабарлау. Бұл тіршілік иелері қозғалысының басталуы және ұйқы мен үнсіздіктің аяқталуы. Сондықтан бұл ерекшеліктер үшін Алла ант етеді. Он түн (Ләйл Ашр) әйгілі сөз бойынша, бұл әлемдегі мұсылмандардың ең үлкен және ең таңқаларлық саяси ғибадат жиындарының куәгері болған зилхадже айының он түні. Кейбір тәпсіршілер он түнді Қадр түндері орналасқан қасиетті Рамазан айының соңғы он түні деп санайды.  Соңғы антында түнмен, яғни таңға қарай жылжитын уақытпен ант етеді. Кейбір рауаяттарда таңсәрі зұлмат пен бұзақылықтың қара түнің жоятын  хазірет Мәһди (ғ.с.) деп тәпсір етеді.