Құранда аталған әйелдер (8)
Алланың екі пайғамбары Лұт пен Нұхтың әйелдері күпірлік пен сатқындықтың көрінісі ретінде күллі адамзат баласына әшкереленген.
Кейбіреулер адамды қоғам және оны басқаратын жағдайлар мен қарым-қатынастар мүгедегі деп санайды және бұл қатынастарды бұза алмайды. Басқаша айтқанда, олар адамның өмір сүретін ортасын ағашқа теңеп, адамды тағдыры алдын ала белгіленген, қашып құтыла алмайтын оның жемісі деп санаған. Құран тұрғысынан адам қоршаған ортаның ықпалында болса да, кез келген жағдайда залым қарым-қатынастарға қарсы шығып, қоршаған орта жағдайынан тәуелсіз бола алады. Осы себепті Құран әрбір адамды өз ісіне жауапты деп санайды және адам белгілі бір ортада өсті деген сылтаумен тура жол мен жарыққа көз жұмып қарай алмайды. Бұл тұрғыда ерлер мен әйелдердің айырмашылығы жоқ. Әрбір адам өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекеті үшін жауап береді және өз әрекеттері үшін жазаланады немесе марапатталады. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 32-ші аятында: «...Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тән...»,- деді. Тарихта ұлы тұлғалармен қатар өмір сүрген, бірақ олардың ықпалына түспеген адамдар аз болмаған. Үлгі ретінде пайғамбарлардың кейбір әйелдерін атап кетуге болады.
«Тахрим» сүресінде төрт әйел жақсы және жаман адамдарға үлгі болып, суреттеледі. Осыдан бұрын күпірлік пен зұлымдық ортасы имандарына нұқсан келтіре алмаған екі үлгілі әйел туралы тоқталдық. Жұбайы өзін адамдардың құдайы деп таныстырған ортадағы Перғауынның әйелі. Ол бір Аллаға иман келтіріп, ақиқат рухы мен иман нұрына бөленді. Бұл жолғы мақсатымыз кәпір әйелдердің оқиғасын баяндау болғандықтан, «Тахрим» сүресінің 10-аятына ой жүгіртеміз. Бұл аятта былай деп айтылды: «Алла Тағала кәпірлерге Нұхтың пен Лұттың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады. “Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер” делінді».
Алланың екі пайғамбары Лут пен Нұхтың әйелдері күпірлік пен сатқындықтың көрінісі ретінде күллі адамзат баласына әшкереленген. Құранда бұл екі әйелдің жаман тағдырының себебін Алланың пайғамбарларының иман және білім орталығында күпірлік пен адасу жолына түсуі екені баса айтылған. Аллаға және Елшісіне күпірлік пен опасыздықтың нәтижесі – жойылу. Оны кім жасағаны маңызды емес. Иләһи сот жүйесінде жеке тұлғалардың ұлы тұлғалармен және пайғамбарлармен байланыстары, егер олар тура жолға ұмтылмайынша, оларды илаһи азаптан құтқаруға еш әсер етпейді. Пайғамбарлардың қасында болуы Нұх пен Луттың әйелдерінің тағдырына әсер етпеді. Өйткені бұл Алла Тағаланың «Ибраһим» сүресінің 51-аятында айтқан илаһи дәстүр «Өстіп, Алла тез есептеуші». Аллаһ әркімді істегені үшін немесе сол сенім мен амалды бейнелегені үшін жазаласын, өйткені Алла тез есептеуші».
Құранда хазірет Лұт туралы 27 рет айтылып, оны бүлікшіл және нәпсіқұмар адамдармен бетпе-бет келіп, оларды Ибраһим пайғамбардың дініне шақырған, бірақ олар оның әмірлеріне бағынбаған. Луттың халқы жойылып, көтерілістің шыңында болды. Жемқорлыққа бой алдырғаны сонша, олар бәрін істеп, кез келген шіркін әрекеттен қайтпады. Лут қауымы ұят пен масқара жағдайға дейін жеткізіп, әйелдердің орнына ер балаларды қорлап, әйелдерді олардан алыстатып, оларға үйленуге мүмкіндік бермеді. Бұл жағдайды көрген әйелдер күйеуінің жұмысына наразылық білдіріп, кек алу үшін бір-бірімен қатынас орнатады. Осылайша олардың арасында ең ұят зұлымдық, яғни бір жынысты адамдардың табиғи заңнан тысқара қосылуы тарады. Өздеріңіз білетіндей, Алла ұрпақты жалғастыру үшін ерлер мен әйелдердің арасындағы жыныстық айырмашылықты және оларды бір-біріне бейімді етіп жаратты. Бұл тартымдылық өзінің дұрыс және табиғи түрде болып, дұрыс және орынды түрде қамтамасыз етілсе, ол киелі болып саналады. Бірақ өзінің бастапқы жолынан ауытқып кетсе, құнды мақсатқа жетудің құралы емес, жеке адамның және қоғамның жан-дүниесін, психикасын ластаушы құрал ретінде қызмет етеді. Лұт қауымы өздерінің ішкі түйсіктерін қанағаттандыру үшін ер адамдармен жағымсыз және харам қарым-қатынас жолына түсті. Құран Кәрім Лұт қауымы туралы бірнеше аятында олардың азабына себеп болған зұлымдықтарына тоқталып, адамзат қауымына сабақ болуын ескертті. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі кезде Лұт қауымының өздерінің надандығы мен адасушылықтары салдарынан жасаған қисынсыз және табиғи емес әдістерінің кейбір қоғамдарда, әсіресе батыс елдерінде тарағанын және ол үшін ресми және заңды рәсімдер өткізілетінін көреміз. Бұл ғылым мен өркениетті дейтін қоғам үшін ұят.
Лұтты адамдардан көбірек мазалайтыны – әйелінің интеллектуалдық ауытқуы мен адасуы еді. Лұттың әйелі де халықтың және қоршаған ортаның дінсіздігінің әсерінен кәпір болды. Оның жұбайы, Алланың пайғамбарымен ортақ көзқарасы болмады. Ол жауыз және мінезі жаман еді, ол отбасы ортасын екіжүзділікпен және қулықпен ластап, қараңғы етіп жіберді. Тәпсіршілердің көпшілігі Лұт пен Нұхтың әйелдерінің қиянаты сол пайғамбарлардың дұшпандарымен ынтымақтаса отырып, өз үйінің құпиясын жауға ашқаны деп санайды. Хазірет Лұт пен Нұхтың әйелдері туралы Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) құпиясын ашуға және қудалауға қатысқан екі әйелі туралы сүреде айтылды. Олардың оқиғасының ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) үйінің құпиясын ашу оқиғасына ұқсастығы қиянатты білдіреді. Лұтқа қонақ ретінде жас және әдемі адамдар кейпіндегі илаһи періштелер кірген кезде, Лұттың әйелі жұбайының, Алланың пайғамбарының, тілегіне қарсы болып, оның сырын ашып, жұртқа қонақтардың келгенін жеткізді. Луттың зұлым қауымы оған қарай асыға жөнелді. Зұлым адамдар қонақтарына шабуыл жасайды деп алаңдап, хазірет егер олар мазаламаса, қыздарың оларға тұрмысқа беруге дайын екенін айтты. Сонда Лұт оларға былай деді: «Әй халқым! Мына қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Алладан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?».(«Һуд» сүресі, 78-ші аят).
Бұл оқиға «Ағраф» сүресінің 80-84 аяттарында былай баяндалған:
«Хазірет Лұт сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?» деді. «Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер». Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады. Сонда хазірет Лұтты және отбасын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды. Оларға бір жаңбыр (тастан) жаудырдық. Күнәкарлардың соңының қалай болғанын көр!»
Лұттың әйелі күйеуіне араздық пен екіжүзділік білдіруі және мұраттарына опасыздық жасауының салдарынан илаһи мейірімнен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге бір топ адасқандармен Алла Тағала тарапынан азапқа ұшырады.