Сәу 07, 2022 14:10 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 871-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Ғафир" сүресінің 69-72-аяттарына құлақ түріңіздер:

«أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِینَ یُجَادِلُونَ فِی آیَاتِ اللَّـهِ أَنَّى یُصْرَفُونَ»، «الَّذِینَ کَذَّبُوا بِالْکِتَابِ وَبِمَا أَرْسَلْنَا بِهِ رُسُلَنَا فَسَوْفَ یَعْلَمُونَ»، «إِذِ الْأَغْلَالُ فِی أَعْنَاقِهِمْ وَالسَّلَاسِلُ یُسْحَبُونَ» «فِی الْحَمِیمِ ثُمَّ فِی النَّارِ یُسْجَرُونَ»

Аяттардың аудармасы: (Мұхаммед Ғ.С.) Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырылады? (69) Сондай осы Кітапты, елшілерімізге жібергендерімізді жасынға шығарғандар, олар жедел біледі. (70) Сол уақытта олардың мойындарында ажырғылар, боғаулар болған түрде сүйреледі. (71) Қайнап тұрған суда болып, сосын отқа жағылады. (72)

Бұл аяттар пайғамбарлар мен илаһи кітаптардың дәлелдерін қабылдаудан бас тартып, әрдайым хақпен жауласып, мойынұсынбайтын адамдар жайлы.  Хаққа қарсы шығып, қырсыққан адамның тура жолдан тайып, адасатыны анық. Мұның нәтижесі бұрыс жолға түсіп, адасудан басқа ештеңе емес.

Тарих бойында хақпен жауласудың тамыры кейде ұлы тұлғалар мен бұрынғылардың істерін көз жұма қайталау, олардың идеологиясына жөнсіз де көзсіз сену, кейде пайғамбарлар мен олардың жақтастарына мойынсұнбай, қырсығудан басталды. Мұндай адамдар хақты іздеп, хақ сөзді қабылдаудың орнына өздеріне ұнамаған нәрселерді теріске шығарады. 

Әрине егер адам шынайы түрде хақты іздеп, оны таппаса, Алланың алдында кешіріледі. Бірақ егер хақты түсініп, оған қарсы шығып, теріске шығарса, ауыр жазаға ұшырайды. Өйткені ол адамдық аясынан шығып, адамды хайуаннан бөлектеп тұратын ақылды жауып тастайды.

Әрине күпірлік пен ширк – Аллаға серік қосу осы дүниеде жазаланбайды. Сонда адамдар иман таңдауда қарсыласпай және мәжбүрленбей, өз еркімен дұрыс жолды таңдайды.  Алайда адам қай жолды таңдаса да, қандай іс істесе де, оның нәтижесі мен салдары оның ықтиярында емес. Сол себепті  Алланың жазғаны бойынша, егер адам қыңырлық пен соқыр сенімге сүйеніп, күпірлік жасаса, оның барар жері – тозақ. 

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Бағзы заманда илаһи пайғамбарларға қарсы шығып, жолдан тайған ұлттардың тағдыры мен тарихын зерттеу – Құранда айтылған кеңестердің бірі.
  2. Қатерлі іс – хақпен жауласу. Адам хақты түсініп тұрып, оны аяқ асты етсе, сол жаман.
  3. Тозақта болатын түрлі азаптарды баяндау – адамға өз ісіне абай болып, мына дүниедегі іс-әрекеттерінің жауапсыз қалмайтынын ескерту. 
  4. Кәпірлердің тәкаппарлығы мен өз-өздерін артық санауы Қиямет күнінде олардың қор болып, рәсуасы шығуына әкеліп соқтырады.

 

"Ғафир" сүресінің 73-74-аяттарына құлақ түріңіздер:                                             

«ثُمَّ قِیلَ لَهُمْ أَیْنَ مَا کُنتُمْ تُشْرِکُونَ»، «مِن دُونِ اللَّـهِ قَالُوا ضَلُّوا عَنَّا بَل لَّمْ نَکُن نَّدْعُو مِن قَبْلُ شَیْئًا  کَذَلِکَ یُضِلُّ اللَّـهُ الْکَافِرِینَ»

Аяттардың аудармасы: Сосын оларға: “Алладан өзге ортақ қосқан нәрселерің қайда?”,-делінеді. (73) Олар: “(Өзгелер) бізден ғайып болды. Бәлкім біз бұрын еш нәрсеге шоқынбаушы едік” дейді. Алла кәпірлерді өстіп тентіретеді. (74)

Алдыңғы аяттарда Қиямет күні кәпірлерге берілетін азаптар жайлы айтылған. Аяттардың жалғасында былай делінген: мүшріктер мен қылмыскерлер қашып құтыла алмайтын тозақ оты арасында олардан былай деп сұралады: Құдайдың орнына табынып, істердің шешімін табуда Оған серік қосқан нәрселерің қайда? Шақырғандарыңа келіп, сендерді тозақ отынан құтқарады деп сенген пұттарың неге сендерге көмекке келмейді?

Олар мойындары салбырап: "Біз табынған нәрселер не өлді, не біз сияқты тозаққа тап болды. Қалай болғанда да, олардан хабар жоқ, жоғалып кеткен сыңайлы. Біз оларға бүгін бізге қолдау көрсетіп, көмекке келеді деп сеніп табындық. Бірақ олай болмай шықты. Біз тіпті оларға табынбағандаймыз. Олар табынуға тұрарлық нәрсе болмай шықты. Қазір олардың қиял мен елестен басқа ештеңе емес екені анық. Біз оларды шын деп ойлаппыз",-деп жауап береді.

Шын мәнінде мұндай мойындаулар мен теріске шығарулар Қияметте көмектеспейді. Және қылмыскерлерге еш пайда әкелмейді. Өйткені күпірлік пен серік қосудың нәтижесі – адасу. Ақырында олар тозақ отанына жіберіледі.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Қиямет – ақиқаттар ашылатын күн. Онда бәрі анық. Ол күні кәпірлер мен мүшріктер өздерінің адасқандарын түсінеді.
  2. Күнәні мойындау немесе оны теріске шығарудың Қиямет сотында еш әсері болмайды. Өйткені Алла олардың ішкі дүниесінен хабардар. Соның негізінде үкім шығарады.
  3. Жетекшілік немесе адасушылық – адамның таңдаған жолы мен істеген істерінің нәтижесі.

 

 "Ғафир" сүресінің 75-76-аяттарына құлақ түріңіздер:                                             

«ذَلِکُم بِمَا کُنتُمْ تَفْرَحُونَ فِی الْأَرْضِ بِغَیْرِ الْحَقِّ وَبِمَا کُنتُمْ تَمْرَحُونَ»، «ادْخُلُوا أَبْوَابَ جَهَنَّمَ خَالِدِینَ فِیهَا فَبِئْسَ مَثْوَى الْمُتَکَبِّرِینَ»

 

Аяттардың аудармасы: “Бұл сендердің жер жүзінде орынсыз мәз болып, масайрауларыңның салдарынан.” (75) Оларға: “Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есігінен кіріңдер. Тәкаппарлардың орны нендей жаман!” (76)

Бұл аяттарда осы топтың бәлеге ұшырауының себебіне тоқталып, былай дейді: Олар осы дүниеде Алла мен Қиямет күнін теріске шығарып, нәпсіқұмарлыққа салынып, есепсіз шалқып, күнәға толы сауық-сайранға салынып, мақрұмдар мен әлсіздерді қысымға алудан ләззат алып, күнә жасап, заң бұзғанға қуанады. Тәкаппарлық, ғапылдық пен нәпсіқұмарлыққа толы мұндай қуаныштар адамды Құдайдан алшақтатып, шындықты түсінуден ғапыл қалдырады. Бірақ Қиямет күнінде осы тәкаппарлық оларды осындай қорлыққа ұшыратты. Олар осы нәпсіқұмарлықтың жазасын тозақта өтеуі керек.

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Ислам салауатты да халал сауық-сайранға қарсы емес. Бірақ күнә мен жағымсыз әрекеттерге толы шаттық пен ойын-сауыққа тыйым салады.
  2. Кәпірлердің қазіргі қуанышы Қиямет күні олардың сорлап, зарлауына алып келеді.
  3. Қуаныш пен ойын-сауық та хақ және жалған тұрғысынан бағаланады. Мысалы, бұзақылық және нәпсіқұмарлық, басқалардың құқығына қол сұғу, әлсіздерді келекелеп, қорлау және басқа да қылмысты әрекеттерге негізделген жалған қуаныш пен сауық-сайран Аллаға қарсы шығу болып саналады.

 

Бүгінгі бағдарлама өз мәресіне жетті. Сіздерді бір Аллаға тапсырамыз.