Maм 22, 2022 21:05 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (12)

"Бақара" сүресінің 6-шы аяты: إِنَّ الَّذِینَ کَفَرُواْ سَوآءٌ عَلَیْهِمْ ءَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لَا یُؤْمِنُونَ‏

 

«إِنَّ الَّذِینَ کَفَرُواْ سَوآءٌ عَلَیْهِمْ ءَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لَا یُؤْمِنُونَ‏»

(Мұхаммад с.ғ.с.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді.  

Бұл аят тақуаларды таныстырғаннан кейін, ақиқат сөздің оларға әсер етпейтіні және иман келтірмейтіні соншалық, қаскүнемдікке, қыңырлыққа душар болған кәпірлерді таныстырады.

«Куфр» кәпірлік араб тілінде жабу және елемеу дегенді білдіреді. Нығметке күпірлік – нығмет пен шүкіршілікті елемеу дегенді де білдіреді. Кәпір – ақиқатты жасырып, оны елемейтін адам. Алла қаласа, барлық адамдар иман келтіруі керек еді, бірақ мәжбүрлі сенімнің құны жоқ, ал Алла Тағала адам баласының өз еркімен сенуін қалаған. Сондықтан барлық адамдар иманды, тақуа болуын күтуге болмайды.

Осы аяттың  сабақтары:

  1. Опасыздық пен ырымшылдық адамды тас пен ағаш сияқты ақыл-кеңеске немқұрайлы қарайтын дәрежеге дейін тоңдырады.
  2. Халық ақиқатты қабылдамаса, пайғамбарлардың шақыруы да нәтиже бермейді. Пайғамбарлардың шақыруы жаңбыр сияқты, жерге жаңбыр жауса гүлдейді, ал тұзды жерлерге жаңбыр жауса тікенектер мен қоқыс алынады.
  3. Кәпірлердің иман келтірмейтінін білсек те, парызымызды өтеп, ескертуіміз керек.