Маусым 16, 2022 01:07 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 873-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Ғафир" сүресінің 82ятына құлақ түріңіздер:

«أَفَلَمْ یَسِیرُوا فِی الْأَرْضِ فَیَنظُرُوا کَیْفَ کَانَ عَاقِبَةُ الَّذِینَ مِن قَبْلِهِمْ کَانُوا أَکْثَرَ مِنْهُمْ وَأَشَدَّ قُوَّةً وَآثَارًا فِی الْأَرْضِ فَمَا أَغْنَى عَنْهُم مَّا کَانُوا یَکْسِبُونَ»

 

Аяттардың аудармасы:  Олар жер жүзінде кезбеді ме? Сонда өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Олар, бұлардан көп және күшті әрі жер жүзінде қалдырған деректері мықты еді. Сонда да табыстары олардың істеріне жарамады. (82)

Адамзат тарихын екі қалыпта зерттеуге болады: бірі – тарихи оқиғалар жазылған еңбектер, екіншісі – Жер планетасының түрлі аймақтарынан табуға болатын көне өркениеттерден қалған ескерткіштер.

Құранның бұл аятында залымдарға: "Егер ісіңіздің соңын көргіңіз келсе, Жер шарын аралап, залымдардың ақыры не болғанын көрген жеткілікті. Алпауыттар жермен-жексен етілді. Олардың сарайлары қирады. Қуатты әскерлері күзгі жапырақтай жер жастанды",-делінген. Мысыр перғауыны мен оның әскери күш-қуаты оларды Ніл өзеніне батып кетуден құтқара алды ма? Биік таулардың ортасындағы мықты қамалдар мен бекіністер олардың тұрғындарын Алланың еркінен құтқара алды ма?

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Құранда ескі жазбаларды оқу қалыбында болса да, бұрынғылардан қалған ескерткіштер мен үйінділерді тамашалау болса да, өткен тарихты зерттеуге кеңес берілген.
  2. Қолда бар билік пен дамыған мүмкіндіктерге сүйеніп, Алланың еркі мен құдіретіне бас имей тәкаппарлану – әрдайым залымдар ұрынатын қатер.
  3. Адамзат өркениеттерінің құлдырау себептерінің бірі – олардың Алла елшілерінің тағылымдарымен күресуі.
  4. Билік, әскери күш пен адамзаттың дамыған мүмкіндіктері Алланың қаһарына кедергі бола алмайды.  

 

"Ғафир" сүресінің 83-аятына құлақ түріңіздер: 

اکنون به تلاوت آیه 83  از سوره غافر گوش می‌سپاریم:

«فَلَمَّا جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِالْبَیِّنَاتِ فَرِحُوا بِمَا عِندَهُم مِّنَ الْعِلْمِ وَحَاقَ بِهِم مَّا کَانُوا بِهِ یَسْتَهْزِئُونَ»

 

Аяттардың аудармасы: Өйткені оларға, елшілері, мұғжизалармен келгенде, өз қастарындағы білімге мардамсыды да ажыуалаған нәрселері бастарына жетті. 

 

Алдыңғы аяттың жалғасында былай делінген: Билік пен әскери күшке сүйенген залым билеушілер  білім мен тәжірибе Алланың қаһарына кедергі болады деп ойлаған. Сондықтан Алла елшілерінің тағылымдарына қарсы тұрып, олардың бір Алла мен қиямет күн туралы сөздерін масқаралаған. Олар ғылымға қатты сеніп, діни сенімдерді адамзат ғылымымен дәлелденбейтін негізсіз ырымдар деп атады.

Алайда Құдай қалаған кезде олар оның еркіне бір сәтке де қарсы тұра алмады. Олардың ғылымы мен білімі, күш-қуаты мен мүмкіндіктері Алланың қаһарынан жойылды. Басқа сөзбен айтқанда, түкте емес деп санаған нәрсе олардың түбіне жетті.

Шын мәнінде Құран тұрғысынан адамдардың жолдан тайып, бақытсыздыққа ұшырауының басты себебі – тәкаппарлық. Тәкаппарлық ақшаның молдығынан, әскери күштің көптігінен, ғылым мен білімнің жоғарылығынан туындауы мүмкін.

Қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан дамыған қоғамдарда ғылыми тәкаппарлықтың тірі үлгісін көріп отырмыз. Соңғы ғасырларда діннен бас тартып, атеистік мектептерге бет бұрудың бір себебі ғалымдардың бір тобы ұрынған ғылыми мақтаныш деп айтуға болады. Олар табиғаттың құпияларын ашып, ғылымның түрлі салаларында жетістікке жеткендеріне масаттанып, тәкаппарланғаны соншалықты, діни құндылықтар мен принциптерді теріске шығару жолына түсті.   

Адамзат баласының ғылыми тәкаппарлығының белең алғаны соншалықты, уәһиден бастау алған ғылым мен өміршең хабардарлықты теріске шығарып, мазақ етті. Олардың айтуынша, ғылым гүлденген кезде пайғамбарлардың тағылымдары қажетсіз болып қалады. Олар дін мен пайғамбарлардың тағылымдарын адам өмірінен ысырып шығардық деп ойлайды.

Бұған қарамастан, адамның мастығы мен тәкаппарлығы ұзаққа бармады, басқа факторлар қабаттаса әсер етіп, осы негізсіз түсініктердің ойранын шығарды.  Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар көрсеткендей, ғылыми-өнеркәсіптік жетістіктер адамзат баласын бақытты етпегені былай тұрсын, оны басқа кезден көбірек құзға жақындата түсті. Сондай-ақ  ақлақтық және әлеуметтік азғындықтың түрлері, тәртіпсіздіктер, қырып-жоюлар, психологиялық аурулар, қатыгездік пен басқыншылық таралғаннан кейін адамзат баласы ғылыми жетістіктердің жалғыз өзі жаңа дәуірде туындаған мәселелердің алдын алуға қауқары жетпейтінін, керісінше кейбір тұрғыдан қиыншылықтарды арттыра түсетінін түсінді.

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Пайғамбарлардың сөздері мұғжизалар және дәлелдермен қатар жүреді.  Ақиқат іздейтін әр адам мұны қабылдайды.
  2. Егер адам аз ғана ғылымға мақтанатын болса, ғылыми тәкаппарлық ақиқатты қабылдауға кедергі болады. Ғылым мен тәжірибе илаһи тағылымдардың орнын баса алмайды, адамды уәһимен келген нұрлы ілімге қажеттіліктен босата алмайды.  
  3. Өз біліміне тәкаппарланудың нашар салдарының бірі – илаһи тағылымдарды қорлау және келемеждеу.  
  4. Осындай ауруға шалдыққан адамдар илаһи кітаптарға негізделген Алланың шексіз іліміне қарсы тұра аламыз деп ойлайды.
  5. Алланың тағылымдарына қарсы тұрған өркениеттер құлдырап, жойылады.

"Ғафир" сүресінің 84-85-аяттарына құлақ түріңіздер: 

 

«فَلَمَّا رَأَوْا بَأْسَنَا قَالُوا آمَنَّا بِاللَّـهِ وَحْدَهُ وَکَفَرْنَا بِمَا کُنَّا بِهِ مُشْرِکِینَ»، «فَلَمْ یَکُ یَنفَعُهُمْ إِیمَانُهُمْ لَمَّا رَأَوْا بَأْسَنَا  سُنَّتَ اللَّـهِ الَّتِی قَدْ خَلَتْ فِی عِبَادِهِ وَخَسِرَ هُنَالِکَ الْکَافِرُونَ»

 

Аяттардың аудармасы: Ал енді азабымызды көргенде: “Жалғыз ғана Аллаға сендік. Сондай-ақ Оған ортақ қосқан нәрселерімізге қарсы келдік” дейді. (84)

Бірақ, азабымызды көргендегі сенімдері оларға пайда бермейді. Өйткені, Алланың құлдарына байланысты болып, келе жатқан жолы осы. Бұл жерде кәпірлер зиян көреді. (85)

 

"Ғафир" сүресінің соңғы аяттарында тәкаппар болып, ақиқатты қабылдағысы келмей, пайғамбарлардың тағылымдарына қарсы тұратын адамдардың ақыры жайлы айтылып, былай делінген: «Осы тәкаппар адамдар дүниеге Алланың азабы түскенін көрген кезде өздерінің әлсіз тіршілік иесі екенін түсініп, өз істегендеріне өкініп, бас иеді. Олар күпірліктен бас тартып, енді бір Аллаға иман келдіртік, оған серік қосқанымызға өкінеміз деп мәлімдейді».

Мұндай иманның қорқыныш пен қобалжудан туындағаны анық. Сондықтан ешқандай құны жоқ.

Мысалы, Құран Мұса мен перғауын жайында былай дейді: Перғауын суға батып бара жатып, иман келтірген екен. Бірақ оның иманы қабылданбайды. Өйткені ол әлсіздіктен иманға бет бұрды. Онда ешқандай таңдау жолы болмады. Иман тек адамның ерік-жігері мен ықтиярынан шықса ғана құнды. Адамның басқа таңдауы бола тұра иман келтірсе, оның иманы құнды болады.  

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Тәкаппар, қырсық та асау адамдар  Алланың қаһарын көрмейінше иман келтірмейді. Бірақ бұл иман оларға пайда әкелмейді.
  2. Иманның құны адамның ерікті таңдауына байланысты. Қорқыныш, қобалжу және әлсіздіктен иман келтірудің құны жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, төтенше жағдайда иман келтіргеннің пайдасы болмайды.
  3. Өмірдегі шынайы зиян – жалғанның жолында күпір болып өлу.

 

Бүгінгі бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз!