Қаз 03, 2022 17:14 Asia/Almaty
  • Жыл ұранына арналған (6): Иранның ішкі өндірістік мүмкіндіктері

Ислам революциясы жетекшісі хиджра-шамси күнтізбесінің биылғы 1401 жылын «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атады.

 

Медициналық құрал-жабдықтар – адамзат қоғамының өсуімен   дамып келе жатқан салалардың бірі. Медициналық құрал-жабдықтардың нарықтық құны 500 миллиард доллардан асады. Бұл саланың кірісі егде жастағы халық санының өсуіне, сондай-ақ коронавирус сияқты аурулардың таралуына байланысты өседі деп күтілуде. Қазіргі уақытта бұл үлкен нарықта 39 пайыз үлесімен АҚШ ең үлкен үлеске ие болса, одан кейін Германия, Жапония және Қытай келеді. Маңызды жайт, медицина саласы өнеркәсібі дамыған елдердің бақылауындағы салалардың бірі, әсіресе медициналық құрал-жабдықтар алдыңғы қатарлы елдерде өндіріліп, экспортталады.

Иран Ислам Республикасы медициналық құрал-жабдықтарды өндіруге инвестиция салды, бірақ бұл саладағы өсім жоғары деңгейде емес. Қазіргі уақытта Иран бір рет қолданылатын медициналық өнімдерді өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ету шегіне жеткен санаулы елдердің бірі. Соңғы түсініктемелер бойынша және қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, қазіргі уақытта бұл салада 510-ға жуық компания жұмыс істейді. Бұл алдағы жылдары білімге негізделген компаниялардың дамуымен өсуі мүмкін. Иранның медициналық құрал-жабдықтар нарығының өсу қарқыны 9,1 пайызды құрап, дүние жүзіндегі орташа көрсеткіштен жоғары. Иранның медициналық құрал-жабдықтар нарығының сыйымдылығы 7 миллиард доллардан асады, оның 2 миллиардқа жуығы импорт арқылы жеткізілсе, 5 миллиард доллары отандық компанияларда өндіріледі. 2017 жылы медициналық құрал-жабдық экспортының көлемі 24 миллион долларды құраса, Иранның медициналық жабдықтары әлемнің 55-ке жуық еліне экспортталды.

82 миллион  халық саны, өмір сүру ұзақтығының артуы және Таяу Шығыстағы ең көп ауруханалардың болуы болашақта медициналық көмекке деген қажеттілікті арттыратын факторлардың бірі болып табылады. Бұған қоса, Иран үкіметі денсаулық сақтау саласының бюджетін жыл сайын ұлғайтады. Иранда сауықтыру туризмі де дамып, көршілес елдер мен аймақтың көп бөлігі Иранға емделуге келеді.

Иран аймақтағы ең үлкен бесінші медициналық жабдықтар нарығына ие. Дегенмен, Иранның ең үлкен проблемасы – АҚШ санкциялары. ИИР медицина саласына шетелдік инвестицияны құптаса, санкциялар оған кедергі келтіреді. Иранның медициналық қажеттіліктерінің үлкен бөлігі де экспорт арқылы қанағаттандырылуы керек, бірақ АҚШ санкцияларының тізімінде тұрған медициналық жабдықтар Иранға экспорттау үшін Қазына министрлігінен лицензия алуы керек. Вашингтон бұл мәселеде айтарлықтай кедергі жасады.

 

Ирандағы фармацевтикалық өнеркәсіп

Дәрі-дәрмек және фармацевтика өнеркәсібі әлемдегі IT және мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінен кейінгі ең табысты және болашаққа бағытталған үшінші сала болып табылады. Дүниежүзілік фармацевтикалық табыс 2019 жылы 1,25 триллион доллардан асады деп бағаланды. Бұл көрсеткіш 2024 жылға қарай 1,59 триллион долларға дейін өседі деп күтілуде. АҚШ 2019 жылы осы саладан 490 миллиард доллардан астам табыс тапқан әлемдегі жетекші фармацевтикалық ойыншы, ал Еуропа шамамен 195 миллиард доллармен одан кейінгі ең жоғары табыс бойынша екінші орында.

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1337 жылынан бастап Иранда отандық фармацевтикалық дауыттардың құрылуы елдің фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағытында жасалған маңызды қадам болды. Отандық өндіріс компанияларының трансұлттық компаниялармен бәсекелесу үшін жасаған мақтауға тұрарлық талпыныстарына қарамастан, Иранның фармацевтикалық нарығының серпіні іс жүзінде шетелдік компаниялардың қолында болды. Трансұлттық компаниялардың іс-әрекетінің басым бөлігі Иранға дәрі-дәрмек импорттау саласында болды және олар өздерінің ирандық бөлімшелерінде аз ғана мөлшерде дәрі шығарды. Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрлігі жүргізген зерттеулерге сәйкес, Ислам революциясының жеңісіне дейінгі жылдарда елдің фармацевтикалық нарығындағы отандық өнімнің үлесі ең оптимистік жағдайда ең көп дегенде 25 пайыз болды және елде өндірілген дәрілердің көбі шетелдік компаниялардың лицензиясымен шығарылды.  

Ислам революциясының жеңісінен кейін елдің фармацевтика өнеркәсібін ұлттандыру бағытында маңызды қадамдар жасалды. Соның негізінде халыққа  ең қажетті дәрі-дәрмектер ең төмен бағамен қамтамасыз етіліп, отандық өндірістің мүмкіндігіне баса назар аударылды. Ұлттандырылған фармацевтикалық кәсіпорындарды жаңа атаулармен атап,  өндірісті ұлғайтуды   елдің фармацевтикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ең қажетті шаралардың бірі деп санауға болады. Жаңа фармацевтикалық бөлімшелерді құруды  бұл салада өзін-өзі қамтамасыз етудің негізгі шараларының бірі ретінде қарастыруға болады. Отандық фармацевтикалық компаниялардың барлығы революцияның бірінші онжылдығында ашылды және қазіргі уақытта Ирандағы ең сенімді фармацевтикалық компаниялардың бірі болып саналады. Бүгінде дәрі-дәрмектің 95 пайыздан астамы ел ішінде ирандық мамандармен жасалады. Қазіргі уақытта Иранда көптеген негізгі және стратегиялық дәрі-дәрмектер шығарылады. Тіпті дәрі-дәрмектің көптеген шикізаттары мен орауыш материалдары іштей қамтамасыз етілген. Фармацевтика өнеркәсібі – санкциялар жағдайында дами алған санаулы салалардың бірі және осы саладағы әлемнің жеті елінің бірі. Бұл тұрғыдан алғанда, Иран әлемде дамып келе жатқан ел болып саналады.  

 

Ирандағы денсаулық сақтау өнімдерінің әлеуеті

Медицина саласына қоса, әлемде де, Иранда да денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, біз жуғыш заттар өнеркәсібіне сілтеме жасай аламыз. Жуғыш заттар тез тұтынылатын өнімдердің бірі болып саналады.  Нұсқасыз сатылатын сусындар, жуғыш заттар, тағамдық қоспалар және кейбір дәріхана өнімдері тез бұзылмайтын тауарлар болып саналады. Әлемдегі адамдардың 80 пайыздан астамы жуу және тазалау үшін сұйық және ұнтақ жуғыш заттарды пайдаланады. Дүние жүзіндегі адамдар арасында тазалыққа мән беру жуғыш заттардың әртүрлі түрлеріне үлкен сұраныс тудырды. Осыған сәйкес, бұл өнімдердің күшті қосындылары бар және әртүрлі түстері мен жаңа эссенциялары бары кеңіне әлемдік нарыққа шығады. Өмір салтын өзгерту және отбасы мүшелерінің бос емес болуы нарықтағы осы сектордың негізгі драйверлері болып табылады. Осы себепті жуғыш ұнтақ өнімдерінің сатылымының артуы алдағы жылдары күтілуде. Бұл саланың нарық көлемі 2019 жылы 117 миллиард долларды құрады және 2026 жылға қарай 70 пайыздан астам өсіммен 180 миллиард доллардан асады деп болжануда. Америка мен Қытай жуғыш заттар өнеркәсібін өндіру және экспорттау бойынша әлемде бірінші орынға ие.

Иранда жуғыш ұнтақтардың алғашқы өндірісі 1332 жылы басталды, сөйтіп  бұл саланың 70 жылдық тарихы бар екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта Иранда жуғыш заттар саласында 220 өндірістік бөлімше белсенді жұмыс істейді және осы саланың отандық өнімінің 70 пайыздан астамы 15 ірі өнеркәсіптік бөлімшенің қарамағында. Осы 220 кәсіпорынның отандық өндіріс қуаты 4 миллион тоннаға тең, бірақ 1,5 тоннасы ғана өндіріледі, ал қалған өндіріс қуатын пайдаланбаудың басты себептерінің бірі санкциялар. Ішкі нарықтың жуғыш ұнтақтарға деген сұранысының 98 пайыздан астамын отандық өндірушілер қамтамасыз етеді. Орташа алғанда, Иранның жуғыш заттар мен онымен байланысты салалардағы жылдық экспорты шамамен 400 миллион долларды құрайды. Болжамжар болйынша, елдің экспорттық қуаты 1,5 миллиард долларға жетеді. Бұл саланың алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – елдің экспорттық әлеуетін пайдалануға кедергі келтіретін қатыгез санкциялар. Ирандық компаниялар өз өнімдерін көрші елдермен қатар Америка, Канада және Еуроодақ нарықтарына экспорттауда табысқа жеткенімен, санкциялардың шектеулері экспортты қиындатып, олардың барлығы ақшаларын алуда қиындықтарға тап болуда.