Қаз 26, 2022 19:30 Asia/Almaty
  • Ауғанстанға қарсы 20 жылдық басқыншылықтың салдары (7)

АҚШ-тың Ауғанстанға 20 жыл ішінде (2001-2021 жж.) әскери араласуы осы елдің экономикалық саласында бірнеше зардаптарға әкелді, оның ішінде ең маңыздысы Ауғанстанның экономикалық, өндірістік және техникалық инфрақұрылымының жойылуы болып табылады.

 

АҚШ-тың Ауғанстанға 20 жыл ішінде (2001-2021 жж.) әскери араласуы осы елдің экономикалық саласында бірнеше зардаптарға әкелді, оның ішінде ең маңыздысы Ауғанстанның экономикалық, өндірістік және техникалық инфрақұрылымының жойылуы болып табылады. Әрине, бұл инфрақұрылымдарды бастапқы қалпына келтіру бұл елде ондаған жылдарды алады. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі күдікті шабуылдар Ауғанстанда болжамды лаңкестікпен соғысты бастауға сылтау болды, бірақ бұл соғыста ең басынан экономикалық мақсаттар да көзделді. Өйткені, негізінен, Американың көзқарасы әрқашан қауіпсіздік категориясының экономикалық көзқарасына негізделген. Басқаша айтқанда, қауіпсіздік әрқашан АҚШ-тың мақсаттары мен экономикалық мүдделеріне қызмет етеді. Ауғанстанда Америка әу бастан экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуді көздеді. Ауғанстанның бай минералдық ресурстары мен жер асты қорлары АҚШ-ты Ауғанстанға ұзақ мерзімді әскери араласуға ынталандырған күшті тартымдылықтардың бірі болып табылады.

 

Ауғанстан табиғи ресурстарға бай

Егер АҚШ Ауғанстанға тек өзінің қауіпсіздік мәселелеріне байланысты әскери шабуыл жасаған болса, бұл миссия 2001 жылы Талибан үкіметі құлағаннан кейін аяқталар еді. Американдық әскери миссияның басынан бері жағдай күннен-күнге нашарлап, лаңкестер де күшейді. Лаңкестер билікке қол жеткізген кезде АҚШ-тың Ауғанстандағы тірегі де күшейе түсті. Осы аралықта есірткі өндірісі бірнеше есе өсті, оның үстіне Ауғанстанның жер асты кеніштері мен қорлары мен тың табиғи ресурстарының тағдыры туралы хабар болмады. Ауғанстанды 20 жыл әскери оккупациялау кезінде Талибан мен әл-Қаида базаларын жойдық деген талаппен жасалған америкалық әскери ұшақтардың бомбалаулары негізінен Ауғанстанның барлық экономикалық, өндірістік және техникалық инфрақұрылымдарын нысанаға алды. Жиырма жылда Ауғанстан апиынды жаппай өсіретін және осы елдің топырағынан жер асты байлықтарын өндіретін, АҚШ-тың экономикалық дамуының орнына айналды. Кедейшілік пен жұмыссыздықтың артуы, АҚШ-тың экономикалық инфрақұрылымға инвестиция салмауы, Ауғанстанның сыртқы көмекке тәуелділігі, экономикалық өсудің төмендеуі, қаржылық және адами капиталдың қашуы, жеке секторға мән бермеу, жергілікті қажеттіліктерге назар аудармау, экономикалық алшақтықты кеңейту, қаржылық сыбайлас жемқорлықты артуы, есірткі өндірісі мен айналымын кеңейуі АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жыл бойы әскери араласуының экономикалық салдары болып табылады. Ауғанстандағы жиырма жылдық оккупация кезінде экономикалық өсу айтарлықтай төмендеді, ал қауіпсіздіксіздік инвестицияларға кедергі келтірді және халықаралық қолдауды азайтты, халықтың сатып алу қабілетті  төмендетті және  жұмыссыздық пен кедейлікті 70 пайызғы арттырды. Жұмыссыздық пен әкімшілік жемқорлық Ауғанстан халқының басты мәселелерінің бірі. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы   2022 жылдың соңына қарай Ауғанстандағы кедейлік деңгейі 70 пайызға дейін артып, көмекке мұқтаж адамдар саны 18 миллионға жетеді деп болжаған.

Американдық B52 бомбалаушы ұшақтарының Ауғанстанның инфрақұрылымын бомбалауы

2001 жылы Ауғанстандағы Талибан режимі құлатылғаннан кейін Америка Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру үшін миллиардтаған доллар жұмсалды деп мәлімдеді. Ауғанстанның дамуы, мемлекеттік құрылысы және тұрақтылығы үшін миллиардтаған долларлар келіп жатыр делінгенмен, бұл көмектер экономикалық инфрақұрылымға салынбады. Шын мәнінде, көмек көрсетілген ақшаның көп бөлігі құрылыс жобаларында қысқа мерзімде сұраныс пен кірісті арттыруға жұмсалды және Ауғанстан экономикасын тұтынуға, импортқа және сыртқы көмекке тәуелді етті. Ауғанстанға грант түрінде түскен ақша жемқорлықты дамытумен қатар, кәсіпкерліктің де мүмкіндігін азайтты.

Ауыл шаруашылығы Ауғанстан экономикасының негізін құрайды. Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығының капиталды өндіруге және жұмыс орнын құруға мүмкіндігі бар  бір сала болып табылады. Ауыл шаруашылығы Ауғанстанды елдегі тұрақтылыққа және ауғандық үй шаруашылықтарының экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге әкелетін теңгерімді экономиканы дамытуға әкелуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді басқару күштің және қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан бұл сала өзін-өзі қамтамасыз етуге көше алмады. Ауғанстан халқының 80 пайызы ауылшаруашылық қызметіне тікелей немесе жанама тәуелді болса да, американдық дереккөздерге сәйкес, бұл елде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 2018 жылға дейін шамамен 400-500 миллион доллар ғана бөлінген.

Америкалық күштер  Ауғанстандағы апиын плантацияларын қорғады

Ауғанстанның саяси мәселелерін зерттеуші доктор Захра Махмудидің пікірінше, 20 жыл оккупация кезінде Америка басқыншы ретінде ұлттық активтерді талан-таражының алдын алуға, экономикалық өсу мен дамудың бірегей мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ Кабул үкіметіндегі сыбайлас жемқорлық пен оппортунистік элементтердің қоғамдық мүлік пен ауған қазынасын есепсіз заңсыз иемденуіне жол бермеуге жауапты болды. АҚШ Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмағандықтан, қайта құру топтары Ауғанстанға «қауіпсіздікті сатып алу» үшін сыртқы көмектен қыруар қаржы бөлетін.

АҚШ Ауғанстанды басып алғаннан кейін есірткіні өсіру және өндіру кенеттен өсіп, Ауғанстанды осы есірткінің ең үлкен нарығына айналдырды. Ауғанстанда апиын базарлары тез қалпына келіп, апиын бағасы үш есе өсті. Ауғанстанда апиын базарлары тез қалпына келіп, апиын бағасы үш есе өсті. 2001 жылы орта есеппен 68 мың гектарға жуық көкнәр егіліп, 3 мың тонна өнім алынды. Бірақ  АҚШ-тың Ауғанстанға араласуының бір себебі көкнәр өсірумен күрес  аталғанымен, 2001 жылдан 2021 жылға дейін АҚШ Ауғанстанды басып алған кезде апиын орта есеппен 152 000 га жерге егіліп, 5 000 тоннаға жуық өнім жиналды.

Батыс елдері Ауғанстандағы даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін батыс мамандарын шектен тыс пайдаланды және осылайша олардың көмегінің бір бөлігі шетелдік консультанттардың құқығы арқылы донор елдерге аударылды. Басқа жағынан, мұндай тәсіл ішкі сарапшыларды пайдалану және Ауғанстандағы даму үдерісінің маңызды басымдықтарын анықтау ауқымын шектеді. Сондай-ақ Батыс елдерінің көпшілігі Ауғанстанға көмек көрсетуді осы елдер өндірген тауарларды сатып алумен шарттады. Осыған сүйене отырып, жалпы көмектің 60 пайыздан астамы Ауғанстанда нақты пайдаланылмаған деп айтуға болады.