Қар 13, 2022 14:02 Asia/Almaty
  • Жыл ұранына арналған (12): Ирандағы білімге негізделген компаниялар

Қарсыласу экономикасын жүзеге асырудағы және қарсыласу экономикасының жарияланған және революцияның жоғары жетекшісінің экономикалық кеңестерінде қайта-қайта қарастырылған саясаттарындағы негізгі осьтердің бірі білімге негізделген экономика болып табылады.

Қарсыласу экономикасын жүзеге асырудағы және қарсыласу экономикасының жарияланған және революцияның жоғары жетекшісінің экономикалық кеңестерінде қайта-қайта қарастырылған саясаттарындағы негізгі осьтердің бірі білімге негізделген экономика болып табылады. Қарсыласу экономикасын жүзеге асырудағы маңызды нәрселердің арасында осы хабарланған қарсыласу экономика саясаттарының екінші тармағында айтылған ғылымның рөлі бар. Шын мәнінде, қарсыласу экономикасына қол жеткізудің негізгі стратегияларының бірі - білімге негізделген экономика. Сонымен қатар, тәуелді және бір өнімді экономикадан шығудың жолы – ішкі өндіріске әкелетін жергілікті білімге назар аудару. Бұл экспорттың артуына, жұмыс орындарының ашылуына, экономикалық тәуелділіктің болмауына және әртүрлі салалардағы экономикалық өркендеуге әкеледі. Шын мәнінде, қарсыласу экономикасының негізгі іргетасы мен тірегі ғылыми және білімге негізделген экономикаға сүйенетінін айту керек.  

Ислам революциясының  жетекшісінің пікірінше, отандық өндірістің серпілісі білімге негізделген экономика аясында болады. Ол алғаш рет 1379 жылы, яғни 23 жыл бұрын білімге негізделген экономика туралы айтып, былай деді: «Коммерцияландыру мәселесі өте маңызды. Ғылыми-өндірістік тұжырымдар елде байлықты тудыруы керек. 1404 жылға қарай біз ел табысының кем дегенде 20 пайызын білімге негізделген өндірістер мен білімге негізделген кәсіпкерлік қызмет арқылы қамтамасыз ете алуымыз керек». Иран экономикасындағы білімге негізделген өнеркәсіптердің рөліне деген 20 пайыздық сұраныс Жоғарғы көшбасшы алдында білімге негізделген өндірістің орны мен маңыздылығын айқын көрсетеді.   

Білім мен ғылымның елдердің ілгерілеуіндегі орны мен бұл мәселенің бүгінгі индустриялық дамыған елдердің ілгерілеуіндегі дәлеліне қарамастан, дарын және іскер адам ресурстарының болуы Ислам революциясының  жетекшісінің білімге негізделген өндіріске қатысты назар аудартқан тағы бір факторы болып табылады. Бүгінде ИИР әлемдік ғылым жүйесінде жоғары орынға ие болып, ирандық дарындар жаһандық деңгейде жарқырап тұр. Ғылыми ілгерілеу Иран Ислам революциясы мен елдің дана жетекшісінің маңызды және негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Осы себепті олар студенттердің сапарларын әрдайым құптай отырып, елдің басқару құрылымындағы жастарға баса назар аударып, Ислам революциясының екінші қадамы туралы мәлімдемені негізінен Иран жастарына арнады.  

Ислам революциясының  жетекшісінің соңғы 11 жылда сөйлеген сөздерінде  қарапайым ізденіс, оның  ғылым мен білім негіздерін елдің өндірісте пайдалануына кесінде 40-тан астам рет қуатталды. Жоғарғы көшбасшы білімге негізделген өндірісті қарсыласу экономикасын жүзеге асыру және Иранды әлемдік экономиканың шыңына шығару, сондай-ақ жаһандық қастандықтардан сақтандырудың негізгі бөлігі және негізі деп санайды. Сонымен елде экономикалық ілгерілеу және бірөнімдік экономикадан көшу үшін қажетті қуаттар бар деп есептейді.

Иранда білімге негізделген компаниялардың пайда болғанына он жылдан астам уақыт өтті. 1389(2010) жылы «Білімге негізделген компаниялар мен институттарды қолдау және инновациялар мен өнертабыстарды коммерцияландыру туралы» Заңның мақұлдануы үкіметтің соңғы жылдардағы білімге негізделген компаниялар мен мекемелерді қолдау жөніндегі ең ауқымды бағдарламасының бастамасы болды. Білімге негізделген компанияларды қорғау туралы заң бекітілген алғашқы күндерде білімге негізделген компаниялардың саны 55 болған, ал енді 6624-тен астам компанияға жетті. Олар елдің қарсыласу және  білімге негізделген экономикасының өркендеуінде тиімді рөл атқаратын компаниялар. 1400 жылдың соңына қарай  жоғары технологиялық өнімдерді өндіру, өндірісті меңгеру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға негізделген қызметтерді өндіру немесе ұсыну сынды 3 критерий бойынша 6632 білімге негізделген компанияны  құрылды.

Тағы бір айта кететін жайт, білімге негізделген компаниялар 9 технологиялық салада өнім шығарумен айналысады, олар: Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы және тамақ өнеркәсібі, Диагностика және емдеу саласындағы дәрі-дәрмектер мен озық өнімдер, Химиялық технологияларға негізделген озық материалдар мен бұйымдар, Жетілдірілген машиналар мен жабдықтар, Медициналық құрылғылар, жүйелер және жабдықтар, Фотондық электр және электроника, телекоммуникациялар, Ақпараттық технологиялар және компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету байланысы, Коммерцияландыру қызметтері, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың шығармашылық мәдени салалары.  

Ғылым және технология вице-президентінің соңғы статистикасы бойынша, білімге негізделген компаниялардың жалпы саны 6632 компанияға жетті. Бұл компаниялар үш санатқа бөлінеді: стартап, өндірістік және білімге негізделген әлеуетті, олардың әрқайсысында қосалқы санаттар бар. Бұл үш категория бір-бірінен технология деңгейі бойынша ерекшеленеді. Компаниялардың 70 пайызға жуығы өндіріспен айналысады және жақсы технологияға ие. Ең болмағанда сынақ негізінде жоғары технологиялық өнімді шығарған, бірақ табысқа әлі қол жеткізбеген компания стартап-компания деп аталады. Ал бұйым технологиясының күрделілігіне қарай олар 1 және 2 болып екіге бөлінеді. Өзінің білімге негізделген өнімін өндіріп, табыс тапқан компания өндірістік кәсіпорын деп аталады да, өнім түрі мен табыс көлеміне қарай 1 және 2 түрге бөлінеді. Білімге негізделген 6632 кәсіпорынның 130-ы «өндірістік білімге негізделген өндіріс», 689-ы «1-ші типті өндіріс», 3503-і «2-ші типті өндіріс», 166-сы «жаңа құжаттық білімге негізделген» типті, 423 компания «1-ші стартап-типті» және 1721 компания «2-ші стартап-типті» болып табылады.  

Білімге негізделген экономикада жаңа өнімдерді коммерцияландыру бойынша алдыңғы қатарлы елдердің негізгі көрсеткіштерінің бірі стартаптар болып табылады және бұл компаниялар қарсыласу экономикасының ең жақсы көрінісі және ең тиімді құрамдастарының бірі болып саналады. Бұл компаниялардың басқа да мақсаттары – ғылым мен технологиядан байлық жасау, тұрақты жұмыс орнын құру, қосылған құн, білімге негізделген тауарларды өндіру және экспорттау. Елдегі білімге негізделген кәсіпорындардағы жұмыс істейтін халықтың соңғы статистикасы 1398(2019) жылдың жарты жылдығына қатысты, оған 300 мың адам кірді, ал әрбір кәсіпорынның үлесі орта есеппен 60 адамды құрайды. Білімге негізделген компаниялар 1397(2018) жылы 450 миллион доллар экспорттаса, 1399(2020) жылы бұл көрсеткіш бір миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, білімге негізделген компаниялардың жалпы кірісі 1393(2014) жылы 11 мың миллиард түманнан 1397(2018) жылы 90 мың миллиард туманға дейін өсті. Яғни, 1397(2018) жылы әрбір білімге негізделген кәсіпорын орта есеппен 22 миллиард томаннан астам табыс тапқан. Бұл компаниялар бірігіп нарыққа 13 000-нан астам білімге негізделген өнімдерді шығарды.

Ислам революциясы жетекшісінің білімге негізделген экономика мен билік жоспарларына баса назар аударуы ғылымға негізделген компаниялардың Иран экономикасындағы, соның ішінде жұмыспен қамту саласындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл елдің әсіресе назардан тыс қалған немесе санкциялардан зардап шеккен салалардағы өндірістік қуаттарын белсендіруі мүмкін.