Maм 10, 2016 19:01 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Бірнеше аптадан бері Иранның балалар мен жасөспірімдерге арналған кинематографиясы туралы зерттеулерді бастап, кинематографияның осы саласының аталмыш елдегі даму тарихы мен қалыптасуы жайында сөз қозғаған едік.


Осы жұмыстың басынан Иранның балаларға арналған фильм түсіретін кинематографистері арысында білім және тәрбие беру аспектілері қуатталып, режиссерлер басқа мәселелерден көбірек осы аспектіге көңіл бөлді. Дәл осы жағдай көптеген жағымды нәтижелерге алып келді және ислам революциясының алғашқы жылдарынан бастап Иранның балаларға арналған кинематографиясының білім және тәрбие беру құралы ретінде қалыптасуына себепші болып, әлемдік кинематография қоғамының назарына ілікті. Әлбетте балаларға арналған фильмдер міндетті түрде қуаныш, сезім толқуы, әрекет пен махаббаттан кұралуы тиіс және қиял-ғажайып элементтерінің орынды қолданылуы фильмге жағымды және ұнамды реңк беріп, көрермендер назарын өзіне тартуы керек. Иранда балаларға арналған киноиндустрия өзінің тәуелсіз қызметін қысқа метражды және әңгіме-дастан фильмдерінен бастау алып, толық метражды анимациялық және кинотеатр фильмдерін өндіруге бағыт алды. Егер көп кездесетін белгілерге назар аудара отырып балалар мен жасөспірімдерге арналған лайықты, әрі айрықша фильмдерді қарастыратын болсақ, күмәнсіз олардың барлығында жалпы бірнеше, атап айтқанда балалар психологиясының жалпы ұстанымдарының дұрыс сақталуы, баяндау тәсілінің жеңілдігі мен шиелі көріністер көрсетуден тартыну, жағымды, әрі құрылымды қиылға екпін келтіру, балалардың физиологиялық күштерін ескере отырып лайықты мерзім мен фильм ұзақтығын ұстану жатады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдерді түсіруші ирандық танымал кинорежиссерлердің туындыларына қайтадан шолу жасау балаларға арналған кинематографияда аталмыш туындылардың шарықтау және құлдырау кезеңінің аталмыш кинематографияның ортақ критерийлеріне табанды болып, барлық мәселелерден бұрын балалардың ерекше болмысы мен мінез-құлықтарына көңіл аударуына байланысты екенін көрсетті. Ислами революциядан кейінгі Иранның әлеуметтік және саяси жағдайы бұрынғы кездерден өзгеше болды, әрі күтпеген соғысқа тап болған Иран қоғамы лайықты бейне туындының түсірілуін қажет ететін балалар мен жасөспірімдердің үлкен жамағатымен кезікті. Сол жылдары телеарналардың түрлі салаларындағы бағдарламалар жоспарлау саясаты қоғамның сол кездегі шараларына көңіл бөліп, балаларға негізделген арнайы бағдарламаларда қиял-ғажайып пен фантазия аз болды, әрі бірінші кезекті ақиқат пен күн тәртібіндегі оқиғалар көрсетілді. Алайда балалар мен жасөспірімдерге арналған кинематография мен осы сала режиссерлері жағдайымен санасып, есеппен балалар мен жасөспірімдерді қиыл-ғажайып пен фантазияға негізделген жаңа туындылар ұсынылып, балаларға арналған фильмдерді өндіре бастаған. "Пател және кішігірім армандар", "Қуыршақтар ұрлықшысы", "Шәнгүл мен Мәнгүл", "Лилие хузәк", "Қызыл бұлақтың сыры" және "Қара көбелектер алқабы" секілді туындылар сол жылдардағы әдіс-тәсілмен түсірілген фильмдер қатарына кіреді. Осы туындыларда көрініс тапқан қиял-ғажайыптар шытырман оқиғаларды баяндау және балаларды шаттандыру үшін оңтайлы қолданылған. Осы фильмдер балалардың қиялы мен ой-санасын ашық көрсете алатын қасиетке ие және оларды арман мен қиял әлеміне жетелейді. Иран кинематографиясының атақты сыншыларының бірі Ахмад Талеби Нежад былай дейді: «Халық ауыз әдебиеті, ертегілер, аңыздар, тарих және тіпті ирандық жасөпірімдердің әлеуметтік мәселелерін де қызықты, жағымды және шырайлы әңгіме-дастандарда көп кездеседі. Олар үмітті кинорежисерлердің көмегімен осы әлемді балалар үшін төзімді көрсете алады. Бұл іс-шара шамси жыл санағы бойынша 60-70 жж Иранда бар ынтамен жүзеге асырылды және сол заманда осы әдіс-тәсілді қолдана отырып сапасы жоғары туындылардың түсірілуіне себепші болды. Әлбетте ол ирандық кинорежисерлердің сол жылдары жасөспірімдерге арналған туындыларды түсіруде орташа жол ұстанғандарына тоқталды. Осы жас санатының кинотуындылары шынайы, кейде мұңды алайда қызықты әрі тартымды желісімен өрбіген. "Мәджид әңгімелері" осындай туындылардың керемет үлгісі болып табылады». Мәджид әңгімелері телеарнаның тізбекті бағдарламаларының бірі болды. Оның қызықты болуы себебінен бірқатар бөлімдері үлкен экранда көрсетілу үшін түсіріліп, Иранның кинотеатрларында паш етілді. Осы әңгімелердің өзегі Мәджид есімді жасөспірімнің тұлғасы аясында түсірілген. Ол өмір қиындықтарын ерекше әзіл-қалжынмен өткереді. Сол себепті бұл фильм Иран телеарналарының ең сүйікті бағдарламаларының бірі болды. Осы кезеңдегі балалар психологиясын негізгі үш кезеңге, яғни бүлдіршін, балдырған және бозбала деп бөлуге болады. Бұл мәселе адам өмірінің алғашқы жылдары қандай маңызды және сол уақытта түрлі өзгеріске ұшырайтының көрсетеді. Ал енді сіздермен әртүрлі әдіс-тәсілдермен түсірілген ирандық ертегілердің үлгісін, прозалық әңгіме-дастандарды және бірқатар анимациялық, сондай-ақ соның негізінде түсірілген кинематография туындыларын талқылайық. "Шәнгүл мен Мәнгүл" ертегісі Иранның балаларға арналған көне және көркем әдебиеті туындыларының бірі. Ол өзге мемлекеттердің балалар әдебиетінде әртүрлі атаулармен белгілі. Ертегінің өзегі аналары үйінде жоқ кезде қу қасқырдың айласымен қолға түскен үш лақ тағдыры жайлы баяндалады. Қасқыр екі лақты бас салады. Бірақ үшінші лақ қасқырдың тұзағынан қашып құтылып, анасына болған жайтты баяндап береді. Ақылгөй анасы жоспар құрып, қасқырмен қарсыласу барысында балаларын қасқыр ішінен аман-есен құтқарып шығарады. Ертегінің соңында лақтардың бейғамдықтың әсерінен қауіпті жағдайлардың туындайтынын түсінуі мен олардың қуанышты өмірінің баяндалумен аяқталады. Марқұм Ахмад Беһбахани бүлдіршіндер мен балдырғандарға арналған фильмдердің сценаристі болған. Ол "Шәнгүл мен Мәнгүл" ертегісі негізінде түсірілген фильм жайлы: «Біз бұл ертегіні қуыршақтар карикатурасын қолдана отырып, телеарна тізбектеріне жаңа нұсқасын ұсынғанда ең алдымен балалардың қиялына назар аудару керек екенін түсіндік. Бұл ертегінің бірнеше бөлімінен кейін бүлдіршіндер фильмді дем шығармай тамашалайтынын, ал балдырғандар қасқырдың жасаған қылықтарына мәз болып, рахаттанып шаттанғандарын байқадық. Аталмыш ертегі желісімен түсірілген келесі бір нұсқасында қасқыр ебедейсіз, әрі күлкілі бейнеленген. Алайда ертегінің бұл нұсқасы балдырғандарды қызықтырмады, тек бүлдіршіндердің назарын баулыған" – деді. Жүргізілген тәжірибер бүлдіршіндердің қиялы өте мықты екенін көрсетіп, олардың қиялын толықтай пайдалану және осындай үлгідегі ертегілерді баяндау аталмыш жазушының мақсаты болып, оқиғалардың бөлімдерін дұрыс, әрі айтқысыз етіп түсіру туындының негізгі өзегі мен ойын түсінуге өз септігін тигізді. Осылайша өнерпаздардың міндеті тек осы қиял күшін балаларда жаңғыртып, оны қостау болды. "Тышқандар қаласы", "Гүлнар", "Асбұршақ" фильмдері бүлдіршін жас санатындағы топқа, ал "Аталар медресесі", "Әлемнің ең күшті әкесі", "Қоңыздар апасы" туындылары балдырған санатындағы балаларға арналған туындылар болып табылады. Шын мәнісінде Иран кинематографистері балалар қиялы күшін ынталандыруда біршама табысқа жетіп, Ислам революциясына дейінгі кезеңдегі балалар кинематографиясына қарағанда бұл сала үлкен қадамдар жасады. Алайда кинематографияның анимация түсіру саласында қызмет атқарған тұлғалар табысқа көбірек қол жеткізген. Ваджиеолла Фард Моқаддам, Әбәдолла Әлимурад және Фарханде Тараби секілді тұлғалар Ислам революциясынан кейінгі жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған кинематография саласында атақты туындыларын түсірген және осы салада сапасы жоғарғы фильмдер өндірген ирандық аниматорлар болып есептеледі. Әдебиет пен Иранның көне мәдениетін өз қызметтерінде пайдалану ислами және ирандық әңгіме-дастандарды көркем бейнелеуіне септігін тигізді. Бұл туындылар көптеген көрермендердің назарын тартып қана қоймай, бәлки ислами және ирандық әдеп пен мәдениетке қайта оралуға негіз болған. Дәл осы іс-шара сексенінші жылдардан кейін жас кинорежиссерлерді ирандық ертегілер сюжетімен фильмдер түсірудің себепшісі болып, "Күн мен Джамшид", "Самұрық жүрегі", "Теһран 1500" және "Соңғы елші" сынды туындылар жарық көрген. Әлбетте егер осы үдерісті талқылайтын болсақ, Иранның компьютерлік ойындары соңғы жылдардағы Иранның қаһармандар өмірі мен әңгімелері негізінде өндірілген. Әрі осы ойындар халықаралық аренада да бірашама табысқа жеткен. Мұның өзі соңғы жылдарда режиссерлердің көмегімен жүзеге асқан қисынды іс-шара болып есептеледі. Жоғарыда айтылған сөзді қорытындылай келетін болсақ, Иран кинематографиясында соның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған туындыларда қиыл мен арман күшін айқын түрде көрсету қуатталып, осы салада шынайы және сапасы жоғары фильмдердің ұсынылғанын айтып өткен жөн. Осы туындылар статистика тұрғысынан төмен болғанымен, сапасы жағынан жоғары табысқа жеткен. Ал тек жүгенсіз қиялды қолданылып, балаларға тәлім-тәрбие бермейтін туындылар аз кездеседі. Жоғарыда аталып өткен туындылар Иранның балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің ортақ өзегін қамтиды, әрі осы мемлекеттің көне және қазіргі кезеңнің балалар әдебиетімен тығыз байланыста екенін көрсетеді.