Құраннан үйренейік (30)
"Бақара" сүресі 25-ші аят: «وَ بَشِّرِ الَّذِینَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ الصَّلِحَتِ أَنَّ لَهُمْ جَنَّتٍ تَجْرِى مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَرُ کُلَّمَا رُزِقُواْ مِنْهَا مِنْ ثَمَرَةٍ رِّزْقاً قَالُواْ هَذَا الَّذِى رُزِقْنَا مِن قَبْلُ وَأُتُواْ بِهِ مُتَشَبِهاً وَلَهُمْ فِیهَا أَزْوَ جٌ مُّطَهَّرَةٌ وَهُمْ فِیهَا خَلِدُونَ»
"(Мұхаммад с.ғ.с.) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады".
Кәпірлерді от пен тозақпен қорқытқан алдыңғы аяттан кейін бұл аят осы екі топтың тағдырын салыстыру арқылы ақиқат айқынырақ болу үшін мүміндердің соңын баяндайды. Әрине, иман салих амалдармен бірге болса пайдалы. Тек сенім немесе тек амал адам бақытына кепілдік бермейді. Иман ағаштың тамыры сияқты, ал жақсы амал оның жемісі. Тәтті жемістердің болуы тамырдың денсаулығының және күшті тамырдың болуы сау жемістердің себебі болып табылады. Имансыз адамдар кейде игі істер жасайды, бірақ иман олардың болмысының тереңінен орын алмағандықтан, ол тұрақты болмайды.
Қиямет күні мүміндердің мекені – жәннәт. Оның бақтарында күз болмайды, әрқашан жасыл желекке, жеміс-жидек пен суға толы, балғындық пен сергектіктің қайнар көзі үздіксіз ағып тұрады. Жұмақтағы жемістер сыртқы түрі жағынан дүниелік жемістерге ұқсас болғанымен, дәмі мен хош иісі жағынан мүлде басқа және ерекше.
Қиямет күні ұрпақ болмайды, бірақ адам әйелге және серікке мұқтаж болғандықтан, Алла Тағала жәннат тұрғындарына жұмақтық жұбайларды жаратты, олардың басты қасиеті тазалық.
Құранның осы аят сияқты көптеген аяттарында бақ, сарай, әйелдер сияқты жәннаттағы материалдық нығметтерге тоқталғанымен, осы мәселелермен қатар басқа аяттарда рухани нығметтерге де сілтеме жасалған. "Тәубе" сүресінің 72-ші аятында жәннаттың материалдық нығметтерін "Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жаннатында, көркем орындар уәде етті…" деп айтқаннан кейін былай дейді: "...Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы, үлкен қол жетушілік". Сондай-ақ «Бәйинә» сүресінің 8-аятында: «Алла олардан разы, олар да Алладан разы",- деп айтылды.
Құранда жәннаттың нығметтері туралы айтылғандар жәннәт тұрғындарының орны мен мекенін білдіретін сияқты, бұл олардың барлық сыйы емес. Алланың пайғамбарлары мен әулиелерінің және пәк және салихалылардың қатарында болу – жәннаттың рухани және ләззат игіліктерінің бірі.
Осы аяттан алған сабақтар:
1. Дұрыс тәрбие беру үшін марап пен жаза бірге болуы керек. Кәпірлерді тозаққа түсулерімен қорқытудан кейін бұл аят мүміндерге жәннат туралы хабар береді.
2. Иманның бар екендігінің белгісі – салих амалдарда, сондықтан Құран бұл екеуін үнемі жақындастырыды.
3. Құран мәдениетінде игі және сауапты іс – бұл жеке қалау немесе қоғамдық тартымдылыққа негізделген кез келген игі іс емес, илаһи ниетпен жасалған әрекет. Сондықтан әділ әрекет Аллаға иман келтіргеннен кейін баяндалды.
4. Мүминнің халал мен харамды сақтауы себепті дүниеде көрген шектеулері ақырет жәннатында өтеледі.
5. Дүниенің нығметтері тез бұзылады және таусылады, сондықтан адам олардан айырыламын деп алаңдайды. Ал ақырет нығметтері тұрақты және мәңгілік, сондықтан адам олардан айырыламын деп қайғырмайды. Бұл аятта айтылғандай: "....Олар онда мәңгі қалады".
6. Лайықты әйел – жан мен жүрек жағынан да, тәні жағынан да таза әрі пәк әйел, сондықтан бұл аят жәннаттағы әйелдерді "тап-таза жұбайлар" деп сипаттайды.