Иранның қазіргі заман кинематографиясы
Иранның қазіргі заман кинематографиясы саласындағы зерттеулеріміздің жалғасында осы аптадан бастап Иранның әлеуметтік кинематографиясы, оның тарихы мен ерекшеліктерін қарастырып, осы саладағы Иранның атақты кинорежиссерлерімен таныстырамыз.
Қоғам таптарының талғамдары мен қызығушылықтарына қарай кинематографияның түрлі жанрларға ие болуының қажеттілігі күмәнсіз. Алайда статистика халықтың көбісінің әлеуметтік мелодрамаға зор ықылас танытанын көрсетеді. Күрделі және әр түрлі оқиғаларға толы белгілі бір шындық рауаяты мен кейін толық метражды туындының қиындықтарын жою көрермендердің бос уақытын өткізуді жағымды реңкке бөлейді. Әлеуметтік кинематография кино өнерінің өзге түрлеріне қарағанда табысты болу үшін әдетте қазіргі заман мен қоғамның бүгінгі жағдайын көрсетуді қажет етеді. Егер балалар мен жасөспірімдердің кинематографиясы жас көрермендерге, ал экшн немесе ғылыми-фантастикалық кинематографияның өзіне тән көрермендері болса, әлеуметтік кинематография барлық әлеуметтік топтар деңгейінде ойлануға, шығармашылық жолында шығындалуға және өзінің көркемөнер күшін қолдануға мәжбүр. Әлеуметтік кинематография қызметінің өрісі әлеумет кеңістігін қамтып, оның әлеуметпен әрбір қарым-қатынасы жақынырақ, әрі көбірек болған сайын ол мол табысқа қол жеткізе түседі. Әлеуметтік кинематография нақ осы шақта әрекет етуге мәжбүр. Сол себепті көрермендер өмірінің оқиғаларын айқын баяндап, оларды осы өмірді экран бетінен тамашалауға жігерлендіру қажет. Бірақ бұл әлеуметтік фильмдердің ғұмыры қысқа және бір реттік деген мағынада емес. Егер бір әлеуметтік фильмнің мазмұны дұрыс ұсынылып, көрермендердің сана-сезіміне жеткізілсе, онда ол өзге заман мен өңірлердің көрермендерінің назарын да аудара алады. Әлеуметтік кинематография өзінің түзу және дұрыс формасында әлеуметтің ішкі қарама-қайшылықтарына көңіл аударуы керек. Осы қарама-қайшылықтарды бір-біріне қарама-қарсы қою және рауаятты толықтай жеткізу әлеуметтік кинематографияның негізгі қызметтерінің бірі. Әлеуметтік кинематографияда қоғамдық бейнелер де баяндалып, қоғамдық және ахлақтық принциптерге нұқсан келтірілместен жағымсыз жағдайларға шолу жасалуы керек. Себебі әлеуметтік туынды көрермендер санасына сызат түсірмеуі қажет, тіпті егер әлеуметтік деңгейде кейіпкерлердің бейнесі нашар болса да әлеуметтік туынды фильмнің дұрыстығы мен кинематография әсерін ұмытпағаны жөн. Мысал ретінде туындыда "сатқындық" немесе "заң бұзушылық" сынды адами қасиетті көрсету және хикая рауаятының барысында фильмнің жағымсыз кейіпкерінің заң және ахлақтық нормаларға қарсы тұруы заң мен ахлақтық ұстанымдар тұрғысынан күмән тудыртпауы керек. Әлеуметтік кинематография күрделі баяндау мен бұлыңғыр бейнелеудің кинематографиясы емес. Керісінше әлеуметтік қарым-қатынастарды қарапайым жеткізетін кинематография. Әлеуметтік кинематография кейіпкерлерді бүркемесіз бейнелеп қана қоймай, оларды заң тұрғысынан да баяндайды. Сол себепті психологиядан басқа әлеуметтану ғылымын да қажет етеді. Әлеуметтік фильм саласының режиссерлері қоғамға араласпай, бір бұрышта тығылып отыру арқылы -хикаяны баяндай алмайды. Осы кинематография рауаятының әлеуметтің ағымдағы қарым-қатынасынан алынып, ақиқатта көрініс табатын жағдайы оның жалғыз басымдылығы, әрі сол құбылыстың көркем рауаяты болып есептеледі. Бір әлеуметтік тақырып кейде өзге салалармен қатар бейнеленеді, кейде кинематографияда белгілі бір әлеуметтік мәселені шешуде кинематографистер этнография, мәдениет немесе субмәдениеттерді басшылыққа алып, кинотуындының қысқа сюжетті мәселесін үлкен әлеуметтік қоғам ішінде зерттеуге себеп болады. Мұндай жағдайда әлеуметтік кинематография қаншалықты өз заманының қоғамдық болмысы мен куәсі бола алады? Осы орайда көрермендердің мәдени және зияткерлік деңгейлерінің дамуы әлеуметтік кинематография қызметінің келесі бір көрінісі болып табылады. Бұл даму тек мағлұмат беру мен мәлімдеу саласында ғана емес, сондай-ақ фильмнің құрылымдық ерекшеліктері арқылы да жүзеге асуы тиіс. Сол себепті киноиндустрия әрдайым даму үстінде, әрі кинорежиссерлер де кинематографияның жаңа технологияларын қолдану арқылы жаңа визуалды шығармашылықтың даму жолын мақсат етеді. Бұл ретте әлеуметтік кинематография "өзінің ерекше болмысы арқылы көрермендердің өмірімен біте қайнаса ма?" немесе "оның мәдени және көркемөнер түсінігі өз өмірінің өзге аспектілерімен тең дәрежеде дамиды ма?" деген сауалдарға назар аударған жөн. Алайда әлеуметтік кинематография ХХ ғасырда қалай қалыптасты? Неореализм немесе реализм – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кинематографияның маңызды алғашқы қадамдарының бірі. Ол Италияда пайда болды. Неореализм шын мәнісінде 1930 жылғы француздық поэтикалық реализмнен үлгі алған. Осы стильдің ізбасарлары көбінесе марксистік бағытты ұстанды. Неореализмнің ізбасар-режиссерлері туындыларын студио залдарынан тыс, қаланың шынайы жыл мезгілінде түсіріп, кәсіби емес актерлерді іске жұмылдыра отырып, қоғамның ақиқатымен тікелей қарым-қатынас орнатуды көздеген. Сол себепті жұмыссыздық, тақсірет, кедейшілік, жемқорлық пен әділетсіздік аталмыш туындылардан бірден көзге түседі. Неореализмнің алғашқы кинотуындысы ретінде Лучино Висконтоның режиссерлігімен түсірілген "Әуестік" фильмін атап өтуге болды. Осы бағыттың келесі бір атақты режиссері Витторио Де Сика. Бұл режиссерді "Велосипедтер ұрлықшысы" атты туындысы әлемге танымал етті. Неореализм әлемдік мақтауға ие болды. Алайда үкіметтер мен олардың саясаттарының сыни көзқарасы Италияда көптеген қақтығыстардың пайда болуына себеп болды. 1949 жылы үкіметке Италияны немесе үкіметтерді қорлайтын фильмдерді түсіру мен өндіруді алдын алуға рұқсат беретін заң қабылданды. Өткенге қайтып оралып, ХХ ғасыр кинематографиясына шолу жасайтын болсақ, Иранда кинематография құрылымының бастауы дыбыссыз ("мылқау") фильмдер түрінде болғанын көреміз. "Аби мен Раби" фильмінен бастап "Хаджи мырза киноактер", "Лур қызы" туындылары үлкен экранда тек арнайы аудиторияға арналды. Алайда осы жәйт көркемөнері, әдебиеті мен мәдениеті бар мемлекетте кинофильм көрсетілімін бастау үшін жат болмай, осы салада ұзақ тарихқа ие болуға септігін тигізді. Пахлави патшалық кезеңінде фильм түсірушілердің көбісі үстем жүйенің жақтастары болған. Батыс мәдениетінің көзқарасы мен билігінің әсерінен олар халықты өздерінің мүддесі жағына бағыттады. Олар арам ниетті қылықтарымен өздерінің қалталарын толтырып, мәдениет өкілдерінің сүйіспеншілігіне жету жолында пайда көрген. Осы туындылардың көп бөлігінің негізгі қиындығы сол заман халқы өмірінен алшақтық пен сол кезеңнің Иран халқы өміріне еш сәйкестігі жоқ тақырыптағы шетел туындыларының көшіріліп түсірілуі болды. Бір сыншы 1334 (1955) жылы "Кинематография шыңы" атты журналдағы мақаласында: "Біздің кинотуындылар қайталама және күнделікті үлгідегі туындылардың тұтқыны. Қоғамның сипаттамасы мен әдет-ғұрпына назар аудармау келесі бір кемшілік. Негізінде Иран кинотуындыларына кісі өлтірушілік пен дөрекі көріністер жат..." – деп жазды. Алғашында Иранда дыбыссыз ("мылқау") фильмдер, кейінен дыбысты кинотуындылар азды-көпті қоғамның азғын капиталына ие болды. Жылдар бойы Иран кинематографиясы сан рет шарықтау және құлдырауларды бастан өткеріп, көптеген мәселелерді артта қалдырды. Алайда әлеумет аспектісі туындыларда кемінде өндірістің негізгі бөлімін сақтап қалды. Иран Ислам революциясына дейін түсірілген фильмдердің тізбесін қарастырсақ олардың арасында мықты әрі жоғары көрсеткіштерге ие бірқатар туындыны байқаймыз. Олардың әр қайсысы өз заманы мен қоғамының айнасы болатын фильмдердің қатарынан орын алады. Түрлі қоғам таптарына арналған туындылар да жетістіктерге қол жеткізді. Осы ретте жаңашыл кинорежиссерлер кинематографияда өз іздерін қалдырып, олардың бірқатары кейін осы мемлекеттің атақты режиссерлеріне айналды. Аталмыш кинорежиссерлердің тек саусақпен санары ғана осы кинематография саласында белсенділік танытып келеді.