Maм 14, 2016 20:25 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Ислам революциясына дейінгі жылдары кинематографияның бұл түрі едәуір даму мен өндірістің артуына қол жеткізсе де, Иран кинематография туындыларының сапасы наразылық тудырып, көрермендер мен мамандардың кино өнерінің осы жанрын сынға алғанын айтып өттік.

Бір сыншы Иранның сол кездегі қоғамы туралы: "Шах режимі кинематографияны мешітке қарсы қойып, тіпті сол кезге дейін радио тыңдамаған халықты сол уақыттағы содырлы киноға тартты" деді. Бірқатар киноиндустриялы мемлекеттердің кинематография тарихынан сол заманның әлеуметтік және саяси өзгерістерін қамтитын бағыттарды байқауға болады. Мысал ретінде Италия және Францияда орын алған оқиғалар "жаңа толқын" мен неореализм сынды бағыттардың пайда болуына себеп болғанын атауға болады. Осы мемлекеттердің кинотуындыларында үстем болған көне, әрі өзектілігін жоғалтқан мәселелер мен қарым-қатынастардан шығу жолындағы талпыныстар аталмыш бағыттарға тән ортақ нәрсе болып табылады. Хижри шәмси жыл санағы бойынша 1348 (1968) жылы Иран кинематографиясы өзгерістерге ұшырап, кейін бұл үдеріс Франциядағы жаңашылдар бағытына ұқсас "жаңа толқын" атауына ие болды. Иран кинематографиясының "жаңа толқын" ағымы Франциядағы бағыт сынды әсерлі болмағанымен, Иран кинематографиясы тарихының шынайы өзгерісіне алып келді. 1340 онжылдық тарихы мен Иранның әлеуметтік және саяси өзгерістері халықтың өмірін кең ауқымды өзгерістерге ұшыратты. Батыс елдерінің экономикалық, саяси және мәдени әсерінің өрісі халық өмірінің бүкіл қырларын жылдам қамтыды. Тұтыну тауарлары мен сәндік заттардың кең түрдегі импорты және үлкенді-кішілі өнеркәсіптер халық өмірінің дәстүрлі қарым-қатынастары мен тұрмыстарына, сондай-ақ мәдениет пен өнер адамдарынан құралған жаңа ұрпаққа айтарлықтай әсер етті. Сол заманның бетке ұстар азаматтары әлеуметтік мәселелер, кедейшілік және халық өмірінің қиындықтарына назар аударып, Иранның кинематографиясын өзгерістерге ұластыруға талпыныс жасады. Алайда бұл жағдай жалғасын таппады. Себебі Иранның коммерциялық кинематографиясы бұл толқынды басып-жаншыды. Әлбетте одан кейін де қиындықтар туындады, бұған қарамастан жаңа толқын режиссерлері клишелі және нәрсіз фильмдер түсіріп, оны көпшілік экранға ұсынды. Ал жоғалып бара жатқан кинематография сол заманда өзгерістер енгізе алмады. Осы коммерциялық туындыларды өндірушілер, сондай-ақ қарапайым халықтың бір бөлігі аталмыш кино өнерін құнсыз есептеді, сондықтан оның болмысын өзгертіп, әлсіз туындыларды өндіруге жол бермеді. Осы фильмдер сюжетінің көбісі қазіргі таңда өзектілігін жоғалтқан. Қоғамдық мәселелер, кейіпкерлер мен ерекше қарым-қатынас пен сапа мәселесі бұл туындыларда көзге түспейді. Әлбетте бұл туындылардың бір бөлігі ақиқатқа негізделіп түсірілген еді. Бірақ шын мәнісінде фильмдерде қарастырылған қарым-қатынастардың қоғаммен еш байланысы болмады, әрі қарапайым халықтың өмірін көрсетпеді. Дәл осы уақытта зорлық-зомбылық, қызба және жыныстық қатынастарды баяндайтын туындылар Иран кинематографиясында пайда болып, кино өнерін қатты әлсіретті. Алайда 1356 (1977) жылдың ордибехешт айынан бүгінгі күнге дейін Иран кинематографиясы банкротқа ұшырайды деген нақты сенім болған жоқ. Осы кезеңде киноиндустрияның жағдайы қатты келеңсіздіктерге ұшырап, кинематографияда нақты критерийлердің болмауы мен мүмкіндікті пайдаланушы адамдардың көбеюі бұл дағдарысты күшейте түсті. Бір жазушы сол кездегі қарапайым халықтың өмірі мен кинотуындылардың сәйкестігі жоқтығын бір басылымда: "Кинематография біздің мемлекетімізде қоғамның үдемелі өзгерістерімен сәйкес жолда болуы керек. Бір жұмысшы немесе ауыл адамы кино көруге барғанда ол белгілі бір нәрсені үйренетін, әрі мәні бар қандай фильмдерді тамашалай алады? Иран кинематографиясы Иран көрермендерінің 85 пайызын құрайтын осы тап үшін қандай іс атқарды?"– деп жазды. 1357 (1978) жыл кинематография үшін күдік, үрей, үмітсіздік пен азаптан басталды. Үкімет қауіп-қатерге ұшырап, халық саясат, экономика, мәдениет пен қоғамдық құрылымға наразы болып, осы наразылықтарын көрсетті. Экономика жағдайына байланысты кинематографистер ереуілге шығып, құлдырау үдерісін тездетті. Әлбетте осы уақыт аралығында түсірілген кинотуындылар халықтың қаһарынан қашып құтыла алмады, әрі халық наразылық ретінде кинотеатрларға шабуыл жасап, осы туындылардың көрсетілуіне қарсы шықты. Әлбетте халық тек азғын кинотуындыларды жоюды талап етіп, олардың кинематографияның негізімен еш қарама-қайшылықтары болмады. Алайда мемлекет қызметкерлері революцияшылдарды өркениетке қарсы деп айыптау мақсатымен бірқатар кинотуындыларды жағып жіберді. Осылайша 1357 (1979) жылы бахман айында Иран мемлекетінде патша билігі құлдырап, ислам революциясы жеңіске жеткен кезде сол заманның болмыссыз, құнсыз және өз жолынан ауытқыған кинематографиясы да жойылып, бұл көркемөнер Иранда жаңа кезеңде өз өмірін қайта бастады. Иранның қазіргі заман кинематографиясының нағыз пайда болған мерзімі Ислам революциясының жеңісі уақыты деп айтсақ асыра айтқандық болмас. Революцияның өзге салалардан бұрын мәдениет саласындағы өзгерістері, соның ішінде кинематографияда айтарлықтай болды. Ислам революциясынан кейінгі жылдары кинематография қараңғы, әрі қорғаусыз өткенін артта қалдырып, өз өмірінің жаңа бөлімін жаңа сатыда бастады. Иран қоғамы өзгерді. Дәл осы жағдай әлеуметтік кинематографияны өзге жанрлардан бұрын елеулі өзгерістерге алып келді. Халықтың көшелерде көтерген наразылық және әлеуметтік ұрандары "Тәуелсіздік, азаттық пен исламдық республика" болды. Дәл осы ұрандармен Иранның әлеуметтік кинематографиясы өзінің өмір жолын қайта бастады. Бастапқы жылдары Иран кинематографиясының негізгі мақсаттары еркін түрде мемлекет ішінде батыс кинематографиясынан алшақ кино өнерін қалыптастыру, киноиндустрияның экономикалық және қаражат негізін қайта құру және кинематография саласына дарынды жастарды тарту болды. Сөйтіп халықтың кинематографиямен қарым-қатынасы қайта жандандырылып, көрермендер кинематографияға қайтадан сенім артып, кинотеатр залдарына бет алды. Жоспарландыру жүзеге асырылып, бірқатар кинематографистер жұмысқа және фильм өндіруге кірісті. Осы кезеңнің көптеген туындыларында патша режимімен күресу, ислам революциясы жылдарындағы халықтың әңгімелерін еске алу сынды мәселелер әлеуметтік туындыларда баяндалды. Бұл фильмдердің атауы да қызық, әрі фильмнің мазмұнына толықтай сәйкес болды. Мұндай фильмдерге "Азаттық үшін", "Тарих шабыты", "Қантөгіс", "Төңкеріліс", "Өлім" т.б. туындылар жатады. Әлбетте бұл туындылардың бірқатарын жоғары сапалы фильмдердің қатарына қосуға болмайды. Алайда әлеуметтік ықпалы және сол заманда орын алған қызметтеріне байланысты маңызды туындылар ретінде есептеуге болады. Бұл туындылар патшалық режим мен оның қала мен ауылда орталықтанған өкілдерін қатаң сынға алып, қарапайым халыққа қарсы зұлымдықты баяндау сюжеттің негізін құрады. Ислам революциясынан кейінгі алғашқы жылдары ауыл қоғамында ауыл тұрғындарын қанаған зұлым әкімдер бейнеленіп, олардың құқықтарын қорғауға жол ашты. Әлбетте кинорежиссерлердің сол кездегі бірқатар шығыс еуропа мемлекеттерінің киноөнеріне еліктеулерінің әлеуметтік жағдайға тигізген әсерін қабылдамауға болмайды. Бұл туындылар айрықша саяси үрдісті қамтыған әлеуметтік қозғалыс мақсатында өндіріліп, шамамен Ирандағы бірқатар солшыл топтардың ұстанымдарын көрсетті. Алайда бұл үрдіс ұзақ уақытқа созылмады. Орнаған жағдай мен саясатты ретке келтіру арқылы кинематография фильм өндіру, оның көрсетілімі мен әлеуметтік мәселелерді жоспарлау жұмыстарын біршама тұрақтандырды. 1359 (1980) жылы Иранға қарсы Ирак соғысының басталуы мен оның сегіз жылға созылуы Иран халқын тағы бір ауыр жағдайға тіреп, кинематография да соның әсеріне түсті.