Бүгінгі әлем – үстемшілдердің «жұмсақ соғысының» алаңы 6: Экономикалық санкциялар – «жұмсақ соғыстың» құралы
Көбінде соғыстың және заңсыз араласушылықтың орнына қолданылатын әрекеттердің бірі экономикалық санкциялар болып табылады.
Анықтама бойынша, экономика саласында санкция салу – саяси мақсаттарды қамтамасыз ету үшін экономикалық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарға кедергі жасау. Шын мәнінде экономикалық санкциялар бір немесе бірнеше мемлекет саяси мақсаттарына жетуді көздеп, нысанаға алған мемлекеттің ішінде қайшылықтар туындаған кезде қолданылатын сыртқы саясаттың құралдарының бірі саналады. Саяси мамандардың пікірі бойынша, экономикалық санкциялар екі мақсатты көздейді: бірінші мақсаты нысанаға алған елдің саяси тәртібін тұрақсыздандыру. Бұл мақсат санкция салушы және санкция салынған мемлекеттердің стратегиялық мүдделерінің қайшылығынан туындайды. Санкцияның бұл түрі нысанаға алған мемлекеттің режимін өзгертуді көздейді. Экономикалық санкциялардың келесі мақсаты нысанаға алған елдің саяси немесе экономикалық қарым-қатынастарын өзгертуге шоғырланады. Санкцияның екінші түрі біріншісіне қарағанда біраз жұмсағырақ. Мемлекеттер бір елдің жүйесін өзгерткісісі келген кезде санкциялардың бірінші түрін қолданып, елдің мүддесіне ауыр нұқсан келтіреді. Расында санкцияның бұл түрін қолдану соғыстың орнына экономикалық санкция салу болып табылады. Экономикалық санкциялар көбінесе екі жол арқылы салынады: сауда және қаржы саласындағы санкциялар. Сауда санкциялары экспорт мен импортқа шектеу немесе тыйым салумен қатар жүреді. Қаржы санкциялар салынған кезде нысанаға алған елдің қаржы қарым-қатынастарына шектеу салынып, қысым көрсетіледі, яғни бұл елдің инвестициялары мен қаржы мәмілелеріне қысым көрсетіледі. Санкция бір жақты болуы және тек бір үкіметтің шешімі бойынша енгізілуі мүмкін. Кейбір кезде санкциялар көп жақты болады. Яғни нысанаға алынған мемлекетке қарсы бірнеше мемлекет бірге санкция салады. Кейде санкция БҰҰ тарапынан болып, Қауіпсіздік кеңесі арқылы салынады. Бір жақты санкциялар тек бір мемлекет нысанаға алған мемлекеттің арасындағы сауда және қаржы қарым-қатынастарына шектеу қояды. Бұл санкциялардың әсері азырақ болады. Оның әсері санкция енгізген мемлекеттің экономикалық әсеріне байланысты. Мәселен, егер АҚШ сауда қарым-қатынастарының 80-ге жуық пайызының АҚШ-қа тәуелді Канадаға санкция салса, күмәнсіз ол Канадаға қатты әсер етеді. Ал егер АҚШ пен нысанаға алған елінің арасындағы экономикалық мәмілелердің үлесі шамамен 15 пайызды құрайтын болса, бір жақты санкция айтарлықтай әсерлі болмайды. Егер санкция бірнеше елден құрылған коалиция тарапынан салынатын болса, олардың әсері көбірек байқалады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан салынған санкциялар жан-жақты санкциялар болып, БҰҰ-ның мүшелері оларды орындауға міндетті болады. Бұл санкциялар заңды болғандықтан, санкциялардың ең қатаң түрі саналады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс пен 1990-шы жылдар аралығында, яғни шамамен 75 жылдың ішінде әртүрлі елдерге қарсы 115 экономикалық санкция бекітіліп, іске асырылды. Алайда 1990-шы жылдан бері экономикалық санкциялардың саны арта түсті. 1990-1999 жылдар аралығында әлем мемлекеттері шамамен 66 экономикалық санкцияны бастан тәжірибе етті. Яғни, орта есеппен алғанда санкциялардың саны 5 есе артты. Мамандардың көбінің пікірінше санкциялардың санының артуына Кеңес Одағының құлоауы мен «қырғи-қабақ» соғысының аяқталуы себеп болды. АҚШ үкіметі әрқашан экономикалық санкциялар саясатын ең көп қолданушы ел болды. «Қырғи-қабақ» соғысы аяқталып, билеп-төстеу үшін «жұмсақ соғыс» пайдаланудан бері әлемдік экономикалық санкцияларда АҚШ-тың үлесі артты. 1918-1990-шы жылдар аралығындағы әлем бойынша 118 экономикалық санкцияның 77-сі АҚШ үкіметін тиесілі болды. Сондай-ақ, 1990-1999-шы жылдар аралығындағы әлемдік экономикалық санкциялардағы АҚШ-тың үлесі 92 пайызға көбейді. Клинтон үкіметі жалғыз өзі 35 мемлекетке экономикалық санкция салды. 35 мемлекеттің халқының саны 3 миллиард 200 миллион адам болып, әлем халқының 42 пайызын және әлемдік экспорт тұтынушыларының 19 пайызын құрайды. Бұл санкциялардың сылтаулары 22 жайтта адам құқығының бұзылуының алдын алу, 14 жайтта халықаралық лаңкестікпен күресу, 9 жайтта ядролық қару-жарақтың таралуына тыйым салу, 7 жайтта қақтығыстар мен соғыстардың алдын алу деп жарияланды. Шын мәнінде АҚШ тарапынан салынған санкциялардың негізгі себебі АҚШ-тың оған қарсы тұратын елдердің іс-әрекеттеріне төзе алмауы болды. Өйткені АҚШ әлем бірнеше полюстік жүйеден шығып, бір полюстік жүйеге айналды және оған қарсы тұра алатын күш қалмады деп ойлады. Негізінде басқа елдерге салған санкциялардан АҚШ-тың өзі де көптеген шығын көрді. Зерттеу мекемесінің нәтижелері бойынша АҚШ әлемнің 26 мемлекетіне экономикалық санкция салып, экспортын 19 миллиард долларға азайтты. Сонымен бірге экспорт бөлімінде еңбек ететін 200 мың адамды жұмыссыз етіп, экспорт бөлімі жұмысшыларының жұмыс ақылары 1 миллиард доллар шығын көрді. Өткен онжылдықтарда қолданылған санкциялардың тек аз бөлігі БҰҰ-ның қолдауымен енгізілді. 1946-1990-шы жылдар аралығында, яғни 45 жылдың ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тек екі ел, атап айтқанда Оңтүстік Африка мен Родезияға (Зимбабвеге) қарсы экономикалық санкция қолданды. Бірақ 1990-1999-шы жылдар аралығында Қауіпсіздік кеңесі 12 экономикалық санкция бекітті. Тек 1990-шы жылы Қауіпсіздік кеңесі Эфиопия, Эритрея, Югославия және Ауғанстанға қарсы 4 санкция бекітіп, басқа 20 санкцияның уақытын созды. Бұл санкцияларды іске асыру саласында АҚШ-тың рөлі ерекше байқалады. Ирактың Кувейтке шабуыл жасауынан кейін бұл елге қарсы бекітілген 1990-шы жылдағы жан-жақты санкциялар БҰҰ-ның экономикалық санкциялар саясатына қатысты пікірталастарға себеп болған санкциялардың бірі болды. 12 жылдан артық уақытқа созылған бұл санкциялар Ирактың экономикасын құртып, бұл елдің халқына ауыр адами шығындар әкеліп, режимді немее оның әрекеттерін өзгерту мақсатына жетпеді. Нәтижесінде Иракқа қарсы әскери шабуыл жасап, Ирак режимін әскери жолмен құлатуға соқтырды. Зерттеулер басқа санкциялардың нәтижеге жетуінің де аз болғанын көрсетті. Олардың нәтижелері бойынша, әлемдегі санкциялардың шамамен 66 пайызының нәтижеге жетпегенін және қалған 34 пайызының тек шектеулі нәтижеге жеткенін көрсетті. Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы санкциялардың жетістіктері 50 пайыз болды. Бұл мәліметтер экономикалық санкциялардың нәтижеге жетпегенін көрсетті. Экономикалық санкциялар тарихында нәтижелі болған санкциялар ретінде Оңтүстік Африка және Родезияның (Зимбабвенің) нәсілшіл режимдеріне қарсы енгізілген санкциялар аталды. Оңтүстік Африкадағы экономикалық қысымдар билік басына қара нәсілдінің келуіне себеп болмады, бірақ бұл елдің соңғы кездегі режиміне көптеген қысым келтірді. Өткен онжылдықтардағы экономикалық санкциялар арқылы бір елдің жүйесін құлату талпыныстарының айқын үлгісін ИИР-на қарсы санкциялардан байқауға болады. АҚШ-тың әртүрлі президенттері кезінде негізсіз лаңкестік, адам құқығын бұзу, ядролық қару шығаруға талпыныс жасауы және басқа уәждермен Иранға қарсы бір жақты және кейбір уақытта кейбір мемлекеттердің коалициялары тарапынан санкциялар енгізілді. Әрине бұл санкциялар ИИР-ның экономикасына өз әсерін тигізді. Нақты түрде АҚШ Иранға қарсы санкция салып, көздеген мақсаттарын жетпеді деп айтуға болады. Иранға қарсы экономикалық санкциялардың мақсаттары үкіметтерді, олардың іс-әрекеттерін немесе үкіметтің негіздері мен жүйені өзгерту болды, бірақ олардың мақсаттарының ешбіреуі орындалмады. Керісінше елдің тәуелсіздігі мен өз-өзін қамтамасыз етуіне жеткізді. Өткен жылдардағы Иранның ғылыми-технологиялық жетістіктері н ақиқатты көрсетеді. Қырымның Ресейге қосылуын қолдаған бірінші ресейліктің бірі Валерий Шнякин өз сөзі үшін Обама үкіметінің санкция салған тізіміне тіркелді. Бұл сұхбатымызды аяқтайтын ең жақсы сөздердің бірі. Ол: «Жерінде Менделеев кестесінің барлық элементтерін кездестіруге болатын мемлекетке ешбір санкция әсер етпейді»,- деген болатын. Бұл сөздер әр мемлекетте өмір сүретін халықтың жігері мен қарсыласуын арттырады.