• Иран: Райен қамалы (113)

    Иран: Райен қамалы (113)

    Ақп 11, 2021 14:17

    Райен қамалы (Rayen Castle) – әлемдегі ең ірі сазбалшықты құрылыстардың бірі. 22 мың шаршы метр ауданды алып жатқан қамал Керман қаласынан 100 шақырым жердегі Райен қаласында орналасқан.

  • Иран: Маһнешан таулары (112)

    Иран: Маһнешан таулары (112)

    Қаң 25, 2021 13:52

    Маһнешан таулары Табриз қаласының солтүстік-шығысынан 25 км жерде Занджан облысында орналасқан. Көз қызықтыратын бұл төбелердің жергілікті атауы – Аладағлар. Өйткені олардың түсі қызыл, қоңыр, жасыл, сарғылт, сары және ақ. Мұндай түстер топырақтың құрамында бар шөгінділер мен минералды заттарға байланысты.

  • Менің өлкем – Гилан (7)

    Менің өлкем – Гилан (7)

    Қаң 22, 2021 19:29

    Ақ Улер таулы ауылы Талеш қаласынан батысқа қарай 35 км. жерде, биік таулары арасында орналасқан. Бұл аймақта әртүрлі тарихи кезеңдерге қатысты көптеген тарихи ескерткіштер бар. Бұл аймақтағы тарихқа дейінгі мол зираттар Иранның ең үлкен зираттарының бөлігі болып табылады. Сардар Амджад жазғы сарайлары - бұл аймақтың тағы бір тарихи ескерткіші.

  • Иран: Шахрестанак ауылы (111)

    Иран: Шахрестанак ауылы (111)

    Қаң 17, 2021 00:55

    Шахрестанак – Альборз облысындағы Тучал тауының солтүстігінде Теһраннан 88 км қашықтықта орналасқан ауылдың атауы. Деректер бойынша оның тарихы х.қ.ж.с.б. 6 ғасырда басталады. Ауа райы жанға жайлы және су көздерінің мол болуына байланысты халық осы жерге шоғырланып, ауыл құрған. Бұл аймақта Қаджарлар дәуірінен қалған бір ғимарат бар. «Насери» ғимараты Насыреддин шах пен оның отбасының жазғы демалыс үйі болған. Шахрестанак ауылы – тарих пен табиғаттың әдемі үйлесімі.

  • Менің өлкем – Гилан (6)

    Менің өлкем – Гилан (6)

    Қаң 14, 2021 19:03

    Гилан ауылдық мұражайы - Рашттағы Сараван орман саябағында көруге болатын көрікті жерлердің бірі. Бұл мұражай адамды тыныштыққа бөлейтін жағымды кеңістікке ие. Бұл жерде бұрынғы орнынан осы мұражайға ауыстырылған және дәстүрлі түрінде сақталған үйлерді көруге болады. Ауылдық мұра мұражайы - Ирандағы алғашқы эко-музей.

  • Иран: Мантеқинежад үйі (110)

    Иран: Мантеқинежад үйі (110)

    Қаң 09, 2021 23:38

    Шираз қаласындағы Мантеқинежад үйі (Manteghi Nezhad Historical House) – х.қ.ж.с.б. 1311 жылы Қаджарлар дәуірінде салынған көне ғимараттардың бірі.

  • Менің өлкем – Гилан (5)

    Менің өлкем – Гилан (5)

    Қаң 07, 2021 18:17

    Шәлі тоқу - Масал халқының ежелден келе жатқан өнерінің бірі. Ол ұзақ уақыт бойы сақталып келді және Талеш халқы осы өнерінің арқасында күн көреді. Шәлі жүннен тоқылады. Шәлі немесе «Чоха» олардың ұлттық киімі болумен қатар, қойшылар мен фермерлердің негізгі киімі болып табылады.

  • Иран: Липар көлі (108)

    Иран: Липар көлі (108)

    Қаң 03, 2021 01:34

    Липар немесе Қызғылт көл Чабаһардан Гватарға барар жолдың 20 км жерінде Оман теңізінің жағасында орналасқан. Бұл табиғи көл суының түсі таңданыс тудырады. Су түсі минералды және органикалық өсімдік планктонының түсіне байланысты. Планктон түрлі өзендер арқылы осы шығанаққа ағып келеді.

  • Гилан – менің өлкем (4)

    Гилан – менің өлкем (4)

    Жел 31, 2020 04:01

    Масал - Иранның Гилан облысындағы қала, ол Талеш тауларының жанында орналасқан. Масал даласы 1800-2000 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Оған бару үшін жасыл және тұманды таулар мен әдемі аңғарлар арасында 25 шақырымдай жүру керек. Мал шаруашылығы - бұл аймақ тұрғындарының маңызды кәсіптерінің бірі.

  • Иран: Алендан көлі (107)

    Иран: Алендан көлі (107)

    Жел 26, 2020 22:45

    Алендан көлі – Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының Киасар ауданында орналасқан туристік тартымдылықтардың бірі. Бұл көлге апаратын ең жақын жол Азни ауылы маңынан өтеді. Ауыл мен көлдің арасы – шамамен 1,5 км. Көлдің ауданы 17 га. Жауын-шашын болған кезде 30 га ауданға жайылып кетеді. Қыста көлде жабайы үйректер мекендейді. Кейінгі жылдары оған балық шабақтары жіберілгеннен кейін оның қолданыс аясы кеңіді.