• Иран – мәңгілік ел (67)

    Иран – мәңгілік ел (67)

    Там 12, 2019 17:24

    Имамзада сейіт Ғиаседдиннің кесенесі Махриздегі орталық мешіттің жанында орналасқан. Осы қаладағы ең әйгілі әрі салтанатты зиярат орны болып саналатын имамзада сейіт Ғиаседдин кесенесінің күмбезі биік әрі үлкен.

  • Иран – мәңгілік ел (66)

    Иран – мәңгілік ел (66)

    Там 09, 2019 15:20

    Исфахан облысындағы Харанд қаласы Исфахан қаласынан 85 км қашықтықта орналасқан. Харандтың мәдени және тарихи тамыры тереңде жатыр. Зерттеушілер бұл қаланың тарихы ислам дәуіріне дейін басталған деп болжап отыр. Қаланың дәстүрлі тәтті-дәмділерінің бірі – "кумадж" наны. Бұл аймақтың шебер әйелдері осындай нан пісіреді.

  • Иран – мәңгілік ел (65)

    Иран – мәңгілік ел (65)

    Там 08, 2019 14:52

    Риг тауының табиғи құм төбесі – Йезд облысының тарихи, табиғи және туристік тартымдылықтарының бірі. Бұл төбе Мехриз ауданында орналасқан. Су қоймасы мен кептерхана мұнарасы да осы ауданның туристік тартымдылықтарының қатарына жатады.

  • Иран – мәңгілік ел (64)

    Иран – мәңгілік ел (64)

    Там 07, 2019 18:10

    Ғасемабад – Иранның Гилян облысының шығысында Рудсар ауданында орналасқан текті ауылдардың бірі. Ғасемабадтың әндері мен күйлері Иранда танымал. Мұнымен қоса, бұл ауыл Гилян облысындағы басқа ауылдар сияқты әралуан тағам түрлеріне ие. "Гиле бум" – Ғасемабадтағы әдемі жерлердің бірі. Ол бұл өңір халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін өте жақсы көрсетеді.

  • Иран – мәңгілік ел(63)

    Иран – мәңгілік ел(63)

    Там 06, 2019 15:08

    Хомам қаласы Гилян облысында екі үлкен туристік қала, яғни Решт пен Анзали айлағының арасында орналасқан. Бұл қаланың 1000 жылдық тарихы бар.

  • Иран – мәңгілік ел (62)

    Иран – мәңгілік ел (62)

    Там 05, 2019 14:30

    Хазірет Аба әл Хасан Әли ибн имам Мұхаммад Бағер (ғ.) х.қ.ж.с.б. 113 жылы (731 жылы) ислам дінін насихаттау үшін Кашан қаласына барған. Ол шиіттердің бесінші имамы Мұхаммад Бағердің (ғ.) ұлы. Деректерде ол «Сұлтан Әли» деген атпен аталған.

  • Иран – мәңгілік ел (60)

    Иран – мәңгілік ел (60)

    Там 03, 2019 15:47

    Сабалан тауы Мешкиншахрдың оңтүстік-шығысынан 25 км, Ардебиль қаласынан шамамен 40 км жерде орналасқан. Туристер Сабалан тауының бөктеріне гейзерлік су көздері мен жазғы табиғатының сұлулығы үшін барады.

  • Иран – мәңгілік ел (59)

    Иран – мәңгілік ел (59)

    Там 02, 2019 13:41

    Гераш – Фарс облысында Шираз қаласының оңтүстігінен 355 км қашықтықта орналасқан қала. Гераш – Фарс облысының оңтүстігіндегі тарихи тұрғыдан маңызды қалалардың бірі. Ондағы тарихи және табиғи тартымдылықтардан «Сангави» хосейниесі (шиіттік діни рәсімдер өтетін орын), «Хафтберке» тарихи кешені, «Хадж Асадолла» көлшігі мен «Тангаб» бөгетін атауға болады.

  • Иран – мәңгілік ел (58)

    Иран – мәңгілік ел (58)

    Там 01, 2019 18:25

    Кашан қаласы – Исфахан облысының аудан орталықтарының бірі. Бұл қала әралуан туристік тартымдылықтарының болуына байланысты туризм саласында жоғары маңыздылыққа ие. Жыл сайын қызығушылар ежелгі Иранның құнды ескерткіштерін көру үшін осы қалаға сапар шегеді. Қаладағы 198 метр ауданды алып жатқан Нақли тарихи үйі Қаджарлар заманына тиесілі сәулет өнерімен салынған ең кішкентай үй ретінде ұлттық мұра тізіміне алынды.

  • Иран – мәңгілік ел (56)

    Иран – мәңгілік ел (56)

    Шіл 31, 2019 18:12

    Ардал – Иранның Чахармахал және Бахтияри облысындағы қалалардың бірі. Карун-4 бөгетіндегі Қуси көпірі Чахармахал және Бахтияри облысы орталығының оңтүстік-батысынан 180 км қашықтықта орналасқан. Бұл көпір бөгет суы деңгейінен 62 метр, ал бөгеттің түбінен есептегенде 270 метр биіктікте орналасқан. Көпір Чахармахал және Бахтияри облысын Хузистан облысымен байланыстырып жатыр.