Pars Today
Уа, Алла! Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!
Уа, Алла! Бұл күні мені ластық пен кесапаттардан тазарт. Маңдайыма жазылғанға шыдамды ет. Бұл күні маған сабырлық пен тақуалық сыйлап, ізгілермен кездесуге жәрдемдес, уа мұқтаждардың жанарларын нұрландырушы!
Уа, Алла! Осы күні маған қарапайымдылық пен тақуалық бере гөр және барға қанағат еткіз. Маған әділдік пен адалдық беріп, күнә саналатын әр нәрседен сақтай гөр, уа тақуаларды күнәлардан сақтаушы!
Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің дәргаһыңа тәуекел ететіндер мен бақыттылардың, Өзіңнің жақсылығыңа жақындардың қатарына қос, уа, мақсатқа жетуге талпынушылардың соңғы үміті!
Уа, Алла! Осы күні маған Өзіңнің кең рақымыңды нәсіп ете гөр! Мені Өзіңнің жарық та жарқын дәлел-дәйектеріңе нұсқа. Маңдайымды Өзіңнің жан-жақты ризашылығың мен достығың және мейірімің жаққа бағытта, уа, армандаушылардың Арманы!
Уа, Алла! Сен мені жеңіске жақындат. Маған қырағылық пен сергектікті нәсіп ет. Ақылсыздық пен күмәннан алыстат. Береке, игілік және жақсылығыңды бере гөр, уа, жомарттардың жомарты!
Аллаға иман келтірген адам Құран туралы ойлануымен бірге Құран аяттары мен ілімдерін басқаларға түсіндіреді. Білім мен ақиқатты нақтылау Алла Тағаланың әулиелері мен ақсақалдарының парызы болды. Бұл күндерде Ислам мен адамзат дұшпандарының айтып жеткізгісіз шабуылымен бұл парыз маңызы артты.
Уа, Алла! Бұл айда мені Өз ризалығыңа жақындатып, ашуыңнан алыстат. Сонымен бұл айда Құран аяттарын оқуға мүмкіншілік бере гөр, уа, Мейірімді және Рақымды!
Уа, Алла! Бұл айдағы ораза, намазымды Өзің қабыл ететіндей шынайы ет. Мені бейқамдықтың ұйқыдан оятып, күнәләрымды кешір, уа, әлемдердің Жаратушысы! Жамандықтарымды кешір, уа, күнәларды Кешіруші!