-
Босқындық – соғыс пен қатыгездіктің салдары 15: Әлемнің босқын балалары – соғыс пен қатыгездіктің құрбандары
Нау 06, 2016 16:55БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссариатының мәліметі бойынша, 2014-ші жылдағы қақтығыстар мен қатыгездіктер және адам құқығының бұзылуының салдарынан 59 миллион 500 мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олардың жартысынан көбін балалар құрайды. Сондай-ақ, күн сайын шамамен 5000 бала босқындар қатарына қосылуда.