-
Рамазан айының он тоғызыншы күнінің дұғасы
Maм 13, 2020 13:04Уа, Алла! Бұл күннің берекесінен маған молынан нәсіп етіп, Өзіңнің ризашылығыңа жетер жолымды жеңілдет. Бұл күннің жақсылықтарын қабылдаудан бізді мақұрым етпе, уа, хаққа жол нұсқаушы!
-
Рамазан айының он сегізінші күнінің дұғасы
Maм 12, 2020 12:50Уа, Алла! Осы күні мені таңсәрідегі берекеңнен хабардар етіп, жүрегімді жарқыраған нұрыңмен нұрландырып, дене мүшелерімнің барлығын өз нұрыңның әсеріне бөле, уа әділ жүректерге жарық сыйлаушы!
-
Рамазан айының он жетінші күнінің дұғасы
Maм 11, 2020 15:23Уа, Алла! Осы күні маған ізгі ғамалдарға қарай жол нұсқап, арман-тілектерімді орында. Уа, Алла! Сенің дәргаһыңа баруға қатысты мұқтаждығым мен армандарым тәпсірлеу мен сауалды қажет етпейді, уа, әлемдіктердің жүректеріндегіден хабардар данагөй! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның әулетін жарылқай гөр!
-
Рамазан айының он алтыншы күнінің дұғасы
Maм 11, 2020 15:17Уа, Алла! Бұл күні мені ізгілер мен тақуалардың қатарына қосып, күнәһарлармен дос болудан сақта. Өзіңнің мейіріміңмен маған мәңгілік жәннәттан орын бер, уа, әлемнің Пәруәрдігері!
-
Рамазан айының он бесінші күнінің дұғасы
Maм 08, 2020 17:44Уа, Алла! Бұл күні маған қарапайым пенделеріңнің мойынсұнуын нәсіп етіп, Өзіңе қарай жүрегімді аша гөр, уа, тақуаларға пана беруші!
-
Рамазан айының он төртінші күнінің дұғасы
Maм 07, 2020 15:30Уа, Алла! Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!
-
Рамазан айының он үшінші күнінің дұғасы
Maм 06, 2020 20:30Уа, Алла! Бұл күні мені ластық пен кесапаттардан тазарт. Маңдайыма жазылғанға шыдамды ет. Бұл күні маған сабырлық пен тақуалық сыйлап, ізгілермен кездесуге жәрдемдес, уа мұқтаждардың жанарларын нұрландырушы!
-
Рамазан айының он екінші күнінің дұғасы
Maм 06, 2020 15:20Уа, Алла! Осы күні маған қарапайымдылық пен тақуалық бере гөр және барға қанағат еткіз. Маған әділдік пен адалдық беріп, күнә саналатын әр нәрседен сақтай гөр, уа тақуаларды күнәлардан сақтаушы!
-
Рамазан айының он бірінші күнінің дұғасы
Maм 05, 2020 12:46Уа, Алла! Бұл күні мені жақсы істерге қарай бұр. Бұзақылық пен күнәләрдан алыстат. Ашу-ызаға ерік беруіме тыйым сал, уа панасыздардың Құтқарушысы!
-
Рамазан айының оныншы күнінің дұғасы
Maм 03, 2020 14:54Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің дәргаһыңа тәуекел ететіндер мен бақыттылардың, Өзіңнің жақсылығыңа жақындардың қатарына қос, уа, мақсатқа жетуге талпынушылардың соңғы үміті!