Pars Today
Ұлық Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Бүгін мұсылмандардың ұлық мерекесі - Ораза айт күні
Уа, Алла! Осы айда менің оразамды Өзің мен Өз елшіңнің ризалығына себеп болатындай, нәтижесі әлемдіктердің Пәруәрдігерінің ерекше мадағына ие хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және хазіреттің пәк әулетінің хақы негізінде болатындай ете гөр.
Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің рақымдылығың мен мейіріміңе бөлеп, табысқа жеткізіп, тыйым салып, жүрегімді жаланың қаралығынан тазарта гөр, уа, иманды құлдарының мейірімді Құдайы!
Уа, Алла! Осы күні менің мұстахаб істерімнің сауабын көбейтіп, менің хақыма жататын мәселелерді шешуге көмектес. Өзің жаққа жететін құралдардың арасындағы құралымды жақындат, уа, табандылардың табандысы!
Уа, Алла! Бұл күні маған қадір түнінің берекесін нәсіп етіп, барлық істерім мен қиыншылықтарымды жеңілдете гөр. Тәубамды қабыл етіп, күнәларымды кешір, уа, өзінің лайықты құлдарына мейірімді Құдай!
Уа, Алла! Бұл күні менің істерім мен талпыныстарымды қабыл ете гөр! Осы айда күнәларымды кешіріп, ғамалдарымды қабылдап, кемшіліктерімді жасыра гөр, уа, дұғаларымызды естуші!
Уа, Алла! Осы күні мені достарыңның қатарына қосып, дұшпандарыңның дұшпанына айналдыр. Соңғы пайғамбарыңның ізбасарларының қатарына қос, уа, пайғамбарлардың жүректерін нұрландырушы!
Аллаға иман келтірген адам Құран туралы ойлануымен бірге Құран аяттары мен ілімдерін басқаларға түсіндіреді. Білім мен ақиқатты нақтылау Алла Тағаланың әулиелері мен ақсақалдарының парызы болды. Бұл күндерде Ислам мен адамзат дұшпандарының айтып жеткізгісіз шабуылымен бұл парыз маңызы артты. «Ағраф» сүресінің 163-166 аяттары: Жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан тыю.
Діни сарапшы Насер Рафии қасиетті Рамазан айына байланысты «Рум» сүресінің аяттарына тоқталды: