• Рамазан: отызыншы күнінің дұғасы

    Рамазан: отызыншы күнінің дұғасы

    Сәу 09, 2024 19:54

    Уа, Алла! Осы айда менің оразамды Өзің мен Өз елшіңнің ризалығына себеп болатындай, нәтижесі әлемдіктердің Пәруәрдігерінің ерекше мадағына ие хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және хазіреттің пәк әулетінің хақы негізінде болатындай ете гөр.

  • Рамазан: жиырма тоғызыншы күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма тоғызыншы күнінің дұғасы

    Сәу 09, 2024 19:53

    Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің рақымдылығың мен мейіріміңе бөлеп, табысқа жеткізіп, тыйым салып, жүрегімді жаланың қаралығынан тазарта гөр, уа, иманды құлдарының мейірімді Құдайы!

  • Рамазан: жиырма сегізінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма сегізінші күнінің дұғасы

    Сәу 07, 2024 17:57

    Уа, Алла! Осы күні менің мұстахаб істерімнің сауабын көбейтіп, менің хақыма жататын мәселелерді шешуге көмектес. Өзің жаққа жететін құралдардың арасындағы құралымды жақындат, уа, табандылардың табандысы!

  • Рамазан: жиырма жетінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма жетінші күнінің дұғасы

    Сәу 07, 2024 17:53

    Уа, Алла! Бұл күні маған қадір түнінің берекесін нәсіп етіп, барлық істерім мен қиыншылықтарымды жеңілдете гөр. Тәубамды қабыл етіп, күнәларымды кешір, уа, өзінің лайықты құлдарына мейірімді Құдай!

  • Рамазан: жиырма алтыншы күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма алтыншы күнінің дұғасы

    Сәу 07, 2024 17:51

    Уа, Алла! Бұл күні менің істерім мен талпыныстарымды қабыл ете гөр! Осы айда күнәларымды кешіріп, ғамалдарымды қабылдап, кемшіліктерімді жасыра гөр, уа, дұғаларымызды естуші!

  • Рамазан: жиырма бесінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма бесінші күнінің дұғасы

    Сәу 07, 2024 17:50

    Уа, Алла! Осы күні мені достарыңның қатарына қосып, дұшпандарыңның дұшпанына айналдыр. Соңғы пайғамбарыңның ізбасарларының қатарына қос, уа, пайғамбарлардың жүректерін нұрландырушы!

  • Рамазан: жиырма төртінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма төртінші күнінің дұғасы

    Сәу 03, 2024 22:31

    Уа, Алла! Бүгін Сенен Өзіңді риза ететін нәрсені сұрап, сені наразы ететін нәрседен өзіңді паналаймын. Өзіңе бағынуда табысты етіп, саған бағынбаушылық танытпаудан құтқар. Уа, мұқтаждардың Қолдаушысы!

  • Рамазан: жиырма үшінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма үшінші күнінің дұғасы

    Сәу 03, 2024 22:27

    Уа, Алла! Осы айда менің күнәларымды жуып, кемшіліктерімді жоя гөр. Жүрегімді тақуалықпен сына, уа, күнәһарлардың қателіктеріне көзжұмбайлық танытушы!

  • Рамазан: жиырма екінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма екінші күнінің дұғасы

    Сәу 02, 2024 17:00

    Уа, Алла! Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңның себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!

  • Рамазан: жиырма бірінші күнінің дұғасы

    Рамазан: жиырма бірінші күнінің дұғасы

    Сәу 02, 2024 16:58

    Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа. Жолыма шайтанды жолатпай, мені тыныштық табатын мекен – жәннатқа орналастыр, уа, ізденімпаздардың қажеттіліктерін орындаушы!