Құрандағы имамат пен велаят мәселесі 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i16363-Құрандағы_имамат_пен_велаят_мәселесі_1
Исламның ұлық пайғамбарынан кейінгі кезеңдегі исламдық үмбеттің басшылығы, яғни имамат мәселесіне қатысты екі көзқарас кездеседі. Имам – халықтың басшысы және Алла Тағала оны халыққа үлгі ретінде сайлаған адам.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 18, 2016 19:42 Asia/Almaty

Исламның ұлық пайғамбарынан кейінгі кезеңдегі исламдық үмбеттің басшылығы, яғни имамат мәселесіне қатысты екі көзқарас кездеседі. Имам – халықтың басшысы және Алла Тағала оны халыққа үлгі ретінде сайлаған адам.

Исламның ұлық пайғамбарынан кейінгі кезеңдегі исламдық үмбеттің басшылығы, яғни имамат мәселесіне қатысты екі көзқарас кездеседі. Сүнниттердің көзқарасы саналатын бірінші көзқарас бойынша, Исламның ұлық пайғамбары өзінен кейін ешкімді орынбасары ретінде таныстырмаған. Сондықтан пайғамбар дүниеден озғаннан кейін халық хазіреттің орынбасарын сайлауға міндетті болды. Ал шиіттердің көзқарасы саналатын екінші пікір бойынша, имамат – набават сынды белгіленген мәселе. Сондықтан, имамды сайлау – пайғамбарды сайлағаны сынды Алланың міндеті.  Бұл мәселе Құран мен Исламның ұлық пайғамбарының сүннетінде расталған. Халықты басқарған әр адам оларды басшысыз қалдырмайды. Сүнниттердің дереккөздерінде де екінші халифаның ұлы Абдолла бен Омар әкесінің өмірінің соңғы сәттерінде оған: «Халық Абубакрдің сені өзінің орынбасары етіп сайлағанын, бірақ сен орынбасарыңды сайламағаныңды айтуда. Егер түйелеріңді немесе қойларыңды бағатын адам келің мен отарыңды тастап кетсе, оны кінәлі санайтын едің. Халықты басқару түйе мен қой бағудан маңыздырақ. Алланың алдына барғанда Оның пенделерін басшысыз қалдырғаның үшін не деп жауап бересің?»- деген. («Сунан Бейхақи»  8-ші том, «Халифе әл-Авалие» 1-ші том). Айша да осы мәселеге қатысты Омардың ұлына: «Омарға сәлемімді жеткізіп, оған Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның үмбетін өзінен кейін басшысыз қалдырмауы керектігі туралы айт. Мен бүліктен қорқамын»,- деді. («Әл-Имамат әл-Саясат»). Айта кетін жайт, Муавие бен Аби Суфиян ұлы Язидті өзінің орынбасары деп таныстырған кезде: «Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның үмбетін өзімнен кейін шопансыз қалған қойлар сынды тастап кетуден алаңдаймын»- деген. («Табари тарихы» 3-ші том; «Әл-Имамат әл-саясат» 1-ші том).

Исламның ұлық пайғамбары сапарға шыққан сайын өзінің орынбасарын белгілейтін және еш уақытта халықты орынбасарсыз қалдырмайтын. Барлық тарихи кітаптарда бұл мәселе баяндалып, пайғамбардың өз орынбасары ретінде белгілеген адамдардың барлығының есімдері көрсетілген. Хазірет, тіпті өзі қатыспаған соғыстар мен басқа міндеттерді орындаған кезде бір адамды қолбасшысы және орынбасары ретінде сайлайтын. Яғни, халық сол адамға пайғамбардың өзіне бағынғандай бағынатын. Ол кейде орынбасары ретінде бірнеше адамды белгілейтін, өйткені егер олардың бірі зардап шексе, тәртіппен келесі адамдар қолбасшылықтың міндетін өз мойындарына алатын. Мәселен, Моте соғысында Зейд бен Харсені  қолбасшысы ретінде сайлап: «Егер ол зардап шексе Джафар бен Абиталеб, ал егер ол зардап шексе Абдолла Равахе қолбасшылық міндетін өз мойнына алады»,- деді. Сапарға шыққан кезде өзінің орынбасарын сайлап, ешбір топты басшысыз қалдырмайтын пайғамбар үмбеттің ең маңызды  мәселесі, яғни өзінен кейін орынбасар сайлауға немқұрайдылық танытып, халифат басшысын тағайындамады да?  Осыған орай шиіттер пайғамбардың өзінен кейінгі имам мен халифаны Алланың қалауымен анықтағандығына сенеді.

Құран Кәрім

Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 124-ші аятында: «Сол уақытты еске ал! Ыбырайым (ғ.с.)-ды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын.» деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да ете көр!»,- деді. Алла: «(Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды» деді»,- деп айтқан.  Бұл аятта Алла Тағала хазірет Ыбырайымды қартайған, өмірінің соңғы кезеңінде набаватын жылдар бойы орындағаннан кейін сынағанын және хазіреттің илаһи сынақтан абыроймен өтіп, имамат деңгейіне жеткені туралы баяндайды. Имамат хазіретке үлкен сынақтан өтіп, сабыр мен табандылығын білдіргеннен кейін сый етілген дәреже болды. Хазірет Ыбырайым қартайып, балалы болудан толық үмітін үзген кезде Алла оған Ысмайыл мен Ысхақты сыйлады. Ұлы Ысмайыл жігіт болған кезде Жаратушы хазірет Ысмайылды Оның ризалығына ие болу үшін ауыр сынақтан өткізіп, қартайған кезіндегі өмірінің ең үлкен тірегі болған перзенті Ысмайылды құрбандыққа шалуды бұйырды. Бұл сынақ хазірет Ыбрайымның жанкештілігі мен Аллаға толық бағынушылығын көрсетті. Хазірет бұл сынақтан өткен соң Жаратушы оны имамат дәрежесіне жеткізді. Имам – халықтың басшысы және Алла Тағала оны халыққа үлгі ретінде сайлаған адам. Сондықтан халық оған бағынуы керек. Имамат дәрежесінің хазірет Ыбрайымға жылдар бойы ресалат міндетін орындап, барлық илаһи үлкен сынақтардан өткеннен кейін берлгені имаматтың набават пен ресалаттан жоғары екенін көрсетеді. Сондықтан имам болып сайланатын адам пәк және кез келген күнәдән алыс болуы керек. Хазірет Ыбырайым Алладан: «Менің перзенттерімнің ішінде бұл дәрежеге ие болатыны бар ма?»- деп сұрағанда, Алла Тағала: «Менің уәдем залымдарға қатысты емес»,- деп жауап берді. Бұл аятта Жаратушы имамат дәрежесінің залымдарға берілмейтінін көрсетеді.  Яғни, егер адам тіпті өмірінің бір кезеңінде зұлымдық жасап, одан кейін еш уақытта оны қайталамаса да, илаһи түсінік бойынша, ол – залым. «Ниса» сүресінің 64-ші аятында: «Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»,- деп айтылған.  Имам – тіпті бір рет те зұлымдық жасамаған адам.

"Бақара" сүресі 124-ші аят

 Шиіттердің сегізінші имамы хазірет Реза (ғ.с.) имаматтың дәрежесі туралы: «Имамат –  хазірет Ыбырайым набават пен ресалаттан кейін ие болған дәреже. Имамат – Алланың сыйлаған, есімін жоғары көтерген үшінші дәрежесі: «Расында Мен сені халық үшін имам қылдым»,- деді. Халил қуанып: «Менің ұрпағыма беріледі ме?» деп сұрағанда Жаратушы: «Менің уәдем мен бұйрығыммен бұл дәреже залымдарға  берілмейді»,- деді.

 Бұл аяттан имаматты қияметке дейін залымдарға тапсырылмайтындығы белгілі болды. Бұл дәреже тек сайланған пәк адамдарға сыйланады. Шын мәнінде Алла өз пенделерін өзгертетін адамды сайлаған кезде оның жүрегін хикметпен толтырып, әр сұраққа күмәнсіз жауап бере алатындай өз білімін үйретеді. Бұл адам Алланың көмегіне ие болып, қате мен күдік-күмәннен алыс болады. Бұл илаһи дәреже тек Алланың қалауымен сыйланады. Адамзаттың өзі мұндай имамды сайлай алады ма, немесе олар сайлағандар басынан қажет ерекшеліктерге ие болады ма? Алланың үйімен ант етемін, Құранның аяттарына ұқсас жаза аламыз деп, Құранның айтқанымен жүрмегендер шапағат пен дұрыс жолға нұсқаудың Алланың кітабында екенін біліңдер. Алла оларды дұшпан санап, бақытсыз етіп: «Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды»,- деген. («Қасас» 50-ші аят).

Ислам пайғамбары мен оның пәк әулетіне Алланың нұры жаусын!