Құрандағы имамат пен велаят мәселесі 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i16366-Құрандағы_имамат_пен_велаят_мәселесі_2
«Мобаһеле» аяты имам Әли (ғ.с.)-ның артықшылығын және оның имаматының дәлелдерін растайтын аяттардың бірі саналады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 18, 2016 21:34 Asia/Almaty

«Мобаһеле» аяты имам Әли (ғ.с.)-ның артықшылығын және оның имаматының дәлелдерін растайтын аяттардың бірі саналады.

 Исламның ұлық пайғамбары набави үкіметі құрылып, исламдық үмбет құрылған соң Наджран христиандарына оларды Ислам дініне шақыру хатын жолдады. Наджран араб жерлерінің солтүстігіндегі, қазіргі Йеменнің шекарасындағы  христиандардың маңызды орталығы болды. Наджран христиандары Византия мен Хабашедегі шіркеулердің әйгілі адамдарымен жақын қарым-қатынас орнатқан еді. Олар хазірет Исаның құдай болуына сенген. Пайғамбар христиандарға жолдаған өз хатында: «Ыбырайым, Ысхақ және Яқубтың Құдайын мадақтап, сендерді Алланың пенделеріне құлшылық еетуден Оның Өзіне құлшылық етуге шақырамын. Сендерді Алланың пенделерінің басшылығынан шығып, Алланың велаятына  кіруге шақырамын. Егер менің шақыруымды қабылдамасандар, исламдық үкіметке салық төлейсіндер. Егер олай болмаса қатерге тірелесіңдер»,- деп жазды. Христиандар хатты алып, кеңес құрып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды жақыннан көріп, оның набаватының себептерін зерттеу үшін Мединеге Наджран өкілдерінің тобын жіберу шешім қабылдады. Сөйтіп, исламның ұлық пайғамбарын жақыннан көріп, дұрыс шешім жолын табу үшін христиандардың әйгілі тұлғаларының  бір тобы олардың ішінде топты басқарған христиандардың үш діни басшысы Мединеге кіреді.

Мобаһеле мешіті

Құран Кәрімде айтылғандай Наджран өкілдері хазіреттің қасына барып, бір адамның  әкесіз дүниеге келгені туралы айтып, хазірет Исаның құдай немесе құдайдың ұлы болғаны туралы уәжденді. Сол кезде олардың уәждерін теріске шығару үшін «Әл-Имран» сүресінің 59-шы аяты жіберілді. Бұл аятта хазірет Исаның Алланың қалауымен ата-анасыз дүниеге келген хазірет Адам сынды жұбайы жоқ пәк ана хазірет Мәриәмнан дүниеге келгені және бұл оқиғаның әлем үшін мұғжиза болғаны туралы жеткізді.  Алла тағала қаласы әр нәрсе мүмкін болады. Хазірет Исаны  Құдайдың перзенті деп санаған христиандар мұндай дәлілі бар жауапты естіп, оны теріске шығаруға кірісті. Пайғамбар олардың іс-әрекетерінен  шаршады. Сол уақытта алланың бұйрығымен «Әл-Имран» сүресінің 61-ші аяты жіберіліп, оларды мобаһелеге (қарғыс айтуға) шақырды: «Ал Иса (ғ.с.) жайында саған мәлімет келгеннен кейін өзіңнен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды, әйелдерімізді, әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. Сонсоң Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын! деп қарғасайық» де».

"Әл Имран" сүресі 64-ші аят

Келесі күні екі жақ Мединенің айналасындағы далаға шығады. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қасында  қызы хазірет Фатима (ғ.с.),   күйеу баласы хазірет Әли (ғ.с.), екі немересі имам Хасан (ғ.с.) және имам Хусейн (ғ.с.) болған еді.  Пайғамбар имам Хусейн (ғ.с.)-ді көтеріп,  имам Хасан (ғ.с.)-ды қолынан ертіп келе жатыр еді.  Қызы хазірет Фатима (ғ.с.) күйеу баласы хазірет Әли (ғ.с.) хазіреттің соңынан жүріп келе жатты. Христиандар  пайғамбар қарғыс айтуға  көп адаммен келеді деп ойлады. Алайда олар  тек жанұясымен бірге  аспай-саспай, ақыл-кеңес беріп келе жатқан пайғамбарды көреді. Таңырқаған христиандардың жүрегін алаңдаушылық пен қорқыныш жайлайды. Наджран үлкендерінің бірі топты басқарған эпископке: «Қара! Ол тек қызы мен күйеу баласын және екі немересін ғана ертіп келді»,- деді. Дауысы дірілдеген Наджран эпископы: «Дәл осы жәйт шындықтың оның жағында екенін көрсетеді. Лағынет айтуға көп адам ертіп келудің орнына ол тек өз жақындарын ғана ертіп келді. Шындық оны жағында екендігі анық, өйткені  ол лағынеттерге қалқан ретінде ең жақын адамдарын қойып отыр. Менің ойымша, қарғыс айту қажет емес. Мен көріп тұрған жүздері нұрланған бес адам  дұға тілесе тау қопарады. Лағынет айтатын болсақ, біз құримыз, қияметке дейін жер бетінде христиандар қалмайды»,- деп жауап берді. «Мобаһеле» оқиғасы Исламның ұлық пайғамбары әулетінің ең маңызды құжаты. Өйткені бұл аят пайғамбардың қасындағы адамдардың қандай жоғары мәртебеге ие болғандарын анықтайды. Бұл аятта имам Хасан мен имам Хусейн пайғамбардың перзенттері және хазірет Фатима (ғ.с.) набави әулеттің сайланған әйелі ретінде көрсетілуімен бірге имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың жаны ретінде көрсетілген. Ұлы Алланың бір адамды пайғамбардың жаны болатындай мақамға көтеруінен жоғары мақам бар ма.

"Мобаһеле" аяты

«Мобаһеле» аяты имам Әли (ғ.с.)-ның артықшылығын және оның имаматының дәлелдерін растайтын аяттардың бірі саналады. Бұл аятта имам Әли (ғ.с.)-ның исламның ұлық пайғамбарының  жаны ретінде көрсетілген. Кейбіреулер «жаны» деген сөзді адамның денесіндегі қаны мен жаны емес деп санайды. Сондықтан «жаны» деген сөз бұл аятта Алланың алдында  ғиззат, адамгершілік, махаббат, жанкештілік пен айбындылққа ие Исламның ұлық пайғамбары сында адам. Тарихи кітаптар мен рауаяттарда Аббаси халифасы Мамунның күндердің бірінде имам Реза (ғ.с.) мен біраз ғалымдар қатысқан отырыс өткізгені туралы айтылған. Бұл жиында Мамун исламдық үмбеттің таңдаулы адамдары уралы сұрақ қояды. Имам Реза (ғ.с.): «Құранның бірнеше аяттарында әшкере түрде артықшылық туралы айтылған. Біріншіден «татхир» аятында пайғамбар әулетінің әр ластан пәк екендігін дәлелдейді. Екіншісі «Мобаһеле» аяты. Бұл аят жіберілген кезде имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиа-Заһра (ғ.с.) және имам Хасан мен имам Хусейннің пайғамбардың жаны екендірі айқындалды»,- деген. Мамунның имам Реза (ғ.с.)-нан сұраған келесі сұрағы: «Неге халық біз екеуіміздің пайғамбардың ұрпағынан екенін біле тұра сізді немесе Алла елшісін жақтайды, бізге сондай назар аудармайды»,- деді. Мамун пайғамбардың Аббас көкесінің ұрпағынан болған. Имам Реза (ғ.с.): «Неге бізді және Алла елшісін жақтайтындары туралы халықтың өзінен сұра»,- деп жауап берді. Мамун: «Жауапты өзіңнен естігім келеді»,- деп сөзінен қайтпады. Имам Реза (ғ.с.): «Мобаһеле аятындағы «біздің ұлдарымыз» үшін. Аталмыш аятта Алла Тағала имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.)-ды Алла елшісінң перзенттері деп таныстырды және халық бізді Алла елшісінң перзенттері деп санайды.  Ал «Әл-Имран» сүресінің 61-ші аяты мен «біздің ұлдарымыз» деген сөз сендер туралы емес»,- деп жауап берді.

Мамун келесі сұрағын қойып, имам Реза (ғ.с.): ««Біздің әйелдеріміз» деген сөз тіркес қолданылғанымен пайғамбар өз әйелдерінің ешбіреуінің атын атамады, «Мобаһеле» оқиғасында тек пайғамбардың қызы хазірет Фатима (ғ.с.)-ның ғана аты аталған»,- деп сөзін жалғастырды. Мамун: «Біздің әйелдеріміз» деген сөзтіркес қолданылғанымен «Мобаһеледе» тек пайғамбардың қызы ғана қатысқан, сондықтан имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) Алла елшісінің  перзенттері емес, ұлы және перзенті деген сөздер жалпы қолданылған» деп айтқысы келді.

Имам Реза (ғ.с.) Мамунге: «Сенің бұл дәлелің «біздің жанымыз» деген сөз айтылмағанда дұрыс болар еді. «біздің жанымыз» деген сөзтіркес имам Әли (ғ.с.)-ның пайғамбардың жаны екенін білдіреді. Хазірет Фатима-заһра (ғ.с.) имам Әли (ғ.с.)-ның әйелі және «біздің әйелеміз» деген сөздер имам Әли (ғ.с.)-ның пікірінше дұрыс, өйткені ол пайғамбардың жаны. Осыған орай «әйелдер» деген сөз жалпы сөз емес, шындық. «Біздің ұлдарымыз» деген сөзтіркес те – шындық»,- деп анықтады. Мамун имам Реза (ғ.с.)-ның жауабын естіп, басын түсіріп: «Пәк имамдарды Алла елшісінің перзенттері деп оқыған – дұрыс»,- деп мойындады.