Құрандағы имамат пен велаят мәселесі 3
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i16372-Құрандағы_имамат_пен_велаят_мәселесі_3
Сүнниттердің философы, діни ғалымы Фахр Рази өзінің «Тафсир Кабир» кітабында: «Алла Тағала қасиетті аятында әмір иелеріне бағынуға бұйырды, яғни оларға бағынуды уәжіп еткеніне қарағанда әмір иелері қателік пен күнәдән пәк адамдар болуы керек. Өйткені, егер қатеден пәк болмаса және қателессе, аятта айтылғандай оларға бағынып, қате жұмысты орындаймыз. Негізінде қатені қайталауға болмайды»,- деп жазған.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 18, 2016 21:44 Asia/Almaty

Сүнниттердің философы, діни ғалымы Фахр Рази өзінің «Тафсир Кабир» кітабында: «Алла Тағала қасиетті аятында әмір иелеріне бағынуға бұйырды, яғни оларға бағынуды уәжіп еткеніне қарағанда әмір иелері қателік пен күнәдән пәк адамдар болуы керек. Өйткені, егер қатеден пәк болмаса және қателессе, аятта айтылғандай оларға бағынып, қате жұмысты орындаймыз. Негізінде қатені қайталауға болмайды»,- деп жазған.

Алла Тағала «Ниса» сүресінің 59-шы аятында мүміндерді өзіне, пайғамбары мен әмір иелеріне бағынуға шақырып: «Әй, мүміндер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда, егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, қайырлы да нәтижеде жақсы»,- деді.

Әрине Аллаға  құлшылық ету, яғни оның бұйрықтарын орындау, соның ішінде намаз оқып, зекет беру, қажылыққа бару, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру сынды тағы да басқа ғибадаттар жатады. Олар халыққа Исламның ұлық пайғамбарының аузынан жеткізілген. Соғысу немесе бейбітшілікке келуге, сондай-ақ басқа үкіметтік істерге Исламның ұлық пайғамбарымен мұсылмандардың басшысы ретінде бұйырылған. Алла Тағала пайғамбардың барлық бұйрықтарын орындауға шақырады. Маңызды мәселе пайғамбарға бағынған кезде хазіреттің бұйрықтарын ешбір күдік-күмән мен шартсыз орындаудың қажеттігінде. Ал ата-ананы тыңдау және оларға жақсылық жасау туралы айтқан кезде: «Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба»,- деді. («Анкабут» сүресі, 8-ші аят).

Әй, мүміндер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар!

Аяттардың көбінде пайғамбарға бағыну Аллаға құлшылық етумен бірге жүреді. Мәселен, «Әл-Имран» сүресінің 132-ші аятында: «Әрі Аллаға және Елшісіне бой ұсыныңдар, әлбетте мәрхаметке бөлеңесіңдер»,- деп айтылған.

Алла Тағала оларға құлшылық етуді өзі және өз елшісіне құлшылық еткендей оларға да бағынуды бұйырған әмір иелері кімдер? Олар билік басындағылар және қоғамды басқарушылар ма? Құранның көзқарасы бойынша олар кімдер? Яғни, өз заманында билікке ие болған әрбір адамға бағыну қажет пе? Егер Құранның мағнасы солай болса, аяттың басы мен соңы бір-біріне қайшы болады. Өйткені егер, басшы илаһи бұйрыққа қайшы бұйрық берсе, аяттың басында Алланың бұйрықтарын орындау міндет және әр бұйрықтан жоғары деп айтылған, аяттың соңында илаһи бұйрыққа қарсы адамдарға бағыну бұйырылатын болады. Сондықтан Алла бағынуды бұйырған әмір иелері кез келген күнә мен ластықтардан алыс адамдар болуы керек. Сүнниттердің философы, діни ғалымы Фахр Рази өзінің «Тафсир Кабир» кітабында: «Алла Тағала қасиетті аятында әмір иелеріне бағынуға бұйырды, яғни оларға бағынуды уәжіп еткеніне қарағанда әмір иелері қателік пен күнәдән пәк адамдар болуы керек. Өйткені, егер қатеден пәк болмаса және қателессе, аятта айтылғандай оларға бағынып, қате жұмысты орындаймыз. Негізінде қатені қайталауға болмайды»,- деп жазған. Фахр Рази шиіттердің де наным-сенімдерін теріске шығарып: «Егер әмір иелерін пәк имамдар деп білсек, аятта сөздің көпше түрі пайдаланылған, ал әр заманда пәк имам тек біреуден артық болмайды»,- дейді. Мұның жауабы анық. Аталмыш аят үмбеттің тек бір кезең, тек бір ғасырдағы міндетін анықтамайды. Бұл аят барлық замандар мен барлық ұрпақтардың міндетін анықтайды. Исламның ұлық пайғамбарының сахабаларының бірі Джабер бен Абдолла Ансари: «Пайғамбарға «Ниса» сүресінің 59-шы аятын жіберген кезде мен хазіреттен: «Біз Алла мен оның елшісін таныдық, бірақ Жаратушы оларға бағынуды бұйырған әмір иелері кімдер?»- деп сұрадым. Пайғамбар: «Әй, Джабер! Олар менің орынбасарларым және мұсылмандардың менен кейінгі имамдары. Олардың бірі Әли бен Абиталеп, содан соң Хасан, Хусейн, Әли бен Хусейн мен Таурәтта «Бақер» деп аталған Мұхаммад бен Әли. Әй, Джабер! Сен оны көресің. Сол кезде менің сәлемімді жеткіз. Одан кейін Джафар бен Мұхаммад Садық, Мұса бен Джафар, Әли бен Мұса, Мұхаммад бен Әли, Әли бен Мұхаммад пен Хасан бен Әли және соңғысы менімен аттас, күниесі де менікі сынды Хасан бен Әлидің ұлы. Ол – Алланың пенделерінің арасындағы соңғы дәлелі; Жаратушы соның  арқасында жердің түкпір-түкпірін жеңіп алатын адам. Ол шиіттер мен өз достарынан жасырынады. Оның имаматына шын жүректен иман келтіргендер  ғана табанды қалады»,- деп жауап берді. «Уа, Алланың елшісі! Ол жасырын қалған кезде шиіттер онымен қарым-қатынас орната алады ма?»- деп сұрағанымда: «Иә, Пайғамбарды сайлаған Алламен ант етемін, олар  оның нұрынан нұрланып, велаятын пайдаланады. Әй, Джабер! Бұл илаһи құпиялар, сондықтан ақылсыздардан жасыр»,- деді»,- деп есіне алатын.