Құрандағы имамат пен велаят мәселесі 4
Алла Тағала «Мәиде» сүресінің 55-ші аятында тек үш жайтты мүміндер басшысы деп таныстырып, бұл деңгейді басқалар үшін теріске шығарып: «Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рүкуһ қылушы мүміндер»,- деді.
Қасиетті Құран кітабы бойынша адам кемелдікке жетуі үшін Жаратушының бұйрықтарына бағынып, оларды орындауға міндетті. Алла Тағала еш нәрсеге және ешбір іске мұқтаж емес және өз жаратылыстарына да мұқтаж емес. Аллаға құлшылық ету адамға мәңгілік бақытқа жету үшін қажет. Бірақ бұл құлшылық өткен бағдарлама мен «Ниса» сүресінің 59-шы сүресінде «Әй, мүміндер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар..»,- деп айтылғандай, тек Аллаға ғана қатысты емес, Алланың елшісі мен әмір иелеріне, яғни пәк имамдарға қатысты. Сондықтан ешбір шартсыз Аллаға бағынуымыз керек. «Мәиде» сүресінің 55-ші аяты «Велаят аяты» деп танымал болған.
Алла Тағала «Мәиде» сүресінің 55-ші аятында тек үш жайтты мүміндер басшысы деп таныстырып, бұл деңгейді басқалар үшін теріске шығарып: «Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рүкуһ қылушы мүміндер»,- деді.
Бұл аятта Алла Тағала велаят дәрежесіне ие болатын мүміндер үшін ғана арнайы белгілерді анықтады: олар намазды толық орындап, зекет берушілер. Сүнниттердің ғұламасы Хасакани «Шавахед әл-Танзил» кітабында: «Күндердің бірінде Абдолла бен Аббас «Зәмзәм» бұлағының қасында Алла елшісінің хадисін айтып отыр еді. Сол кезде басында сәлдесі бар, бетін жапқан ер адам жақындады. Ибн Аббас: «Алла елшісі былай деп айтты»,- деген сайын ол адам да: «Алла елшісі былай деді»,- деп қайталайды.
Ибн Аббас ер адамға бұрылып: «Алламен ант етемін, сен кімсің?»- деп сұрағанда ер адам бетін ашып: «Мені білетіндер таныған болар, танымағандар біліңдер: мен Джандоб бен Джаноде Бадри, Абозар Ғамаримын. Мен өз құлағыммен пайғамбардан: «Әли – жақсылық жасаушылардың басшысы және кәпірлерді өлтіруші. Оны қолдаған адамды Алла қолдайды. Оны қолдамаған адамды Алла қолдамайды» дегенін естігем. Бір күні мен Алла елшісімен бірге түскі намазды оқып жатқан кезде бір тіленші мешітте адамдардан көмек сұрады. Бірақ ешкім оған еш нәрсе бермеді. Сол кезде тіленші басын аспанға көтеріп: «Уа, Алла! Алла елшісінің мешітінде көмек сұрған кезде ешкімнің маған еш нәрсе бермегенінің куәсі бол» дейді. Рукуһ жасап жатқан имам Әли (ғ.с.) жүзігі бар оң қолының кіші саусағымен әлгі адамға белгі береді. Ер адам имамның саусағынан жүзігін алып, өз жолымен кетеді. Мұның барлығын пайғамбар көреді. Пайғамбар намазын аяқтаған соң аспанға қарап: «Уа, Алла! Бауырым Мұса өзіңнен сұрап: «Жаратушы, менің кеудемді қысымнан босатып, жұмысымды жеңілдет және сөзім түсінікті болатындай тілімді босат. Харун бауырыма күш беріп, ісіме көмекші қыл»,- деді. Көп ұзамай сен оған жолдау жіберіп: «Жақын арада сені бауырыңның арқасында күшейтеміз»,- дедің. Уа, Алла! Мен Мұхаммад, өзің сайлаған пайғамбармын. Менің де кеудемді қысымнан босатып, жұмысымды жеңілдететіп, бауырым Әлимен менің жолымды күшейт»,- деп сұрағанда Абозар: «Алламен ант етемін пайғамбар сөзін аяқтамай жатып, Жебірейіл келіп: «Уа, Мұхаммад! Алланың бауырың туралы айтқаны қандай маңызды»,- деді. Пайғамбар: «Жебірейіл, не туралы айтып тұрсың?» деп сұрағанда Жебірейіл: «Алла сенің үмбетіңді қияметке дейін басшы етті. Соған қатысты жіберілген аятта: «Сендердің басшыларың тек Алла. Оның елшісі және иман келтіргендер намаз оқып, рукуһ жасап, зекет береді»,- деп айтылған.
Кейбір адамдар бұл аятта «муменин» деген сөздің тек имам Әли (ғ.с.)-ға қатысты болуына қарамастан оның көпше түрінің қолданылуын бұрыс деп санауы мүмкін. Бұл мәселеге жауап беру үшін араб әдебиетіне көңіл бөлген жөн. Араб тілінде сөздің жекеше түрі көбінесе тек бір адам үшін ғана қолданылғанымен оны керісінше де пайдалануға болады. Бұл да дұрыс болып саналады. Сол себепті тек бір адам туралы айтылғанымен, сөздің көпше түрі қолданылды. Құран Кәрімнің көптеген аяттарынан да осы тәсілді байқауға болады. Мәселен, «Мұнафеқин» сүресінің 5-ші аятында: «Егер оларға: “Келіңдер, Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін” делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Олар бет бұрып, тәкаппарланады», және бұл сүренің 7-ші аятында: «Олар: “Алланың Елшісінің жанындағы кісілерге еш нәрсе бермеңдер, олар тарқап кетсін” дейді»,- деп айтылған. Алланың бұл екі аятында тәкаппарлығын білдіріп, Алла елшісін тыңдамаған мұнафықтар туралы айтылған. Бұл аяттарда Алла мұнафықтарға қатысты бұйрық шығарды. Бірақ сүниттердің ең сенімді Табари мен Сиюти тәпсірлеріне назар аударсақ, сөздің Абдолла бен Убай деген адамға оралатынын көреміз. Сүнниттердің әйгілі тәпсіршілерінің бірі Замахшари өзінің «әл-Кашшаф» тәпсірінде «велаят» аяты туралы: «Иман келтіргендер деген сөз тіркесінің имам Әли (ғ.с.) туралы екені қайдан белгілі деп сұраған адамдарға: «Егер сөздің жекеше түрі қолданылған болса, ол ерге қатысты. Егер көпше түрі қолданылса халықты жұмысына жігерлендіріп, соңында ол сауап болатын істі орындайды. Сонымен, мүміннің жаратылысындағы жақсылық пен кедейлерге көмектесу сезімі жоғары болатындықтан, егер тіпті намаз кезінде жақсылық жасайтын жағдай туындаса, оны кейінге қалдырмай, орындауға тырысады»,- деген.

Бұл аяттағы келесі маңызды мәселе «вали»-басшы деген сөздің жекеше түрінің қолданылғаны болып табылады. Бұл аятта Алла Тағала өзінен кейін мүміндердің басшылығы Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет Әли (ғ.с.)-ға деп тиесілі баяндады. Бірақ сөздің «аулиаикум» деген көпше түрін пайдаланудың орнына «валикум» деген жекеше түрі қолданылған.
Өйткені, Алла Тағала велаятын өз міндетінен алмастан, Алла елшісі мен хазірет Әли (ғ.с.)-ның ықтиярына тапсырды. Шын мәнінде, Алланың велаяты мен пайғамбар және хазірет Әли (ғ.с.)-ның велаяты бір велаяттың түрі. Олардың айырмашылығы Алланың велаятының тәуелсіз, ал пайғамбар мен имамның велаяттарының Алланың велаятына байланысты болуы болып табылады. Бұл шиіттердің «Алла елшісі мен пәк имамдар – Алланың пенделері. Сондықтан олардың ықтиярындағы әрбір нәрсені оларға Алла сыйлаған. Олардың өз бастарында еш нәрсе жоқ» деген наным-сенімдеріне сай келеді.