Құрандағы имамат пен велаят мәселесі 5
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i17047-Құрандағы_имамат_пен_велаят_мәселесі_5
«Ахзаб» сүресінің 33-ші аятында да имаматтың негізгі шартының пәк болу екендігі туралы ескертілген. «Ахзаб» сүресінің 33-ші аяты«Татхир» аяты деп танымал болған.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 29, 2016 17:50 Asia/Almaty

«Ахзаб» сүресінің 33-ші аятында да имаматтың негізгі шартының пәк болу екендігі туралы ескертілген. «Ахзаб» сүресінің 33-ші аяты«Татхир» аяты деп танымал болған.

«Бақаре» сүресінің 124-ші аятында хазірет Ибрахимнің имаматы туралы айтылып, хазірет Ибрахимнің набоват пен ресалат міндетіне ие болуымен бірге өмірінің соңында ауыр сынақтардан өткеннен кейін  имамат міндетіне таңдалғаны көрсетілген. Содан соң хазірет бұл илаһи міндетті перзенттеріне сұрайды. Алла Тағала  хазірет Ибрахимге: «Бұл міндет зұлымдық жасаушыларға берілмейді»,- деп жауап берді. Имамат илаһи міндет болғанымен, адамдар оны сайламайды, ол ешбір зұлымдық жасамаған адамға сый етіледі. «Ахзаб» сүресінің 33-ші аятында да имаматтың негізгі  шартының пәк болу екендігі туралы ескертілген.

«Әй, пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды». Бұл аят Алланың Исламның ұлық пайғамбары әулетінен жамандық пен ластықтарды алыстатуы туралы. Алайда Алланың пайғамбар әулетінен алыстататыны қандай ластықтар?

«Әй, пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды».

Исламдық мәтіндерде ластықтар материалдық және рухани болып бөлінеді. «Анғам» сүресінің 145-ші аятында «жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті» материалдық ластықтар ретінде аталған. Басқа кейбір аяттарда күнә, бұзақылық, надандық, дүниеқоңыздық, нәпсі, шірк, кәпірлік, бедғат және тағы басқалар ластықтар деп көрсетілген. Бірақ «Татхир» аятында ластықтар мен жамандықтардың қатарына ахлақи жамандықтар, жағымсыз сипаттар мен жаман іс-әрекеттер енгізілген. «Татхир» аяты пайғамбардың әйелдеріне арналған аяттардың арасында орналасқан. «Ахзаб» сүресінің 30-32-ші  аяттары және 33-ші аятының бірінші бөлімінде: «Әй, аайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір ұятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. Бұл Аллаға оңай. Сендерден кім Аллаға, Пайғамбарына бой ұсынып, ізгі іс істесе, оған да екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ оған мол несібе береміз. Әй, Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлдекім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер. Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар. Сондай-ақ намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар...»,- деп айтылған. Ескерту, бұйрық және қорқытудан кейін егер ізгі іс істеңдер, былай, егер жаман іс қылсаңдар, олай болады деп, аналық текті аталық текке және сөйлемнің екпінін өзгертіп: «..Алла сендерден арамдықты (ластықтарды) аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды»,- деп айтады. Кейбір тәпсіршілер екпіннің өзгеруін Құранның көркем тілі деп атап, араб сөзі мен өлеңдерінде мұндай жайттардың  көп кездесуіне және кенеттен келесі маңызды мәселені баяндап, содан соң одан бұрынғы тақырыпты жалғастыратындығын еске салады. Басқалар сүннит және шиіт кітаптарындағы көптеген рауаяттарға көңіл бөліп: «Татхир» аяты толығымен тәуелсіз және оған дейінгі әрі кейінгі аяттарға байланысты емес. Өйткені Құранның пайғамбардың әйелдеріне айтқаны олардың пайғамбарға ақылсыз талап-тілектер қоюына байланысты болды. Ал «Татхир» аяты Исламның ұлық пайғамбарының өзіне, имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) және имам Хасан мен имам Хусейн (ғ.с.)-ға қатысты»,- дейді.  Алла елшісінің сахабалары, табаин мен исламдық ғұламалардің пікірінше, «Татхир» аяты бес адамға арналып жіберілген. Тіпті бұл аяттың жіберілуінің куәсі болған және бұл аятта айтылған адамдардың қатарына кіруге үміттенген Умма Салламе мен Айша оның бес адам туралы екендігін мойындап: «Бұл аяттағы пайғамбардың әулеті: пайғамбар, имам Әли, хазірет Фатима-Заһра, имам Хасан мен имам Хусейн»,- деген. Абдолла бен Ахмадтың «Ғаиат әл-Марам» деген кітабында Умма Саламменің: ««Татхир»  аяты менің үйімде жіберілді. Сол кезде үйде жетеуіміз: Жебірейіл, Микаил, Әли, Фатима, Хасан, Хусейн және мен болдық. Мен есікке жақын отырған едім. Алла елшісінен: «Мен сенің әулетіңнің қатарына кіремін бе?»- деп сұрадым. Пайғамбар: «Сен дұрыс жолға нұсқалдың! Сен пайғамбардың әйелдерінің бірісің»,- деп жауап берді»,- деп айтылғаны туралы жазылған.  

Сүнниттердің әйгілі тәпсіршісі Салби де «Әл-Кашф әл Байан» кітабында: «Пайғамбардың әйелі Айшадан Джамал соғысы және көптеген қиратулар әкелген бұл соғысқа араласуы туралы сұраған кезде: «Бұл илаһи тағдыр болды!»- деді. Және одан хазірет Әли туралы сұраған кезде: «Менен пайғамбар үшін ең сүйікті болған және пайғамбардың ең жақын адамының жұбайы болған адам туралы сұрайсыңдар. Мен пайғамбардың Әли, Фатима, Хасан және Хусейннің үстіне біртұтас матаны жауып; «Уа, Алла! Бұлар менің әулетім, олардан жамандық пен ластықтарды алыстат»,- дегенін  өз көзіммен көріп, естідім. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Мен де олардың қатарына кіремін бе?»- деп сұрадым. Хазірет: «Сен қашықтықты сақта! Сен жақсылықтарға ортақсың (бірақ бұл жиынға кірмейсің)»- деді»,- деп жауап берді. «Әл-Мұстадрок Әли әл-Сахихин» кітабындағы рауаятта: «Күндердің бірінде пайғамбар: «Менің қасыма шақырыңдар! Менің қасыма шақырыңдар!»- деген кезде: «Уа, Алла елшісі, кімді шақырайық?»- деген сұрақ естіледі. Хазірет: «Әулетім: Әли, Фатима, Хасан мен Хусейнді»,- деді. Олар келген соң пайғамбар өз абасын олардың үстінен жауып, қолын көтеріп: «Уа, Алла! Бұл адамдар менің әулетім!»,- деді. Сол кезде «Татхир» аят жіберілді»,- деді. «Татхир» аятында Исламның ұлық пайғамбары әулетінің ерекшелігі туралы айтылған. Осыған орай пәк имамдар әрқашан пікірталастарында осы аятты пайдаланатын. Имам Әли (ғ.с.) кеңес күні бұл аятқа көңіл аударып: «Алламен ант етемін, сендердің араларыңда «Татхир» аяты ол туралы жіберілген адам бар ма? Аталмыш аят жіберілген кезде Алла елшісі мен Фатима, Хасан мен Хусейннің үстінен жауып: «Уа, Алла! Осылар менің әулетім. Сондықтан олардан жамандық пен ластықтарды алыстат, оларды пәк ет»,- деген»,- деп сұрады. Кеңес мүшелері: «Ондай адам жоқ»,- деп жауап қайтарды.

Имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.) әкесі шәһид болғаннан кейін халыққа уағыз айтып отырған кезде: «Бұл кеште ғамалымен одан алға ілгерілмеген және келешек ұрпақ ол сынды бақытты бола алмайтын адам дүниеден озды. Ол жиһадқа шығып, Алла елшісі әрқашан оны өз байрағымен әр жерге жіберетін. Жебірейіл оң жағынан, Микаил сол жағынан оны қолдаған. Алла оның қолымен жеңістерді Исламның несібесі етті. Мен хабар жеткізуші перзентпін, мен Аллаға қарай және Оның бұйрығын орындауға шақыратын перзентпін. Мен Серодж Монирдің перзентімін. Мен Алла   ластықтарды алыстатқан  үйдін перзентімін»,- деп баса айтты.

  "татхир" аяты