Құрандағы имамат пен велаят мәселесі 6
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i17503-Құрандағы_имамат_пен_велаят_мәселесі_6
«Үгіт-насихат аяты» деп танымал болған «Мәиде» сүресінің 67-ші аятында набоват пен пайғамбарлық міндеттен кейінгі ислам әлемінің келесі ең маңызды мәселелерінің бірі туралы айтылған.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 06, 2016 17:07 Asia/Almaty

«Үгіт-насихат аяты» деп танымал болған «Мәиде» сүресінің 67-ші аятында набоват пен пайғамбарлық міндеттен кейінгі ислам әлемінің келесі ең маңызды мәселелерінің бірі туралы айтылған.

 «Құрандағы имамат пен велаят мәселесі» атты бағдарламаның соңғы бөлімін тыңдауға шақырамыз. Ислам – барлық замандардағы барлық адамдар үшін жіберілген мәңгілік дін.  Исламның ұлық пайғамбары бұл қасиетті дінді таратып, алға ілгерілету үшін өзінің барлық мүмкіндіктері мен барлық мұрсаттарды пайдаланды. Исламның ұлық пайғамбарының ерекше жанкештілігі еш нәрседен қорықпай, халықтың иманы үшін тіпті жанын қиюға баратындай жағдайға жетті. Осыған орай «Шұғара» сүресінің 3-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Олар иман келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың»,- деп жазылған. Сондай-ақ, «Тәубе» сүресінің 128-ші аятында Алла Тағала оның жоғары сипаттарын мадақтап: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді»,- деп айтылған.

"Үгіт-насихат" аятының үзіндісі

 «Үгіт-насихат аяты» деп танымал болған «Мәиде» сүресінің 67-ші аятында набоват пен пайғамбарлық міндеттен кейінгі  ислам әлемінің келесі ең маңызды мәселелерінің бірі туралы айтылған. Исламның ұлық пайғамбарының өмірінің соңында жіберілген бұл аятта пайғамбарға өзінен кейінгі халифат әрі орынбасар мәселесін халыққа айтып, халықтың міндетін анықтау туралы бұйрық берілген. Бұл аят Исламның ұлық пайғамбарына жолдаумен басталып, хазіреттің міндетін қуаттап: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды»,-  деп еске салады. Содан соң пайғамбардың ислам мен өз ресалатын қорғауға қатысты алаңдаушылығы мен қорқыныштарыын шешу үшін оны жұбатып: «Алла сені адамдардан қорғайды» және соңында пайғамбардың ресалатын теріске шығаратын адамдарға: «Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды» деп ескертті.

 «Үгіт-насихат аяты» өзінің ерекше екпіні және пайғамбардың қорқытуларымен пайғамбардың ресалат міндетіндегі маңызды мәселені көрсетеді. Басқаша айтқанда, егер іс орындалмаса, пайғамбардың міндеті аяқталмай қалады. Бүкіл Құранда тек осы аятта ғана пайғамбарға  «егер айтпасаң, 23 жылдық пайғамбарлық міндетің кезінде айтылған бүкіл сөздерің босқа кетеді» деп ескертілген. Бірақ бұл мәселе намаз, ораза, жиһад, зекет пен басқа исламдық тағылымдарға қатысты емес. «Мәиде» – сүресі пайғамбардың өмірінің соңында жіберілген соңғы сүрелердің бірі. Пайғамбар өз өмірін қиюға қорықпайды. Өйткені ол жылдар бойы пұттармен жалғыз күресті. Мүшіріктермен соғыс кезінде де еш нәрседен қорықпай, ешқашан жеңілмеді. Мұның барлығы және аталмыш аяттың жіберілуі бұйрықтың Алла елшісінің орынбасарлығы мен халифат мәселесіне арналғанын көрсетеді. Расында орынсыз ырымшылдықтар бұл аятқа қатысты шындықтардың көбін жасырын қалдырып, барша мұсылмандарға соларды пайдалануға мүмкіндік тудырмады. Сүннит ғұламаларының әр түрлі тәпсірлері мен хадис және тарихи кітаптарында бұл аяттың имам Әли (ғ.с.)-ға қатысты жіберілгені туралы көптеген рауаяттар жазылған. Кейбір рауаяттар толық әрі ұзақ, басқалары қысқа, рауаяттардың кейбіреуі оқиғаның бір үзіндісін, келесілері басқа үзінділерін баяндайды. Алайда барлық рауаяттарда исламдық тарихтың мәліметтері қолданылған.

Исламның ұлық  пайғамбарының  өмірінің соңғы жылындағы қажылық пайғамбардың қатысуымен салтанатты түрде өтті. Мәдинеден қайтқан  жолында Джехфе жеріне жақын жерде Жебірейіл түсіп: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр (халыққа толық жеткіз)» деген аятты жеткізді. Пайғамбар халыққа тоқтауды бұйырды. Мұсылмандар дауыстап, алға кеткендерді кейін қайтуға шақырып, артта қалғандар оларды жеткенше күтті. Түскі намаздың уақыты келді. Күн қатты ыстық еді. Жамағат намаз пайғамбардың артынан оқылды. Халық тарамақ болғанда пайғамбар оларға жаңа илаһи хабарды естуге дайындалуға шақырды. Түйелердің кәтептерінен мінбер жасалып, пайғамбар соның үстіне көтеріліп, Жаратушыны мадақтап, Оған ризалығын білдіріп, өзін Аллаға тапсырып, содан соң халыққа қарап:

  • Мен жақын арада алланың шақыруымен сендердің араларыңнан кетемін. Менің міндетім бар, сендердің де міндеттерің бар. Сендер мен туралы не нәрсеге куәлік етесіңдер? – деп сұрады.

Халық:

- Біз сенің ресалат міндетіңді орындағаныңды және Алла жолында жақсылық жасап, бізді дұрыс жолға нұсқауға бар күшіңмен талпыны жасағаныңа куәлік етеміз.

Пайғамбар:

  • Алланың жалғыздығы мен менің пайғамбарлық міндетім және қиямет күні туралы куәлік етпейсіңдер ме?
  • Әрине, куәлік етеміз.
  • Уа, Алла, куә бол!..  Уа, халайық! Менің дауысымды естіп тұрсыңдар ма?
  • Иә.

Содан соң кең далада үнсіздік орнап, самал желдің дыбысынан басқа еш нәрсе естілмеді. Пайғамбар:

  • Сендердің орталарыңда екі құнды естелікті қалдырамын: біріншісі – Алланың кітабы. Оның бір жағы Жаратушының, екінші жағы сендердің қолдарыңда. Адаспау үшін одан алыстамаңдар; екінші құнды естелік – менің әулетім. Мейірімді Алла жәннәтта маған қосылғанша бұл екеуінің бір-бірінен ажырамайтыны туралы хабарлады. Бұл екі естеліктен алға кетпеңдер және олардан артта қалмаңдар, әйтпесе өлесіңдер,- деді.

Бір мезгілде халық исламның ұлық пайғамбарының еңкейіп, имам Әли (ғ.с.)-ның қолын ұстап, көтергенін көрді. Адамдардың барлығы анық көрді. Сол кезде пайғамбардың дауысы қаттырақ шығып:

  • Бүкіл халықтың ішінде мұсылмандар үшін лайықты адам кім?,- деп сұрады.
  • Алла мен Оның елшісі ең дана.
  • «Алла менің басшым, мен мүміндердің басшысымын және оларға өздерінен лайықтырақпын. Мені басшы деп қабылдағандарға Әли де басшы»,- деп, бұл сөзін үш рет қайталады. Содан соң басын аспанға көтеріп: «Уа, Алла! Оның досын дос, оның дұшпанын дұшпан сана. Оны жақсы көрген адамды жақсы көр, оны жек көретіндерді жек көр. Серіктеріне көмектес, оған көмектеспегендерді өз көмегіңнен мақұрым ет, оны шындықтан ажыратпа»,- деп дұға тіледі. Содан соң пайғамбар:
  • «Хабардар болыңдар, бұл хабарды естігендердің міндеті – оны естімегендерге жеткізу»,- деді.

Пайғамбардың сөзі аяқталмастан бұрын бұл аятты пайғамбарға оқып берген Жебірейіл: «Бүгін сенің дінің кемелденіп, мен сенің алдындағы өз міндетімді аяқтадым»,- деді. Пайғамбар: «Алла – Ұлы! Біздің дінді кемелдендіріп, өз нығметтерін бізге толық жеткізген Алланың өзі менің набоватым мен ресалатымды және менен кейінгі кеезңдегі Әлидің велаятын анықтады»,- деді.

Сол кезде халық дабырласып, көңіл-күйлері көтеріліп, имам Әли (ғ.с.)-ды құттықтай бастады. Құттықтағандардың ішінде баршаға танымал Абубакр мен Осман да болған еді.  Олар жеке-жеке: «Жарайсың, жарайсың, Абуталибтің перзенті! Сен менің басшым әрі имамымсың» десті. Мұны барлық ерелер мен әйелдер естіді. Сол кезде ибн Аббас: «Алламен ант етемін, бұл келісім баршаның мойнындағы міндет болмақ»,- деді.

"Мәиде" сүресінің 3-ші аяты

 Ғұлама Амини бұл рауаятты сүниттердің 16 кітабынан алып, баяндады. Кейбір тәпсіршілер бұл аяттағы ақиқатты қабылдамау үшін басқа мәселені баяндайды. Олар бұл оқиғада пайғамбардың имам Әли (ғ.с.)-мен дос болуы және «Мәиде» сүресінің аталмыш аятқа дейінгі және одан кейінгі аяттарының велаят, халифат және имамат мәселесіне қатысты болмауы туралы айтады. Алайда мұндай тәпсірді Алланың қасиетті кітабымен таныс адамдар қабылдамайды. Өйткені бұл топ Құран аяттарының бірте-бірте әртүрлі оқиғаларға қатысты жіберілгені туралы жақсы біледі. Құран  алдын ала белгілі оқиғаны баяндайтын классикалық кітап емес. Сондықтан бір сүре әртүрлі мәселеге қатысты болуы мүмкін. «Мәиде» сүресінің бір бөлімі пайғамбар әулетіне, келесі бір бөлімі Ғадир оқиғасына арналған. Бұл екі бөлімнің бір-біріне қатысы бар. Пайғамбардың орынбасарын тағайындаудың пайғамбар әулетінің мәселелеріне әсер ететіндігі анық. Алла елшісінің дүниеден озуымен Ислам діні де құлдырап, жойылады деп ойлағандар Ғадир күні имам Әли (ғ.с.)-ның имаматы мен велаяты анықталған соң үміттерін үзді.