Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – батпаған күннің нұры
(last modified Sun, 27 Nov 2016 13:09:49 GMT )
Қар 27, 2016 19:09 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – батпаған күннің нұры

Исламның ұлық пайғамбарынан қалған тарих пен хазіреттің екі құнды естелігі, яғни Құран мен ардақты әулеті – алдау-арбау мен айлаға толы қазіргі кезеңде ислам үмбетіне жол көрсететін шырақ. Күн сайын миллиондаған мұсылман әлемнің әртүрлі елінде намаз оқыған кезде хазіреттің пайғамбарлық міндетке сайланғанына куәлік етіп, оның жоғары мақсаттарын қабылдайды. Бірақ, егер келісім қырағылығы және терең ойымен қабылданбаса, исламдық үмбет бүлікке шырмалады.

Ғасырлар бойы адамдардың арасында шөлдеген жандар үшін илаһи  мейірімділіктің жаңбыры болған ұлы тұлғалар ғұмыр кешкен. Бүгін Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дүниеден озған күнінің жылдығы. Ол адамзатқа илаһи тағылымдарды ұсынып, Исламды барлық замандар мен барлық ұрпақтардың діні деп атады. Расында, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – Меккеде атқан, бірақ батпаған күннің нұры.

Исламның ұлық пайғамбарының есімін сырт көзге өздерін мұсылман деп көрсететін кейбір адамдардың жүректерін немқұрайдылық пен кек қаралап, надандық пен хабарсыздық олардың ақылдарын шырмаған жағдайда еске аламыз. Бұл топ Алланың және Ислам пайғамбарының атымен ең қорқынышты қылмыстарды іске асырып, соны мақтан тұтады. Шын мәнінде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның ресалатының берекесімен соғыс  өрті мен бауырлар арасындағы қантөгіс тоқтап, олар ислам дінінің аясында бірігіп, мейірімді болады. Мұсылмандардың бір тобы адамдар алданып, надандық кезеңіне оралғандықтан, исламның ұлық пайғамбарының өмірбаяны мен Құран тағылымдары туралы ойланып, кектен алыстауды маңызды әрі қажет деп санайды. Ұлы пайғамбар біздің арамызда болмағанымен хазіреттің тағылымдары мен ақыл-кеңестері ұрпақтар үшін өміршең. Исламның ұлық пайғамбарынан қалған тарих пен хазіреттің екі құнды естелігі, яғни Құран мен ардақты әулеті –  алдау-арбау мен айлаға толы қазіргі кезеңде ислам үмбетіне жол көрсететін шырақ. Күн сайын миллиондаған мұсылман әлемнің әртүрлі елінде намаз оқыған кезде хазіреттің пайғамбарлық міндетке сайланғанына куәлік етіп, оның жоғары мақсаттарын қабылдайды. Бірақ, егер келісім қырағылығы және терең ойымен қабылданбаса, исламдық үмбет бүлікке шырмалады.

 Мейірімді және рақымды пайғамбардың дүниеден озған күнінің жылдығында ұлы Алладан шынайы Исламға немқұрайдылық білдіретіндердің жүректеріне қырағылықтың нұрын жіберуді сұраймыз. Исламның ұлық пайғамбарының дүниеден озған күнінің жылдығына байланысты  әлемнің барша мұсылмандары мен әділет пен шындық жолына түскендерге көңіл айтамыз.

"انَّ اللَّهَ وَمَلائِکَتَهُ یُصَلُّونَ عَلَى النَّبِیِّ یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَیْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِیمًا "

 

«Расында Алла Пайғамбарға рахмет етеді және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер». («Ахзаб» сүресі, 56-шы аят).

 Тарих бойында Исламның ұлық пайғамбары сынды өмірбаяны мен жеке болмысының ерекшеліктері анық баяндалып, тіркелген  адам аз кездеседі. Алла Тағала Құран Кәрімде  ең көркем сөздермен хазіретті таныстырып, мадақтап, «Қалам» сүресінің 4-ші аятында: «Шын мәнінде, сен әлбетте ұлы мінезге иесің»,- деп сипаттады. Пайғамбардың адамдарды дұрыс жолға нұсқау саласындағы 23 жыл талпынысы көңіл бөлетін таңғалдырарлық мәселе. Пайғамбар бұл жылдардың барлық сәттерін маңызды санап, еш уақытта дұрыс жолды нұрландыру мен тағылымдарын таратудан қол үзбеді. Тарих хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның ислам дініне шақыруының басында  ешбір әскери күш пен материалдық мүмкіндіктерге ие болмағанын, тіпті хазіреттің кейбір туыстарының оған дұшпандық білдірген жағдайда  жылдамдықпен таралғанын көрсетеді. Исламға бет бұрған әрбір адам да көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді. Бірақ қысымдарға қарамастан мұсылмандарың саны күннен күнге артты. Ойшылдар мен тарихшылардың көзқарасы бойынша  хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) таратқан діннің  айбындылығы екі нәрсеге байланысты: олардың бірі әрқашан мықты дәлелмен қырағат етілетін Құран, екіншісі Алланың елшісінің болмысы.

Исламның ұлық пайғамбарының еркшеліктеріне ілімінің ахлақпен, үкіметінің әделетпен, ғиззатының қарапайымдылықпен қатар болуы жатты. Егер ислам   қылыш арқылы таратылып, исламдық наным-сенімдер халыққа мәжбүрлікпен таңылған болғанда, бұл жолдан кететін бірінші адам пайғамбардың өзі болатын еді. Хазірет өз мақсаттарын сабыр мен қисын және жақсы көңілімен алға ілгерілетті. Пайғамбар Ислам дінін жоюды көздеген соғыстарда  халықты дұрыс жолға нұсқау үшін тек табандылық білдірді. Хазірет кейбір кезде тіпті ұзақ уақыт бойы оған қарсылық білдірген адамдарға да исламдық үкіметтің аясында қауіпсіз өмір сүруге кепілдік беретін. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) қалыпастырған қоғамның бірінші факторы халықтың жүрегі мен ойынан шыққан және дұрыс жолға қарай нұсқаған иман болды. Бұл иман мұсылмандардың арасындағы бауырластық рухын нығайтты. Сөйтіп, Аллаға  және  хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлығына иман келтірудің арқасында тайпалық және ұлтаралық қақтығыстар жойылып, халық бауырластық келісіміне келіп, бірге жиналды. Исламның ұлық пайғамбарының болмысы Медине қаласының кеңістігін жақсы ахлағына бөлеп, адамдарға Мединенің айналасында ескен көктемнің самал желіндей әсер етті.

 Исламның ұлық пайғамбары халықты кедей, бай деп бөлмей, баршаға мейірімді болды. Хазірет мүшіріктерді жанашыр күтушіні қажет ететін науқастар деп санады. Сондықтан ол халықпен достық қарым-қатынас орнатты. Сол себепті Мааз бен Дебалды үгіт-насихат үшін Йеменге жіберген кезде: «Әй, Мааз! Оларға қатаң қарама. Халықты азаптама, өйткені  шақыру кезінде мәжбүрлемеу табысқа жетудің сыры»,- деп кеңес берді. Алла елшісінің өмірбаянындағы ең маңызды негіз адамның ақылы мен ойлану мүмкіндігін тәрбиелеу болды. Хазіреттің алғашқы жолдаударында білім мен діннің маңыздылығына ерекше көңіл бөлетіндігі байқалады. Хазірет Әли (ғ.с.): «Пайғамбар ізденген адам білімді табатын жалынды тұтатты. Ол адамдардың алдында күннің көзіндей жарқырап, күмән мен адасу жолына түскендерді жарық жолға нсұқады»,- деген болатын.

Алла елшісі басқалардың ой-пікірлеріне құрмет көрсеткен. Басқалардың наным-сенімдерін құрметтеу деген олардың ой-пікірлері мен наным-сенімдерін емес, азаттығы мен сайлау құқығын құрметтеу деген сөз. Хазірет хиджраттың екінші жылындағы келісімінде  христиандарға: «Мен діни қызметкерлерің мен монахтарыңды өзгертпеймін, дүниеден безгендерді монастырдан шығармаймын, жолға шыққандарды сапарларынан қайтармаймын, ғибадатханаларың мен үйлеріңді қиратпаймын, шіркеулеріңнен мешіт салу үшін еш нәрсе алмаймын. Мұндай іске баратын мұсылман Алланың келісімін бұзған саналады. Христиандар өз ғамалдарын орындау ісінде азат»,- деген. Жағымды ахлақ, көңілді көңіл-күй, халықтың  жағдайынан хабардар болу, кедейлер мен әлсіздерге көңіл аудару, дүниеқұмарлық пен тәкаппарлықтан алыс болуы сынды қасиеттері пайғамбарды баршаға сүйікті етті. Ол қарапайым киініп, қарапайым тамақтанатын. Пайғамбардың ерекшеліктерінің бірі сынды қабылдауы болды. Пайғамбар  қателеспейтін,  бірақ басқалардың сөзін тыңдауға ренжімейтін. Ол әрқашан сын мен наразылықты қабылдайтын. Кейбіреулер тіпті  хазіреттен кемшілік  іздейтін. Мұның барлығы хазіреттің азаттықтың негіздеріне көңіл бөлуін білдіреді. Махатма Ганди «Жаңа Үндістан» кітабында  хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы: «Ешбір шартсыз миллиондған адамның жүрегінен орын тапқан адам – Мұхаммад (с.ғ.с.). Менің пікірімше, көптеген халықтарды исламға бағындырған қылыш емес. Мұхаммад (с.ғ.с.) қарапайым өмір сүрді. Басқа пайғамбарлар сынды тақуа болды.   Аманатқа берік және достары мен жақтастырының қамқоршысы болды. Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаяны туралы кітаптың екінші томын оқыған соң пайғамбардың өмірі туралы көбірек біле алмайтындығыма өкіндім»,- деп жазды.

Махатма Ганди

Исламның ұлық пайғамбары – бақытқа жететін жолды көрсететін күннің көзі. Пайғамбардың дүниеден озған күнінен көптеген жыл өткенімен, осы күнге дейін әлемде хазіреттің махабатының әтірі сезіледі.  Пайғамбардың кезінде барлық адамдар надандықтығ ұйқысында қалып, жүректер ластанған  болатын. Ол адамдарды оятып, қорлық пен адасудан құтқарды. Өзі азап көрді, бірақ талпыныстарынан бас тартпады. Алла елшісі ислам үмбетінің келешегі туралы алаңдаушылық білдірген жағдайда дүниеден озды. Хазірет пайғамбарлық міндеті кезінде сахабаларына ақыл-кеңес айтып, үмбетті бұрмаланушылықтар мен адасушылықтардан құтқарып, үмбетіне өзінің екі құндылығына, яғни Құран мен әулетіне мықтап жабысып, соларды пана тұтуды насихтатап: «Еш уақытта бұл екі нәрсемнен алыстамаңдар, солар арқылы бақытқа жетесіңдер»,- деген болатын.