Мәртебелі жетекшінің «Басидж» күніне орай сөйлеген сөзі
(last modified Tue, 29 Nov 2016 13:30:38 GMT )
Қар 29, 2016 19:30 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекшінің «Басидж» күніне орай сөйлеген сөзі

Ислам революциясы жеңіске жетіп, әлемдік үстемшілдіктің Иранда қолы кесіліп, мүдделерінің тоқтатылуымен Иранға қарсы қастандықтар мен астыртын әрекеттер күннен күнге арта түсті. Сондай жағдайда имам Хомейни 1358 жылдың азар айының бесі күні халықтық ерікті күштердің «Басидж» ұйымын құру туралы жарлық шығарды. Осы айтулы күнге орай халықтық ерікті күштердің мыңдаған мүшесі ислам революциясының мәртебелі жетекшісімен кездесті.

Имам Хомейнидің бұйрығымен «Басидж» ұйымының құрылуы ол хазіреттің қырығылығы мен теңдессіз сұңғылалығының, соның ішінде қастандықтарды залалсыздандырудағы ең негізгі факторларының бірі саналады. Көрегенділігі мен сарабдал жетекшілігінің арқасында революция өзінің негізгі жолында қалып, дұшпандардың қастандықтарын бейтараптандырды. Сол жарлықтан кейін шах режимі жүйесімен жылдар бойғы күресте ұйымдастырылмаған түрде әрекет еткен революцияшыл жастар «Басидж» қарсыласу күштерінің қатарында топтасып, ислам революциясының табыстарын жан-жақты қорғау ісіне жұмылып, исламдық Иранның Ирактың «баастық» басқыншы армиясына қарсы жеңісінде маңызды рөл атқарды.  Осыған орай халықтық ерікті күштердің мыңдаған мүшесі «Басидж» күні ислам революциясының жетекшісімен кездесті. 

Мәртебелі жетекші "Басидж" күні осы ұйымның мүшелерімен кездесті 

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі «Басидж» ұйымының мүшелерімен кездесуіне ризалық білдіріп, сөзін Хосейннің қырқы-«арбағин» шеруінің ұлылығы мен маңыздылығын қуаттаумен бастап, оны тарихи ұлы құбылыс деп атады.

Хазірет тек бір Иранның өзінен ғана екі миллион адамның ешқандай жарнамасыз, қиын да қауіпсіз жағдайға қарамастан, «арбағин» шеруіне барғанына сілтеме жасап, «арбағаинді» екі миллион халықтың қабылдауын осы теңдессіз құбылысқа деген Құдайдың құдіретінің белгісі деп атап: «Бұл – илаһи құбылыс. Бұл осы жолдың махаббат жолы екендігін, ессіз ғашықтықтың емес, қырығылықпен қатар келген ғашықтық, әулиелердің Құдайға деген ғашықтығы сынды екендігін көрсетеді. Бұл махаббат пен ғашықтық – қырағылықпен қатар келетін ғашықтық. Олар мұны біліп, түсінеді. Осы тартымдылық оларды алға ілгерілетеді» деді. Хазірет сонымен қатар миллиондаған зияратшыны жақсы қарсы алып, күткен Ирак халқына алғыс айтты. Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқын да құбылыс деп атады. Хазіреттің айтуы бойынша, бұл құбылыстан да Құдайдың құдіреті сезіледі. Мәртебелі жетекші Пахлави режимімен бір жарым жылғы күресте Иран сынды кең байтақ елде халықтың арасында адам сенгісіз тілеулестік пен бірліктің орнап, халықтың ауқымды құзырының қалыптасқанын қуаттап: «Сондай уақытта имам Хомейни ислам революциясының жеңісіне сенімді болды, себебі хазірет илаһи қолдаулардың белгілерін халықтың кең ауқымды құзырынан байқады» деді.     

Мәртебелі жетекші халықтық ерікті күштермен кездесуде

Иранның ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сөзінің жалғасында илаһи құдіреттің осындай оқиғада анық көрінуіне тілмен және іс жүзінде шүкіршілік білдірудің илаһи қолдауды сақтауға себеп болатынын айтты. Хазірет  Иран халқының қажет барлық сахналардағы жанкештіліктеріне тоқталып, оны Иран революциясының басқа көптеген революцияларға қайшы мәңгілікке қалып, күннен күнге күшейіп жатуына себеп болып жатқан іс жүзіндегі шүкіршілік білдірудің айғағы деп атады. Аятолла Хаменеи «арбағин» ұлы шерулеріне қатысты да илаһи дәргейге шүкір айтудың уәжіп екендігін қуаттап, қол жеткізілген рухани жағдай мен сындарлы көңіл-күйді сақтаудың, соның ішінде мейірімділік, бауырмалдық пен жоғары мақсаттарға жету үшін жеңілдіктің орнына қиындықты таңдауды осы үлкен нығмет үшін іс жүзіндегі шүкіршіліктің бір түрі деп атады. Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі «арбағин» жиынының нығметі үшін шүкір айтудың келесі дәлелі ретінде басшылардың «арбағин» зияратшыларының қиындықтарын шешуге көңіл аударуы мен сол іске күш салуын атады.

Аятолла Хаменеи дұшпандардың осы ұлы қозғалыстың жасырын қалуы үшін күш салуына сілтеме жасап: «Дұшпандар осы мықты нұр шашқан қозғалыстың  көрінбеуіне немесе оны бұрмалауға күш салады. Бірақ олар оған әсер ете алмайды, олардың ешқайсысы мақсаттарына жетпейді. Қозғалыстарыңызды жалғастырған кезде олар амалсыздан өздерінің шындықтарын әшкере етеді» деді. 

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі баяндамасының келесі бөлігінде «Басиджды» имам Хомейнидің осындай тәсіл арқылы революцияның тағдырын мәңгілікке жастардың қолына тапсыру үшін оның негізін илаһи аян арқылы қалаған революция кезеңіндегі таңқаларлық құбылыстардың бірі деп атап: «Біздің жастарымыздың бүгінгі көңіл-күйі революцияның басындағы жастардың көңіл-күйіндей. Олар сол кезде революцияның қызу пешінің ортасында болған кез бен бүгінгі жағдайдың арасында айырмашылық бар. Алайда сол көңіл-күй сақталған. Сол көңіл-күйдің қасында бүгінгі күннің жастары революцияның басындағы жастардан да мықтырақ қырағылыққа ие» деді. Хазірет аятолла Хаменеи революцияны сақтап, қорғаудың барлық адамдардың міндеті болғанымен жас буынның қозғалыс үстіндегі мотар сынды екендігін, егер қозғалыс болмаса, тоқтап қалатынын қуаттады.   

Хазірет аятолла Хаменеи халықтық ерікті күштердің елдегі жеңісінің шартын тақуалық пен жақсы ғамал деп атап, илаһи қолдаудың  біздің жағдайымызды да қамтуы үшін жеке және қоғамдық тақуалықты білуіміз керектігін қуаттады. Хазірет Құрандағы хазірет Мұса мен Перғауын оқиғасына тоқталып: «Құдай Мұса мен бауырын сол замандағы алпауыт билік иесі болған Перғауынға барып, оны хаққа шақыруға  міндеттеген кезде хазірет Мұса мықты Перғауын оларды өлтіріп, хақты тарататын жолды жабады деп алаңдады.  Бірақ, Құдай Мұса мен бауыры Харунға: (Алла Т.): «Қорықпаңдар, сендермен біргемін. Мен естимін, көремін» (Таһа сүресі, 46) деді. Соңында Перғауынның әскері Исраил қауымының соңдарына түсіп, қуған кезде Исраил қауымының адамдары қорқып, қазір олар бізге жетіп алады деген кезде Мұса: «Ешқашан жете алмайды. Пәруәрдігер бізбен» деді. (Шұғыра сүресі, 62). Сол кезде Мұса хазіреттің алдынан Ніл өзені ашылып, Мұса мен мүміндер құтылған соң Перғауынның әскері өзеннің асау толқындарына батып кетті. Илаһи көмек дегеннің мағынасы осы. Оның қадірін білуіміз керек. Егер мен және сіздер илаһи осы көмекті сақтай алсақ, Америка деген ештеңе емес. Тіпті егер, біреудің Американың күшінен де он есе артық күшке тең күші болса, Құдай оларға жәрдемдесетін күштер оларды жеңеді» деді. 

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сөзінің жалғасында «Басидж» қозғалысын тек сезім қозғалысы емес, сонымен қатар білу мен түсіну және қырағылыққа негізделген қозғалыс деп атап: «Сонымен қатар «Басидж» елдің саяси фракцияларының бірі де емес, бұл – революцияның мақсаттары мен революцияға қызмет ету бағытындағы үлкен ағынды өзен. Сондықтан қай фракция немесе қай адам революцияның жақтасы болса, «Басидж» соның жақтасы болады» деді. Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында халықтың әртүрлі таптарының «Басидждегі» құзырын өте маңызды деп атап, осы ауқымды баытта үйлесімділік пен серіктестіктік үшін механизм қалыптастыруды қажеттілік деп атады. Сонымен қатар хазірет ұйымға дұрыс жетекшілік етудегі «Басидждің» басшылығы мен корпусында ойшыл топтың болуының қажеттілігін баса айтып: «Қарулы соғыстың соғыс алаңында жеңіске жетуі үшін ойшыл топты қажет ететіндігі сынды өте ауқымды кеңістікке ие «жұмсақ» соғыста да жеңіске жету үшін ойшыл топ қажет» деді. Хазірет «жұмсақ» соғыстың қарулы соғыстан өте сезімтал әрі қауіптірек екендігін қуаттап: «Қарулы соғыста денелер жер жастанып, қанға малынады, бірақ рухтар ұшып, жұмаққа барады. «Жұмсақ» соғыста, егер Құдай оның бетін әрі қылсын, дұшпан жеңіске жетсе, денелер аман қалғанымен рухтар тозақтың түбіне түседі. «Басидждің» жоғары деңгейінде осы ұйымның барлық мүшелері үшін стратегиялық бағыт беретін  көреген әрі бір мақсатты көздейтін ойшылдар тобының болуы қажеттілік» деді.        

Хазірет аятолла Хаменеи «Басидж» ұйымының басшылығы мен корпусында ойшыл топтың болуы қажеттігін қуаттағаннан кейін бақылаушы топтардың да құзырының маңыздылығына сілтеме жасап: «Басидж ұйымы тірі, серпінді және даму үстіндегі ұйым болғандықтан оны бақылау да керек: бұл ұйым тоқтап қалмауы керек, жаза баспауы керек, оған зардап тимеюі керек» деді.

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі кейбір ислам елдерінің жас басидждердің жобасынан үлгі алуын қуаттап, барша дұшпанның «Басиджді» жастардың назарынан шығару мақсатындағы ықпалынан сақ болуды ескертті. Хазірет «Басидж» мүшесінің күдік-күмән, қорқыныш сынды қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін екендігін, бірақ басидждік қозғалыстағы идеядағы үміт сыйлаушы, әрекет тудырушы элементтердің болуына байланысты бұл ұйым үшін ешқашан тығырықтың жоқ екендігін айтты. Сол себепті бұл ұйымның мүшелері жауапты органдарға мақсаттары мен бағыттары және операцияларда жәрдемдесіп, үміт сыйлай алады.   

Мәртебелі жетекші сөзінің соңында Америка үкіметінің «Ортақ қадам» бағдарламасындағы уәде бұзушылықтарына сілтеме жасап: «Мен бұл жерде олардың жасаған көптеген істерін айтуды лазым санаймын. Олар бірді-екілі емес, көптеген бұрмалаушылық жасады. Соның ішіндегі ең жаңасы – санкцияны он жылға ұзартуы. Егер санкция ұзартылатын болса, шәксіз, бұл «Ортақ қадам» бағдарламасын бұзу саналады. Шүбәсіз, Америка ИИР-ның бұған қарсы реакция көрсететінін білсін. Атауын «Ортақ қадам» деп қойған ядролық келісім әрагідік Иран халқы мен біздің үкіметімізге дұшпан тарапынан қысым жасау құралына айналмауы керек. 

ИИР илаһи құдірет пен халықтың құзырына деген сенімге сүйеніп, әлемдегі ешбір елден қорықпайды. Егер біреу Исраил қауымының дұшпанның жақындауынан қорыққан әлсіз рухына еліктесе, біз де хазірет Мұсаға еліктеп Құрандағы Шұғыра сүресінің 62- аятындағыдай: «(Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" (62) дейміз» деді.

 

 

 

Тегтер