Исламның ұлық пайғамбарының әулетін мадақтаушы марқұм Салим Муазанзаде Ардебили
Исламның ұлық пайғамбарының әулетін мадақтаушылар бәрінен бұрын рухани құндылықтарға көңіл бөледі. Дұға, аза тұту немесе туған күнге қатысты рәсімдерде олар жиынның рухани кеңістігіне әсер ететін себептерді танып, керісінше оларға қайшы мәселелерден алыстауы керек. Исламның ұлық пайғамбары әулетінің кейбір мадақтаушылары жоғары рухқа ие. Олар отырысқа оң әсер етіп, адамдардың рухани деңгейін арттыра алады. Салим Муазанзаде осындай адамдардың бірі болды.
Алла Тағала Құран Кәрімде Исламның ұлық пайғамбарына: «“Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де»,- деп айтқан. Алла елшісінің өзі мен хазіреттің әулетіне махаббат пен достық білдіру туыс-туғаны болуына немесе осыған ұқсас мәселелерге байланысты емес. Бұл Алланың адал пенделерінің құлшылықтарын жоғары деңгейге жеткізуіне байланысты. Пайғамбар халықтан пайғамбарлық міндеті үшін сый қаламайды. Ол халықтан нұсқаған тура жолда қадам басуды сұрайды. Алла Тағала адамдардың пайғамбар әулетінің тағыдымдарына сүйенбесе, дұрыс жолға түспейтіндіктерін біледі. Осыған орай «Фұрқан» сүресінің 57-ші аятында: «Оларға: “Бұған сендерден ақы емес, Раббыларыңның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын” де»,- деп бұйырады». Бұл аяттан илаһи жолға түсудің пайғамбар әулетіне махаббат білдіріп, хазіретке бағынуға байланысты екендігі анық көрінеді.
Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулетіне махаббат білдіретін жолдардың бірі – оларды мадақтайтын діни рәсімдер өткізу. Мадақтау – діни өнердің бірі. Мадақтау рәсімінде көркем сөздер және жүрекке қонымды дауыспен тұлғаның болмысы мен ерекшеліктері сипатталып, оған деген махаббат сезімдері білдіріледі. Сонымен бірге халықтың діни наным-сенімдерінің негіздері күшейіп, халық пен пәк әулет арасындағы рухани және мейірімге толы қарым-қатынас тереңдейді. Халыққа әсер ете алатын мадақтаушылардың бірі Салим Муазанзаде Ардебили болды. Ол өзінің қоңыр дауысымен пайғамбар әулетінің ерекшеліктерін халыққа баяндап, мадақтау арқылы пәк әулеттің мүшелерімен таныстыратын. Өмірін пайғамбар әулетінің мәдениетін таратуға арнаған Салим Муазанзаде Ардебили 2016 жылдың 22-ші қарашасында 80 жасында дүниеден озды.
Салим Муазанзаде Ардебили 1936-шы жылы Иранның солтүстік-батысындағы Әзірбайжан аймағындағы Ардебиль қаласында дүниеге келген. Оның атасы Шейх Фарадж Иранның ежелден танымал азаншысы болды. Оның азан айтқан кездегі дауысы Ардебильдің кеңістігінде жаңғыратын. Шейх Фарадждің перзенті Шейх Абдолкарим дауысы Иранның радиосынан бірінші рет естілген азаншы болды. Ұстаз Салим әкесі туралы: «1942-ші жылы әкем имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне зиярат ету үшін Ардебильден қасиетті Мешхед қаласына аттанды. Ол жол ортасында Теһранға келіп, түнде достарының бірінің үйіне тоқтады. Шейх Абдолкарим азанды ерекше жақсы көріп, таң намазының алдында үйдің төбесіне көтеріліп, азан оқыды.
«Сұлтани» мешітінің сол кездегі жамағат имамы оның азан айтып тұрған дауысын алыстан естіп, түскі намаздан бұрын оны іздеп, жақын жердегі үйлерді аралайды. Оған бір шейхтің Ардебильден келіп, пәлен үйдің қонағы болып жатқаны туралы хабар жетеді. Жамағат намазының имамы оны тауып, «Сұлтани» мешітіне баруды сұрайды. Сөйтіп, дәл сол күні Шейх Абдолкарим мешіттің микрофоны арқылы азанды халықтың құлағына жеткізеді. Ол Мешхед зияратынан оралып, Теһранда «Сұлтани» мешітінің азаншысы болып қалды»,- деп еске алатын. Абдолкаримның жүрекке қонымды дауысы Теһранның «Сұлтани» мешітімен шектелмей, Иранның радиосына жетті. Бұл жағымды дауыс 1950-шы жылы Абдолкарим дүниеден озғанша күн сайын үш рет радиодан естілетін. Шейх Абдолкаримның Наим, Салим, Рахим, Махмуд жән Давуд деген үш перзенті болды. Олардың барлығы ислам әлеміндегі пайғамбар әулетінің танымал мадақтаушылары мен азаншылар болды.
Исламның ұлық пайғамбарының әулетін мадақтаушылар бәрінен бұрын рухани құндылықтарға көңіл бөледі. Дұға, аза тұту немесе туған күнге қатысты рәсімдерде олар жиынның рухани кеңістігіне әсер ететін себептерді танып, керісінше оларға қайшы мәселелерден алыстауы керек. Исламның ұлық пайғамбары әулетінің кейбір мадақтаушылары жоғары рухқа ие. Олар отырысқа оң әсер етіп, адамдардың рухани деңгейін арттыра алады. Салим Муазанзаде осындай адамдардың бірі болды. Ол өзін пайғамбар әулеті жақтастарының қызметшісі санап, жағымды дауысын Алланың елшісі әулетінің мектебін, әсіресе он төрт пәк тұлғаның ерекшеліктерін тарату және мұхаррам айындағы аза рәсімдеріне пайдаланды. Салим әрқашан қарапайымдылығымен: «Менің дауысым – илаһи нығмет. Егер дауысым мүмін адамдардың жүректеріне жағымды болса, ол пайғамбар мен хазіреттің әулеті және имам Хусейн (ғ.с.)-ның пәк нәпсілерінің берекесіне байланысты»,- дейтін. Ол мадақтауды кез келген адамның ісі емес деп санаған. Өйткені, мадақ немесе аза айту үшін Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулеті туралы білім алып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның азалары кезінде айтатын нәрселерге ерекше көңіл бөлу керек. Мадақ айтқан кезде оқылатын өлеңнің мазмұны мен әуені өте маңызды. Бірақ адамның жүрегіне қонымды болуы үшін мадақтаушының дауысының жағымды болуы шарт. Салим Муазанзаде бұл туралы: «Әдемі дауыс біздің жанұямызға мұрагерліклікпен берілді. Әкем имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдеріне қатысып, имам туралы айтатын. Бірақ оны жоғары дәрежеге жеткізген оның музыкамен кәміл таныстығы болды. Оның музыка туралы білімі терең болғандықтан бізді де үйретті. Мен бұл салада білетінімнің бәрін әкемнен үйренгем. Әрине, менің дауысым әкемнің дауысымен салытырғанда теңізге тамған тамшыдай ғана»,- деді.
Мадақтау – діни жырлардың бір түрі. Сондықтан мадақтаушы адамның көп музыкалық аспаптар және дәстүрлі музыкамен таныс болуы бұл өнерді алға ілгерілетуге үлкен әсерін тигізеді. Салим Муазанзаде бұл нығметке де ие болды. Ол музыка тілімен толық таныс еді. Өзінің музыканы үйрену тәсілі туралы: «Біз бала кезімізде Мирза Азиздің мектебінде сабақ оқыдық. Көптеген мадақтаушылар сол жерде білім алатын. Олардың ішінде Хадж Мұхаммад Тамадун, Хадж Рахим Муазан мен басқа да ұстаздарды кездестіруге болатын. Шын мәнінде бұл мектепке барып білім алу жоғары оқу орнында білім алумен тең еді. Өйткені Мирза Азиз әдеп-ғұрып, иман, музыка және өлеңді де үйреткен. Бұл мектепке келген жақсы дауысқа ие әр адам музыкалық аспаптармен танысатын»,- деп есіне алатын. Салим Муазензаде Ардебелиді танымал мадақтаушыға айналдырған оның жігері мен еңбегі болды. Ол орта есеппен күніне бес сағат мадақ оқумен айналысатын. Оның дауысымен түрік, парсы және араб тілдерінде жазылған екі мыңнан астам кассетаны кездестіруге болады. Оның кассеталарында әртүрлі мадақ бағдарламалар, аза мен туған күн рәсімдеріндегі өлеңдер жазылған. Азан айтып, Құран оқуы жасөспірім кезінен Салим Муазанзадені ерекше орынға орналастырды. Өлеңдерінің көбін Иранның Әзірбайжан аймағының түрік тілінде оқыды. Ол парсы және араб тілдерін білді. 91-ші жылы имам Хусейн (ғ.с.)-ға қатысты Ардебиль діни мекенінде Салим Муазанзаде түрік тілімен қатар парсы, араб және ағылшын тілдерінде мадақ айтты. Иранның дәстүрлі музыкаларын орындаушы Хисамеддин Серадж Салим Муазанзаденің мүмкіндіктері туралы: «Марқұм Муазанзаденің араб тілін білуі оған түрік және парсы тілдеріндегі өлеңдермен бірге араб тіліндегі өлеңдерді оқуға мүмкіндік берді. Марқұм Муазанзаде пайғамбар әулетінің туған күндерінде де әртүрлі өлең айтатын. Ол араб тіліндегі өленді араб әуенімен оқып, сол сәтте өлеңнің мазмұнын түрік немесе парсы тілінде айтатын. Әрине, бұл оның ішкі сезімі болды»,- деді.
Бакудегі Діни университеттің ректоры профессор Расим Мұхаммадәлиев Салим Муазанзаде дүниеден озбай тұрып айтқан бір сөзінде: «Алла Тағала оның дауысына ерекшелік берді. Салимның дауысының таңырқатататындығы сондай, адам оны естіген кезде өзін ұмытып, жоғары әлемге қосылатын»,- деді.
Мамандардың айтуынша Салимнің дауысы әртүрлі кезеңдердегі мадақ айтушылар үшін өміршең дауыс. Бұл оның Исламның пәк әулетіне махаббатын білдірген кездегі ықыласы мен оның «Зейнаб, Зейнаб» деген мәңгілік өлеңінің нәтижесі.