Раби ал-аууал – Алланың ардақты пайғамбарының Меккеден Мединеге хиджрат етуінің жылдығы
Раби ал-аууал ислам пайғамбарының Меккеден Мединеге хиджрат етуінің басталуына сәйкес келеді.
Бүгін – «раби ал-аууал» деп танымал раби айының бірі. Бұл айды «айлардың көктемі» деп атаған. Себебі бұл айдан Құдайдың рақымының әсерлері анық байқалады. Бұл айда Құдайдың берекелерінің қоры мен оның көркем нұрлары жерге түскен. Себебі
Алланың елшісі (с.ғ.с.) осы айда дүниеге келген. Жер өзінің жаратылысының басынан мұндай рақымды көрген емес деп айтуға болады.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – Құдайдың жаратылыстарының ішіндегі ең данасы әрі ең ұлығы, Құдайға ең жақын әрі ол үшін ең сүйікті. Хазірет – адамзатты жәһілдік пен ырымшылдық және тағылықтан құтқару үшін жіберілген соңғы пайғамбар. Бұл таңдаулы адамның өзінің илаһи ресалатын өте жақсы атқарғанына тарих куәлік етеді. Алланың елшісі – тарихтың үлкен сәулетшісі және әлемді иман мен адами ахлақтың нұрымен жарқыратушы; кейде бұлттың жиегі оған көлеңке түсіргенімен, әрдайым тіршілік сыйлап, жарық сыйлайтын жарқыраған күн.
Сол себепті хазіреттің мүбарак туған күні бақытты да ұлы күн саналады. Раби айы да адамзатқа шаттық пен дамуды сүйіншілейді.
Раби ал-аууал айының алғашқы күні хазірет Мұхаммадтың тарихи хиджратына сәйкес келеді. Беғсаттың он үш жылынан кейін Исламның ардақты пайғамбары Мединеге хиджрат етті. Бұл хиджрат пен одан кейінгі оқиғалардың маңызды әрі әсерлі болғаны сондай, мұсылмандардың тарихының бастамасына айналды.
Пайғамбардың хиджратынан бұрын Абраһе пілге мінген әскерімен Қағбаны қирату үшін Меккеге барған жыл, яғни «Аам ал-фил» «піл жылы» араб тарихының басы болды.
Бірақ пайғамбар сол жылы дүниеге келгенімен мұсылмандар ол жылды тарихтың басына айналдырған жоқ. Себебі, ол күні ислам мен иманнан еш белгі жоқ болатын. Исламның басында мұсылмандардың саны үш адамнан артық емес еді.
Оның орнына мұсылмандар пайғамбар Мединеде тәуелсіз үкімет орнатқан хиджраттың алғашқы жылын өздерінің тарихтарының бастауына айналдырды.
Құрайыш тайпасының үлкендері басында Алланың елшісі мен серіктерін азаптап, қинап, оларды мақсаттарынан бас тарттырамыз деп ойлады, бірақ күн өткен сайын мұсылмандардың саны арта түсті. Олар тағы да жиналып, әр тайпадан бір-бір адамнан таңдап, түнделетіп пайғамбардың үйіне баса-көктеп кіріп, хазіретті өлтіруге шешім қабылдады. Мұндай жағдайда хазіреттің қаны барлық тайпалардың арасында бөлініп, хазіреттің серіктері Құрайыштың барлық күшімен соғыса алмайтын болды.
Алланың елшісі уәһи арқылы олардың қастандықтарынан хабардар болып, Ясребке хиджрат етуге міндеттелді.
Ол хазірет өзгеріс енгізу мақсатындағы талпыныстарының Меккенің адамды түңілтіп, еңсені басқан кеңістігінде нәтиже бермейтінін, сонымен қатар бетпе-бет қақтығысуға шамасының жоқ екенін көргенде төңкерісті сақтап, оны жалғастыру үшін әрі күресті келесі бір тарауға қарай ауыстырып, исламды шектеулі және аймақтық кеңістіктен шығарып, азат, әлемдік кеңістікке ауыстыруға бел байлады.
Құрайыштың күштері раби ал-аууал айының бірінші түні, яғни беғсаттың он төртінші жылы пайғамбардың үйін қоршап алған кезде Әли пайғамбардың орнында ұйықтаған болатын. Пайғамбар үйден шығып, Меккенің оңтүстігін бетке алып, Әбу Бакрмен бірге «Сур» үңгіріне енді. Мүшіріктер ислам пайғамбарының көзін жою үшін өздерінің барлық күшін жұмылдырды. Ол заманда орасан байлық саналған 100 түйені пайғамбарды тапқан адамға сыйақы ретінде тағайындады. Көптеген адамдар осындай үлкен сыйға қол жеткізу үшін Меккенің айналасындағы таулар мен шөл далаларды сүзіп шықты, тіпті, үңгірдің аузына да келді, бірақ Құдай үңгірдің аузына өрмекшінің жіптерін ілу арқылы бұл жобаларды залалсыздандырды. Олар өрмекшінің торын көріп, үңгірдің ішіне ешкім кірмеген деп ойлап, кейін қайтты. Осылайша, Құдай өрмекшінің торы арқылы адамзат тарихының жолын өзгертті. Құран Кәрім Исра сүресінің 76 аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені түрткі салып, жерден (Меккеден) шығара жаздады. Сонда олар сенен кейін өте аз тұрады. (Оларға Меккенің баяны болмайды.) (76)» деді. Тағы да «Анфал» сүресінің 30 аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.) ойла! Бір заманда олар сені қамауға, не сені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда Алла шараларын бұзар еді. Алла шара көрушілердің ең жақсысы» деді.
Мүшіріктер үш күннен кейін іздеу жұмыстарын тоқтатты. Пайғамбар үңгірдегі төртінші түні адам жүрмейтін жермен Ясребке жолға шықты. Пайғамбар сол қалаға келген соң Ясреб «Пайғамбардың қаласы», яғни «Медине ан-наби» деп өзгерді.
Пайғамбар Ясребке келген соң жер сатып алып, сол жерде мешіт салып, алғашқы шарада мүхәжірлер мен ансарлардың арасында бауырластық келісімін орнатып, қысқа уақыт ішінде исламдық үкімет құрды. Пайғамбар хиджратқа байланысты материалды және рухани тұрғыдан көп қиындық көргені мен өз жақындарынан жырақта болғанына қарамастан жоғары және шынайы мақсаттарға ие болғандықтан көп ұзамай дұшпандарды жеңіп, Меккені билігіне алған соң өзі мен серіктері үшін Меккеге қайтып оралатын мүмкіндік туды. Алланың елшісі Меккеге хиджрат еткеннен кейін сан рет мүшіріктермен соғысуға мәжбүр болып, ұлы Алланың жәрдемімен Меккені жеңіп алғанша өмірдің ащысы мен тұщысын молынан тартты.
Имам Саджад былай деген: «Алланың елшісі сенің дінің мен тоухид сөзін уағыздау үшін Меккеден хиджрат етіп, жат қалаларға кетті. Бұл істі сенің дініңді құрметке ие етіп, сенің дұшпандарыңды жеңу үшін жасады».
Негізінде хиджрат, яғни көшу, мекен ауыстыру адам өмірі мен ғылымның дамуында және өркениеттердің пайда болуында маңызды рөлге ие.
Ислам діні илаһи соңғы дін ретінде әртүрлі аспектілерде хиджрат мәселесін баяндап, Құранда 14 аяттан астам аятта әртүрлі екпінмен хиджрат етуге бұйрық берген. Бірде айыптау тілімен «Ниса» сүресінің 97 аятында: «(Періштелер): «Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?»,- деді.
Кейде оның орасан сауабын ескертіп, «Тәубе» сүресінің 20 аятында: «Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер. (20» дейді.
Хиджрат – нәтижелі қозғалыс. Құдайдың жолында хиджрат ететін адам сол жерде жаңа өмір бастап, құнды талпыныстар жасай алатын жер бетінен көптеген қауіпсіз жерлерді таба алады. «Ниса» сүресінің 100 аятында: «Кім Алла жолында ауа көшсе, көптеген кең қоныс және кеңшілік табады» (100) деп айтылған.
Хиджраттың түрі көп: залымнан қашып, көшу немесе ғылым үйрену үшін көшу. Рауаяттарда мұсылмандардан ғылым үйрену үшін егер қажет болса, Қытай сынды шалғай жерлерге де сапар шегіп, хиджрат ету сұралған.
Алланың елшісі: «اطلبوا العلم ولو بالصین» «Қытайдан болса да ғылым үйреніңдер» деген.
Құдай құптайтын сол хиджратта білім іздеушінің қасында мыңдаған періште жүреді. Пайғамбар былай деген: «من خرج من بیته یطلب علما شیعه سبعون الف ملک یستغفرون له
«Білім іздеп үйінен шыққан адамның қасында 70 000 періште жүріп, оның кешірілуін сұрайды».
Сол себепті исламның ардақты пайғамбарының тарихи хиджрат еткен күнінің келіп жетуі тек тарихи оқиғаны ғана еске салмайды. Бұл хиджрат адамның әрдайым және қиын жағдайда да иманды сақтап, оны тарату үшін әрі зұлымдықтан құтылып, қауіпсіздік пен бейбітшілік орнату үшін хиджрат етуі керектігін көрсетеді. Оның бұл талпынысы өте құнды әрі ізгі ғамал. Құдай адамдардың бұл тобын «Тәубе» сүресінің 20-21-22 аяттарында былайша сүйіншілейді: «Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер. (20) Оларды Раббылары өзінің мәрхаметімен және ризалығымен сондай-ақ тұрақты нығметке ие жаннаттарымен қуантады. (21) Олар онда мәңгі қалушылар. Расында Алланың қасында ірі сыйлық бар. (22).