Хазірет имам Маһди – әлемдік құтқарушы
Бүгінде әлемде зұлымдық пен дискриминацияның артуымен құтқарушының келетіндігі туралы идея ауқымдырақ аспектілерге ие болуда. Себебі бұл көзқарас адамдарды әділетсіздіктердің аяқталатындығына үміттендіріп, оларға бұзақылар мен үстемшілдермен күресу үшін түрткі мен әлеует сыйлайды.

Бүгін раби ал-аууалдың тоғызы Құдайдың соңғы ходжаты хазірет Маһди құтқарушының имаматының басталуына сәйкес келеді. Ол – әлем келуін күтіп, сәт санап жүрген имам. Сол күні Қағбаның маңынан «Ана ал-Маһди» (Маһди менмін) деген дабыс шығады. Шәксіз, ол күн адамзаттың қиындық, мехнаттары аяқталатын күн болады. Әлемде зұлымдық пен әділетсіздік тыйылып, хазірет Маһдидің үкіметінің арқасында мазлұмдардың құқығы залымдардан алынады.
Уа, Құдай! Құрметті де шарапатты күні сенен өзіңнің соңғы ходжатыңның келетін уақытын жақындатып, бізді оның серіктері мен сарбаздарына айналдыруыңды сұраймыз.
"اللَّهُمَّ کُنْ لِوَلِیِّکَ الحُجَةِ بنِ الحَسَن صَلَواتُکَ علَیهِ و عَلی آبائِهِ فِی هَذِهِ السَّاعَةِ وَ فِی کُلِّ سَاعَةٍ وَلِیّاً وَ حَافِظاً وَ قَائِداً وَ نَاصِراً وَ دَلِیلًا وَ عَیْناً حَتَّى تُسْکِنَهُ أَرْضَکَ طَوْعاً وَ تُمَتعَهُ فِیهَا طَوِیلا"
Уа, Құдай! Осы сәт пен барлық сәттерде хазірет ходжат Бен ал-Хасанның (оны мен әкесіне сенің сәлемің болсын!) қамқоршысы, сақтаушысы, жетекшісі, жәрдемшісі, жол нұсқаушысы болуыңды сұраймыз. Оны жерде тұрақтандырып, сол жерде ұзақ уақыт қалдыруыңды өтінеміз.
Хазірет Маһди хижри қамари жыл санағы бойынша 255 жылдың шағбан айының ортасында Самарра қаласында дүниеге келді. Ол хазірет – имам Хасан Аскаридің перзенті. Имам Хасан Аскаридің өмір сүрген кезеңі мен имаматы пайғамбар әулеті үшін ең қиын кезеңдердің бірі болды. Аббаси үкіметінің халифасы Мутаммад естіген хабарлары бойынша зұлымдарды жазалап, әділет пен тоухид үкіметін орнататын Алланың соңғы ходжатының имам Хасан Аскаридің үйінде дүниеге келетінін білді. Сол себепті Алланың осы ісінің жүзеге асырылуына тосқауыл жасауға күш салды. Бірақ, хазірет Маһди Алланың қалауымен дүние есігін ашып, Құдайдың әмірімен жанарлардан жасырын қалды.
Құдай өзінің соңғы ходжатын өзі білетін уақытта оны келтіріп, әлемді ол хазіреттің болмысынан нәсіп ету үшін хазіретті жанарлардан жасырды. Имам Хасан Аскари өзінің ардақты перзенті хазірет Маһдиге айтқан сөзінде: «Құдай сенің қолың арқылы үстемшілдердің белдерін майырып, діннің әдет-ғұрыптарын жандандырады. Әлемнің көкжиектерін жарқыратып, жер бетінде тыныштық пен бейбітшілік орнатады» деді.
Әлемнің жарқын болашағына сену – көптеген діндер мен мазхабтарда талқыланып келе жатқан тақырып. Илаһи діндердегі ортақ жайт, ол – әлемді ластық пен зұлымдықтан тазартып, адамзатқа бейбітшілік пен достық сыйлайтын адамның келетіндігіне деген сенім.
Шын мәнінде, басқа да аспандық діндер зұлымдықты жойып, оның орнына әділет пен азаттықты орнататын құтқарушы мен реформатордың келуін күтуде. Олардың барлығы бейбастақтық пен зұлымдық жойылатын уақыттың келетіндігіне, ол кезде әлемдік уәделі құтқарушы, реформатордың келіп, бейберекет жағдайды ретке келтіретіндігіне сенеді.
Мұсылмандардың сенімі бойынша, сол әлемдік реформатор – хазірет Маһди. Олар хазірет зұлымдық пен бейбастақтық жайлаған әлемді әділет пен хаққа толтырады деп сенеді. Мұсылмандар оны Маһди, мәсихилер Иса Мәсіх, зәрдушт дінінің ізбасарлары Саошиант деп атайды.
Діншіл мәсихилер уәделі құтқарушының келуіне сенгендерімен батыстағы үстем идеология – либерализм құтқарушының келетіндігін қабылдамайды.
Сол себепті олар уәделі құтқарушының келетіндігі мен хақтың жалғанды жеңетіндігіне деген сенімді қол жетпейтін іс санайды. Алайда илаһи пайғамбарлар құтқарушының келетіндігін қуаттап, ол жайында көптеген философтар рационалды дәлелдер мен рауаяттарға сүйеніп баяндаған.

Құтқарушының келуі мен оның жеке адам мен қоғамға тигізетін көптеген әсерлері әлемде осы сенімге бет бұрушылықтың артуына себеп болды.
Бүгінде әлемде зұлымдық пен дискриминацияның артуымен құтқарушының келетіндігі туралы идея ауқымдырақ аспектілерге ие болуда. Себебі бұл көзқарас адамдарды әділетсіздіктердің аяқталатындығына үміттендіріп, оларға бұзақылар және үстемшілдермен күресу үшін түрткі мен әлеует сыйлайды.
Сол себепті капиталистік жүйе әлемдегі осы бағыттың арту үдерісін теріске шығара алмайтындықтан батыстың кейбір ойшылдары ойдан шығарылған, бұрмаланған утопиялық идеяларын халыққа таныстыруға талпыныс жасауда. Олар арнайы тәсілдермен, әсіресе өнер құралдары, соның ішінде фильмдер арқылы осы сенімі бұрмалап, Американы армандағы қоғам және әлемді құтқарушы ретінде таныстыруға күш салуда. Америка қоғамын үлгілі қоғам ретінде таныстыру орынсыз іс, тіпті масқара. Себебі бұл қоғамның басшылары капиталистік жүйенің өкілдері болып табылады. Оны сақтау үшін олар әлемнің әр түрлі жерінде кез келген қылмыс пен зұлымдықты іске асырудан тайынбауда. Сондықтан сол Америка қоғамында көптеген адамдар олардың қоғамы мен әлемдік қоғам түзелу үшін ақырзаманда Иса Мәсіхтің оралуына сенеді.
Айтуға тұрарлық жайт, ол әлемнің қазіргі жағдайында құтқарушының келуіне деген сенімге екі жақтан қатердің төніп тұрғанында: біріншіден, реформатордың келіп, әділет орнатуын өздерінің заңсыз мүдделері үшін зиян санайтын әлемдік билік талап ететін зұлым капиталистер үміт сыйлайтын әрі сындарлы сенімнің таралуына тосқауыл болуға күш салады немесе оны бұрмалайды. Басқа жақтан, құтқарушының келетіндігі туралы идея көптеген басқа да сенімдер сынды бұрмалаушылық пен ырымшылдықтан тыс қалмаған.
Маһдавият пен оны күтуге қатысты бұрыс көптеген тәпсірлер бар. Мәселен, Америкада өздерін Иса Мәсіхті күтуші санайтындар ақырзаманда бейбастақтық қатты таралатындықтан бұзақылық пен бейбастақтықты арттыру арқылы құтқарушының келуі үшін негіз әзірлеу керек дейді.
Мұндай тәпсірлер һәм мәсихи дінінің ізбасарларының, һәм мұсылмандардың арасында да байқалады.
Сол себепті маһдавият пен исламдық құтқарушының келуі халыққа теріс таныстырылмауы үшін ол туралы Құран мен көптеген діни хадистерді пайдалану керек. Мұсылмандар хазірет Маһдидің келуіне негіз дайындау үшін бәрінен бұрын ең алдымен өздерін дайындауы керек. Бұл дайындықтың алғышарты адам өзін рухани және психологиялық тұрғыдан дайындап, ол хазіретті жақсырақ тануы болады. Күтудің нағыз түсінігіндегі алғашқы қадам ол хазірет келген кезде оны толық тануымыз үшін біз өзіміздің жүрегімізде имам Заманды түсініп, мағрифатқа қол жеткізуіміз керек. Имам Маһдиді танитын адам әлемдік ұлы реформатордың шынайы түрде хақ пен әділеттің жақтасы, зұлымдық пен дискриминация және бейбастақтықтың қарсыласы екендігін түсінеді.
Сол себепті Маһдидің келуін күтіп жүрген адам оған ілесіп, хақ пен әділет талап етуші болуы керек, кез келген уақыт пен мекенде зұлымдық және бұзақылықпен күреске шығуы тиіс.
Исламдағы құтқарушы – бүкіл әлемдіктерді құтқарушы, азатттық сыйлаушы. Ол адамдарға рахат пен тыныштықты және қоғамдық әділетті сыйлайды. Хазірет Маһди – уәделі құтқарушы ретіндегі әлемдік тұлға. Оның заманында жалған тәсілдер мансұқ етіліп, барша ықылас, ынтамен оған бет бұрған жерде хақ нұры төгілетін болады. Имам Маһди – пайғамбардың пәк әулетінің пәк имамдарының соңғы буынынан қалған имам. Ол хазірет жер беті зұлымдыққа толғаннан кейін оны әділет пен теңдікке толтырады. Илаһи уәде бойынша жер беті мүміндердің иелігінде болады.
Бұл уәде Құранда айтылған. Құдай Құранның «Әнбиа» сүресінің 105-106 аяттарында былай деген: «Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: "Жерге игі қүлдарым мұрагер болады" деп жаздық. (24-С.55-А.) (105) Күдіксіз осы Құранда құлшылық қылған елге, әрине бір ұқтыру бар(106).
Осы аяттың түсіндіруі бойынша, Құдайдың жердегі ізгі құлдарының иелігі жаһандық аспектіге ие.
Яғни, уәделі Маһдидің келуімен әлемде зұлымдық пен бейбастақтық жойылып, жердің бүкіл билігі ізгі жандарға тиесілі болады.
Алланың соңғы ходжатының келуімен әлемнің бүкіл жерінде бейбітшілік пен әділет және қауіпсіздік нұрын шашып, жер бетіндегі ең ізгі адамның жетекшілігімен ең дұрыс, ең әділ үкімет орнатылады. Ол жерді абадтандыру мен көркейтуге кіріседі. Адамзат ақыл тұрғысынан ең кемел деңгейге жетеді. Адамдардың арасында толық теңдік орнайды.
Ол кезде ешбір адам басқа біреуге мақтанбайды немесе басқаға үстемдік етуді көздемейтін болады. Нәтижесінде әлемде шапқыншылық, соғыс бүлік жойылып, барлық нәрсе әлемде көктемдегідей жаңарып, тазарады. Құтқарушының қозғалысының әлемдік болуы туралы исламдық рауаяттар мына жайтқа назар аудартады: ол хазірет келген кезде бүкіл әлемде әр халық ол хазіреттің үнін өз тілінде естиді. Маһдидің шақыруының өзектері де жаһандық әрі барлық жерде әсерлі болады. Хазірет Маһди түсіністік пен бейбіт қатар өмір сүруді жүзеге асырушы. Илаһи үлкен пайғамбарлар да адамдардың арасында осы мақсатты көздеген.

Исламның қисыны бойынша дискриминация мен әділетсіздік – өркениеттердің құлдырау факторларының бірі. Шүбәсіз, өзі әділет пен ақиқатқа табанды адам ғана жер бетінде әділет орната алады.
Әділет – әлемнің құтқарушысы адамзатқа тарту ететін сый. Ол барлық кердеңдіктер мен артық талап етушіліктерді жойып, адамдарға ізгі әрі мәңгілік нәтиже сыйлайды. Әлем ол хазіреттің әділітінің әтірімен көркейіп, көріктене түседі. Әділдік жұпарының иісі өте жағымды болғандықтан құтқарушы әрі әділет сыйлаушы періште ретіндегі Маһдидің махаббаты адамдардың жүректерінен орын алады.