Бірлік аптасы 2: Бірлік ұғымы (сүннит ғұламаларының көзқарасы бойынша)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i19720-Бірлік_аптасы_2_Бірлік_ұғымы_(сүннит_ғұламаларының_көзқарасы_бойынша)
Сүннит ғалымдарының көбі шиіт ғалымдарымен бірге бірлік ұранын айтып, исламдық үмбетті жіктелуден абай болуға шақырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 12, 2016 17:10 Asia/Almaty
  • Бірлік аптасы 2: Бірлік ұғымы (сүннит ғұламаларының көзқарасы бойынша)

Сүннит ғалымдарының көбі шиіт ғалымдарымен бірге бірлік ұранын айтып, исламдық үмбетті жіктелуден абай болуға шақырды.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы исламдық үмбетттің бірлігі туралы ойланатын  ең жақсы мұрсат. Бүкіл әлемдіктер үшін Алланың рақымы болып, 14 ғасырдан артық уақыт өткенімен болмысының нұры адамгершілік, рақым мен махаббатың үлгісі болып, жүректері мұз болып қатып қалған жандарға қайтадан өмір сыйлап отыр. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға ғашық болу әлемнің жер-жеріндегі бір жарым миллиард  мұсылмандардың ең үлкен ортақ қасиеттерінің бірі. Осыдан 35 жыл  бұрын исламдық Иранда раби ул-аууал айының он екісі-он жетісі аралығы «Бірлік аптасы» деп аталып, Исламның ұлық пайғамбарының  болмысы мен сүннеті исламдық мазхабтардың арасында бірліктің ең мықты жетістіктерінің бірі ретінде таныстырылды.

Айта кететін жайт, сүннит мұсылмандар раби ул-аууал айының он екінші жұлзыын, ал шиіттер осы айдың он жетінші жұлдызын Исламның ұлық пайғамбарының туған күні санайды. Екі күннің аралығын «Бірлік аптасы» деп атау ұсынысын әлем мұсылмандары, әсіресе исламның әртүрлі мазхбатарының ғалымдары жылы қарсы алды.

 Қазіргі кезде Ислам дінінің дұшпандары басқа кез келген уақытпен салыстырғанда ислам мазхабтарының арасына жік салуға көбірек әрекет жасауда. Ислам тарихында  исламдық үмбетке мұндай қысым көрсету мен исламдық мазхабтардың арасын жіктеу мақсатында мұндай әрекет аз кездесті деп айтуға болар. Бөгделердің қулықтары мен алдап-арбаулары мен бірге мұсылмандардың надан әрі хабарсыз  топтары да мазхабтар арасында өртті өршітуге талпынуда. Өкінішке орай, дін мен тарихтың шындықтарынан хабарсыз болу әртүрлі мазхабтардың жақтастарын  бір-біріне қарсы қоятын кейбір мейірімсіздіктерінің негізгі себептерінің бірі саналады. Адамдардың дін туралы білімдері артқан сайын олар бірлік пен бауырластықты да көбірек қалайтын боладыы. Өйткені әртүрлі мазхабтардың ғалымдары мазхабтардың кейбір мәселелер бойынша  қайшылықтарынан хабардар болғанысынды мазхабтардың көптеген ортақ негіздерінен де хабардар. Тек уаххабшылардың басшыларының пікірлері өзгеше. Негізінде ваххабизм исламдық мазхабтардың қатарына жатпайды. Тіпті сүннит ғалымдарының көбі ваххабизмді жасанды әрі Исламның шындықтарынан алыс ағым деп санайды. Уаһабшы шейхтер әрқашан іріткі салу дабылын ұрып, исламдық үмбетті қайшылықтарға тірегісі келді.  Бірақ сүнниттер мен шиіттердің танымал ғалымдары        «Әл Имран» сүресінің «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» деп айтылған 103-ші аятына тоқталып, исламдық үмбеттің қиындықтарын шешу мақсатында мұсылмандарды бірлікке шақырды. Кейбір сүннит ғалымдарының исламдық мазхабтар арасындағы бірлік туралы пікірлерін ұсынамыз.

 «Мұсылман бауырлар» әлемдік қозғалысының іргетасын қалаушы шәһид Хасан Әлбана 20-шы ғасырдағы исламдық ой-пікірге әсерін тигізіп, шиіттер мен сүнниттер арасындағы бірлік жолында әрекет еттті.  Хасан Әлбана мен исламның тағы басқа үлкен ғұламалары ортақ негіздерге сүйеніп, бір-бірінің пікірлерін құрметтуге келісті. Сол әйгілі ғалымдар  мұсылмандардың Алланың соңғы пайғамбары – хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен қасиетті кітап – Құранға сүйеніп, Қағбаны құбыла және Алланың үйі ретінде қабылдап, қиямет пен діннің міндеттерін орындауға иман келтіргендерін растады.

Хасан Әлбана

Сүнниттердің  алдыңғы қатарлы ойшылы  шейх Мұхаммад Ғазали шиіттер мен сүнниттердің арасындағы қайшылықтарды  негізгі қайшылықтар емес деп бағалап: «Наным-сенім де саясат пен үкіметтің бейберекеттігіне тірелді. Өйткені өзін артық санау мен монополия наным-сенімдерге жатпайтын нәрселерді енгізді. Содан бері  мұсылмандар шиіттер мен сүнниттерге бөлінді. Бұл екі топ та ұлы Алла мен Исламның ұлық пайғамбарының ресалатына иман келтіреді.  Мен ахкамның көбінде шиіттердің көзқарастарына қарсы болғаныммен  әрбір қарсы адамды күнәһар деп санамаймын»,- деді.  Шейх Мұхаммад Ғазали шиіттер мен сүнниттердің арасына іріткі салуды діннің дұшпандарының жобалаған  қастықтары санап: «Діннің дұшпандары шиіттер мен сүнниттер арасындағы қайшылықтарды наным-сенімнің негіздерімен байланыстырады. Сөйтіп біртұтас дінді екіге бөліп, біртұтас үмбетті екі топқа бөліп, олардың әрқайсын келесінің өлімін тілейтіндей етпек болды. Сондықтан мұсылмандарды екіге бөлуге тіпті бір сөзбен көмектесетін адамға келесі аят сай келеді. «Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз, олардың ісі Аллаға тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді». («Анғам» сүресі 159-шы аят).

Шейх Ғазали: «Салыстырмалы фикх саласында фикх қайшылықтарын зерттеген кезде шиіттер мен сүнниттер арасындағы қашықтықтың мөлшерінің  Абуханифа мен Мәлеки мазхабтары  арасындағы мөлшерде екенін көремін.  Сондықтан баршаны тәсілдері түрлі болғанымен шындықты іздеу саласында бірдей көремін»,- деді.

Мұхаммад Ғазали

Шейх Махмуд Шалтут сүннит мұсылмандардың зерттеушісі, тәпсіршісі, әл-Азхар университеті басшыларының бірі және исламдық мазхабтарды жақындастыру ұйымының іргетасын қалаушы болды. Ол шиіттер мен сүнниттер бірлігі белсенділерінің және қорғаушыларының бірі шиіттердің әйгілі ғалымы аятолла Сейед Хосейн Бруджердимен достық қарым-қатынас орнатқан болатын. Шейх Шалтут өз пәтуәсында шиіт мазхабы туралы: «Он екі имамдық шиіттер мазхабы болып танымал болған Джафари мазхабына сүнниттердің мазхабтары сынды шариғат бойынша рұқсат етілген. Мұсылмандар мұны біліп, басқа мазхабтарға қатысты ырымшылдық танытудан абай болғандары жөн»,- деді. Шейх Шалтут мазхабтарды жақындастыру ұйымының ислам үмбетінің бірлігін қорғау саласындағы отырысы туралы: «Әттең, мазхабтарды жақындастыру ұйымының отырыстары туралы айта алғанымда ғой. Ол кезде мысырлық ирандық немесе ливандық, ирактық және пәкістандық немесе басқа елдердің өкілдерінің қасында отырып, ханафи, малеки, шафи және ханбали ағымдарының  өкілдері имамиттер мен зейдшілермен бір столдың басына жиналады.  Сонымен бірге олардың ымырашылдығы, махаббаты мен ынтымақтастығы жақсы көрінеді»,- деді. Шейх Шалтут кейбір хабарсыздардың қарсылықтарына тоқталып: «Ой өрісі тар адамдар бірлікке қарсы соғысты. Мұндай адамдар әр үмбетте кездеседі. Олар іріткі салу арқылы өз мүдделерін қамтамасыз ететін болған соң бірлікке қарсы соғысқан.   Екі топ та өз қаламын іріткі салу саясаттарға сатады.  Бұл саясаттар тікелей немесе жанама тәсілдер арқылы  өзгеріс енгізетін барлық әрекеттермен  күресіп, мұсылмандардың бірлігіне себеп болатын барлық іске қарсы тұрады»,- деді.

Шейх Мұхаммад Шалтут

 Сүннит мұсылмандардың  ойшылдарының бірі ұстаз самих Атеф әл-Зейн «Мұсылмандар кімдер?» деп аталған кітабының кіріспе сөзінде: «Бұл кітапты жазуыма бүгінгі әлемнің екі топқа бөлінуі, әсіресе мұсылмандардың шиіттер мен сүнниттер болып бөлінуі себеп болды. Негізінде мұсылмандардың жіктелуі  надандықтың жойылуымен бірге жойылуы керек еді. Өкінішке орай, бұл жіктелу осы күнге дейін дімкәс жүректерде тамырларын тереңге жайған»,- деп жазды. Оның пікірінше, сүнниттер мен шиіттердің қайшылықтары еш уақытта Құран немесе сүннеттің негіздеріне қатысты болмаған. Ол соңында: «Біз сектанттық көңіл-күйді жойып, діни кекшілдікті тарататын адамдардың жолын жабуымыз керек. Сонда мұсылмандар бұрынғыдай біртұтас, ынтымақтастығы  мен достығы жарасқан топқа айналады»,- деді.

 

Сүниттердің заманауи ғалымы ұстаз Сабер Таиме: «Шиіттер мен сүнниттердің наным-сенім негіздеріне қатысты айырмашылықтары жоқ. Олардың айырмашылықтары діни жоралғыларды орындауларынан байқалады.  Шын мәнінде,  сүннит және шиіт мазхабатары – Алланың Кітабы мен Пайғамбардың  сүннетіне сүйенетін исламдық мазхабатар»,- деді. Заманауи ғасырдың сүннит ойшылы, ғалымы және уағызшысы Сейеде Әбулхасан Әли Надави шиіттер мен сүнниттердің арасын жақындастыру туралы: «Егер шиіттер мен сүнниттердің арасы жақындаса, исламдық ой-пікірді қайтадан қарастыру  тарихында теңдессіз революция орын алады»,- деді.