Трамп кезіндегі АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i22834-Трамп_кезіндегі_АҚШ_тың_Иранға_қатысты_саясаты_1
Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші Президенті ретінде жақын арада Ақ Үйге кіреді. Трампқа дауыс беру демократтармен Клинтон және Обаманың іс-әрекеттеріне өшпенділік білдіру болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 08, 2017 17:14 Asia/Almaty
  • Трамп кезіндегі АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты 1

Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші Президенті ретінде жақын арада Ақ Үйге кіреді. Трампқа дауыс беру демократтармен Клинтон және Обаманың іс-әрекеттеріне өшпенділік білдіру болды.

АҚШ-тың 2016-шы жылғы президенттік сайлауында республикашыл миллиардер Дональд Трамптың жеңіске жетуімен көптеген сұрақтар туындады. Көп назар аударылатын сұрақтардың қатарына «Дональд Трамптың билік басына келуінің Иран үшін қандай әсері бар? Трамптың билікке келуі АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттеріне өзгеріс енгізеді ме, әлде жағдай одан сайын нашарлай түседі ме деген сұрақтар кіреді. Негізінде Иран мен АҚШ-тың арасындағы  мәселе тарихи және идеологиялық ерекше шиеліністерге ие. Олар оңай немесе қысқа мерзімде шешілмейді. Бірақ  қазір бұл мәселе АҚШ-тің ішкі оқиғаларымен байланысты болып отыр. АҚШ сайлауында бұл елдің либерал-демократиялық жүйесінен Дональд Трамп АҚШ популизмінің көрінісі ретінде жеңіске жетті. Трамп әртүрлі себептерге байланысты билікке жетті. Биліктің мұндай ауысуы АҚШ үшін әлемдік сахнада қандай өзгерістер әкеледі деген тақырып пікірталастардың негізгі мәселесі болуда. Бұл сұрақтың бір бөлігі ғана Иранға қатысты. Сондықтан Трамп пен АҚШ-тың келешек саясатын жан-жақты қарастыру қажет.

 АҚШ осыдан 15 жыл бұрыннан бері маңызды экономикалық қиындықтармен бетпе-бет келді. Бұл экономикалық тоқыраудың қомақты бөлімі АҚШ үкіметі көп қаржы жұмсаған Ауғанстан мен Ирак соғыстарына тиесілі. Басқа жақтан АҚШ қоғамы таптары арасындағы алшақтықтың артуымен бетпе-бет келіп, бұл мәселе де елдің қоғамдық қарым-қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ-тың қазіргі кездегі таптарының арасындағы айырмашылық бұл елдің тарихында бұрын-сонды болмаған және күннен күнге артып келеді. Қазіргі жағдайда Дональд Трамп АҚШ қоғамының сұраныстарын жақсы түсініп, өз ұрандарын осы салаға арнады. АҚШ халқы бетпе-бет кезігіп отырған қиындықтарына байланысты Трамптың ұрандарын қолдап, ол АҚШ-ның келешегін жақсарта алады деп ойлады. Трамп өз ұрандарын АҚШ қоғамының наразылықтары мен кемшіліктерінің арасынан таңдап, халыққа ұсынды. Бұл оның президенттік сайлауда жеңіске жетуінің ең маңызды факторларының бірі саналады. Вашингтон мен Сан-Франциско сынды мегаполистерден басқа АҚШ-тың әртүрлі  штаттарының халқының көбі өздерінің экономикалық, тұрмыс, спорт және серуен мәселелеріне көбірек көңіл бөледі. Олар үшін саяси мәселелер мен сыртқы саясат келесі қатарда тұрады. Осыған орай Трамп АҚШ халқының сұраныстарын жақсырақ біліп, халықтың жасырын мәселелерін айқын баяндады. АҚШ қоғамындағы мұндай шешім Трамптың сайлаудағы жеңісіне ұласты. Джордж Буш үкіметінің  орнын басқан Обама экономика мен сыртқы саясат салаларында көптеген қиындықтармен кезіккен болатын. Джордж Буш өзінің президенттік кезеңінің Ирактағы соғыс сынды маңызды оқиғаларының көбінде тәуелсіз әрекет жасап, АҚШ-тың әлемдік одақтастарының ынтымақтастықтарына көп сүйенбеді. Иракқа қарсы соғыста АҚШ-пен тек Ұлыбритания ынтымақтастық жасады. Басқа еуропалық мемлекеттер соғысқа қаржы жұмсауға әзірлік білдірмеді. Джордж Буштың дұшпандық саясаттарының аясында  Таяу Шығыс пен әлемнің басқа да әртүрлі аймақтарында көптеген күтпеген оқиғалар орын алды. ДАИШ, Боко Харам мен әл-Қаида сынды лаңкестік топтардың пайда болуына  көбінесе Джордж Буштың әлемнің жазықсыз халқының көпшілігін қырған саясаты себеп болды. Қазіргі жағдайда тіпті АҚШ-тың көптеген  саясаткерлері Обаманың саясаттарын сынап, әртүрлі тәсілдермен оның саясаттарына күмән тудыруда. Бірақ Трамп туралы әзір нақты айтатын уақыт келген жоқ. Қазір Трамптың тек сөздері ғана бар. Сондықтан Трамптың Қорғаныс министрлігі, сыртқы саясат пен қауіпсіздік органдары сынды маңызды лауазымдардың басшыларын сайлауын бағалаумен шектеледі. Жақында Ақ Үйден кететін Барак Обама президенттігі кезінде тікелей соғыстарға қатыспай, дипломатия арқылы АҚШ-тың басқа мемлекетер арасындағы қиындықтарын шешуге талпыныс жасады. Обама АҚШ-тың сыртқы саясатындағы  маңызды әрі тарихи екі мәселені, яғни Иранның ядролық мәселесі мен Кубамен арадағы қарым-қатынастарының біраз мәселесін шешті. Ол сонымен бірге Хиросимаға тарихи сапар шегіп, АҚШ-тың сыртқы саясатындағы қайшылықтарды шешуде шынайы қадам жасады. Таяу Шығыс аймағы әрқашан АҚШ-тың әскери оқиғаларының сахнасы болды. Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың ең үлкен оқиғасы кейін аймаққа дағдарыс тудырған ДАИШ сынды лаңкестік топтың құрылуына себеп болған  2003-ші жылғы Иракқа қарсы әскери шабуыл болды. Бүгінде  бір елдің басқа елдердің отары болатын уақыт өтті. Бұл жағдайларға назар аударып, АҚШ-тың жаңа үкіметі Таяу Шығысқа қатысты саясатында бірнеше мәселеге көңіл бөледі деген ой туады: біріншіден, кез келген саясаттың шығын мен соққы әкелмеуі; екіншіден, ұстанатын саясаттың шығыны мен пайдасының бағалануы; үшіншіден, АҚШ-тың аймақ мәселесін шешпейтіндігімен қатар көбінесе аймақ пен әлемнің қиындықтарын арттыратыны туралы ұмытпау қажет. Иран ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан біраз уақыт бұрын Исфаһан халқымен кездесуінде: «АҚШ сайлауының нәтижесіне қатысты әлемнің кейбіреулерінің аза тұтуы немесе басқаларының қуанышқа бөленуіне керісінше, біз аза да тұтпаймыз, қуанбаймыз да. Өйткені біз үшін АҚШ билігіне кімнің келетіндігінен еш айырмашылық жоқ. Біз  ешбір алаңдаушылық білдірмейміз. Алланың мейірімімен кез келген оқиғамен бетпе-бет келуге дайынбыз.  Бұл сайлау туралы төрелік етпейміз.  Өйткені, АҚШ – бұрынғы АҚШ. Өткен 37 жылда екі партияның  біреуі билік басына келіп, Иран халқы үшін ешбір жақсылық әкелмеді»,- деп қуаттаған болатын.  Иран халқы кез келген жағдайда АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен қысымдарына қарсы тұрды. Бұл қарсыласу осы кезде жұмсақ  күшке айналды. АҚШ пен басқа да араласушы мемлекеттер артық талап етушіліктерін тоқтатпаған жағдайда  оған қарсы тұратын жалғыз жол – табандылық және революцияшыл күрес.