Босқындар – еуропалықтардың адам құқығына беріктігінің өлшемі (4)
(last modified Mon, 09 Jan 2017 08:30:31 GMT )
Қаң 09, 2017 14:30 Asia/Almaty
  • Босқындар – еуропалықтардың адам құқығына беріктігінің өлшемі (4)

Бұл бағдарламада Еуропадағы босқын балалардың құқықтарының бұзылуы жайында сөз қозғалған.

Бұл бағдарламада босқындардың Еуропаға ағылуының гуманитарлық қырлары және гуманистпіз деп уәж айтушылардың гуманитарлық қағидаларға қайшы шаралары сыналды. Өткен бағдарламада Еуропадағы босқын балалар мен қараусыз қалған балалардың ауыр жағдайы туралы сөз қозғадық.

Босқын балалар

Адамзат қоғамындағы ең әлсіз топ балалар болып табылады. Олар ересектердің өмірінен туындайтын қысымдар мен қиындықтардың тікелей ықпалында қалып, зардап шегеді. Еуропаға келген қамқоршысыз балалардың жартысына жуығы жоғалып кеткен және олардан еш белгі қалмаған. Бұл балалардың көбі адам саудасымен айналысатын контрабандистер мен жезөкшелікті таратумен айналысатын адамдардың қолына түсіп қалады. Олар бұл балаларды жыныстық құлдыққа салады. Тіпті ата-аналарымен бірге Еуропаға аяқ басқан балалардың бір тобы  да көптеген зиян көреді. Балаларға тиетін ең ауыр зиян – жыныстық қорлау. Еуропадағы босқындардың көбі минималды өмірлік қажеттіліктерден мақұрым қалғандықтан, осы балалардың көбі немесе олардың ата-аналары тірі қалып, азын-аулақ азыққа қол жеткізу үшін кез-келген қорлыққа шыдайды. Грекияда өз тәнін сатуға бой алдырған бір жеткіншек ұлдың суреттері жарияланды. Гуманизмді қолдаймыз деп уәж айтатын еуропалық елдер босқындардың құқықтарына  ешқандай көңіл аудармай отырған жағдайда Еуропадағы босқын балалардың құқықтары аяққа тапталуда. Дүниежүзілік адам құқығы декларациясында жалпы түрде адамдардың құқығы жайлы айтылған, онда адамдар үлкен-кіші деп бөлінбеген. Алайда балалардың әлсіздігі мен оларға көбірек көңіл бөлудің қажеттігі ескеріліп, 1990 жылы БҰҰ-да бөлек конвенция қабылданды. Осы конвенция қабылданбас бұрын және Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін БҰҰ-да ЮНИСЕФ деп аталатын балаларды қолдау қоры құрылды. Бұл қорды құруда және балалардың құқығы туралы конвенцияны бекітуде еуропалық елдердің әсерлі рөл атқарғаны анық. Алайда Еуропаға ағылған босқындар толқыны сияқты жағдайда адам құқығы туралы конвенциялар, соның ішінде балалардың құқығы туралы конвенцияға беріктігі сыналған шақта еуропалық елдер үшін маңызды болмаған нәрсе – босқындардың, әсіресе балалардың аянышты жағдайы. Олар тек босқындарды орналастыруға жұмсалатын қаражат пен оларға қарайлаудың жолдары және босқындардың өз елдерінде болуының салдарлары жайлы ойлайды. Еуропалық елдердің кейбіреулері барлық мұсылмандарды, соның ішінде мұсылман балаларды лаңкес деп топшылағандықтан, босқын балаларды ата-аналарымен бірге қабылдаудан бас тартып отыр.

БҰҰ Балаларды қолдау қоры (ЮНИСЕФ)

ЮНИСЕФ құрылған кезде оның жұмысы Екінші дүниежүзілік соғыста зардап шеккен жас балаларға көмектесуге (әсіресе еуропалық балаларға қарайлауға) арнайы түрде бағытталған еді. Бірақ 1953 жылы бұл ұйым өзінің миссиясын халықаралық деңгейге көтеріп, өз белсендігін даму үстіндегі елдерге жайды. ЮНИСЕФ содан соң  оқу, денсаулық сақтау және су мен азық-түлікке қолжетімділік саласында балаларға көмектесу үшін бірнеше бағдарламаны орындады. 1948  жылғы желтоқсанның онында Дүниежүзілік адам құқығы декларациясы «Аналар мен балалар ерекше қарау мен көмекке ие болуға  құқылы» деген тақырыпты ресми түрде таныды. 1959 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы бала құқығының келісімін бекітті. Бұл келісімде бала құқығының 10 принципі сипатталған. Аталмыш мәтінге барлық елдер тарапынан қол қойылмай, оның принциптері тек ақпараттық құндылықа ие болып қалды. Алайда тура осы мәтін Дүниежүзілік балалар құқығы декларациясына жол ашып берді.

Дүниежүзілік балалар құқығы декларациясы

Еуропаға келген босқын балалар да Екінші дүниежүзілік соғыстан әлдеқайда нашар жағдайдағы соғыстың салдарына ұшырап отыр. Дүниежүзілік балалар құқығы декларациясы 54 бапта балаларды қолдау үшін дайындалған. Осы баптардың әрқайсысы балалардың барлық құқықтарын егжей-тегжейлі баяндайды. Әрине түсіндіре кету қажет, бұл құқықтар декларацияда басымдық бойынша баяндалмаған. Декларацияның бірінші бабында баланың сипаттамасы жайында 18 жастан төмен адамға бала деп айтылады деп жазылған. Декларацияның екінші бабында: «Мүше елдер аталмыш декларацияда келтірілген құқықтарды өздерінің қарауына жататын әрбір бала үшін ешбір кемсітушіліксіз, нәсілі, түсі, жынысы, тілі, діні, саяси сенімі мен басқа ойларына көңіл аудармастан сақтап,  балалар, олардың ата-анасы немесе қамқоршысының ұлты, әлеуметтік тобы, мал-мүлкі, мүгедектік, туған жері немесе басқа ерекшеліктерін құрметтеп, олардың сақталуын кепілдендіреді»,-деп қуатталған. Халықаралық конвенцияда бала құқықтарына жалпылама түрде ешбір ерекшеліксіз қаралған. Шын мәнінде гуманизмді қорғаушымыз деп уәж айтатын еуропалық елдердің босқындарды, әсіресе балаларды қабылдамауға ешбір дәлелі мен сылтауы жоқ. Шын мәнінде олардың жауапкершілігі ауырырақ. Еуропалық елдердің ондаған мың босқынға қатысты қатынасы жауапкершілік пен адамгершілікке жата ма?

 

Еуропада сергелдеңде түскен босқын балалар

Балаларымен бірге Еуропа шекараларының ар жағында қалып, аянышты жағдайда Еуропаға кірудің жолын іздестіріп жүрген босқындардың суреттері мен бейнетаспаларға шолу жасаудың өзі жеткілікті. Венгрия үкіметі босқындардың Еуропаға кіруінің алдын алу үшін Сербиямен арадағы шекараларын қоршап тастады. Еуропалық елдердің, әсіресе Еуропа құрлығының  маңындағы елдердің шекара полициясы балалардың көзінше олардың босқын ата-аналарына қатігез қатынас көрсетуден жасқанбайды. Осы суреттердің бірінде бір венгриялық тілшінің босқындарды ұрғаны бейнеленген. Бұл суретті еуропалық елдер мен ақпарат құралдарының Жерорта теңізінің жағасында Айлан деген сириялық босқын баланың жансыз денесінің суретіне реакциясының жанына қойыңыз. Айлан суреті жарияланған соң гуманистік сезімдер мен алаңдаушылықтар білдірілді. Бұл екі сурет те Еуропадан. Біріншісінде Сирияда дағдарыс тудырған елдердің жауапсыздығының құрбаны болған баланың суретіне білдірген сезімі баяндалған. Екіншісінде Еуропа шекараларының ар жағындағы босқындар толқыны мен олардың соққыға жығылуына реакция бейнеленген.

Венгриялық әйел оператордың  сириялық босқын әке мен баланы тебуі

Бұл суреттер еуропалық елдер арасында гуманистік сезімдердің сахналанған көрініс болу деңгейін көрсетеді. Еуропа шекараларында да босқындар нәсілдік кемсітушілік пен әсірешіл оңшыл топтардың қатігез қарым-қатынасына ұшырап отыр. Әртүрлі елдер, әсіресе Германиядағы босқындардың қосындары өртке оранады. Еуропаның әртүрлі елдерінде мигрантпен жауласу деңгейі бірнеше рет өскен. Еуропаның  сайлауларында әсірешіл оңшыл партиялардың орны артып кетеді. Еуропаның дәстүрлі партиялары да қоғамдағы орнынан айырылмау үшін мигрант қабылдау саясаттарын күшейтіп, босқындарды таңдау және олардың көбін, әсіресе жанұясымен келгендерді қайтару жолын ұстануды мақсат тұтып отыр. 

Келесі бағдарламада әсірешіл оңшыл топтар жайында көбірек баяндаймыз.