Босқындар – еуропалықтардың адам құқығына беріктігінің өлшемі (6)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i22909-Босқындар_еуропалықтардың_адам_құқығына_беріктігінің_өлшемі_(6)
Бүгінгі бағдарламада босқындардың Еуропаға ағылуының басты себептері баяндалды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 09, 2017 18:34 Asia/Almaty
  • Босқындар – еуропалықтардың адам құқығына беріктігінің өлшемі (6)

Бүгінгі бағдарламада босқындардың Еуропаға ағылуының басты себептері баяндалды.

Өткен бағдарламада Еуропаға ағылған босқындар толқынынан кейін миганттарға қарсы әсірешіл оңшыл ағымдардың позицияларының нығаюы туралы сөз қозғадық. Тарихи тәжірибелер негізінде Еуропада осындай ой қалыптасқан. Экономикалық және әлеуметтік алшақтықтарға душар болып отырған қоғамдарда әсірешіл оңшыл партиялар дамиды. Алайда Еуропадағы соңғы бірнеше жылдағы өзгерістер  Еуроодақтың бай елдерінде  мигранттарға қарсы әсірешіл оңшыл партияларға бетбұрыстың артқанын көрсетеді. Шын мәнінде Еуропада миганттарға қарсы әсірешіл оңшыл партияларға бет бұрудың артуы бұл құрлықтағы гуманизмді қорғаймыз деп уәж айтатын елдерде нәсілшілдік ағымдардың белең алуынан туындап отыр.  

Еуропадағы нәсілшілдік

Еуропадағы нәсілшілдік ертеден басталған.  Еуропалық отаршылардың отаршылдық заманда болған нәсілшілдік қатынасы кейбір еуропалық елдерде әлі күнге дейін сақталып қалған. Бұл үшін Еуропа мен әлемнің басқа жерлеріндегі  лаңкестік оқиғалардың көріністерін салыстыру жеткілікті. Еуропадағы ең кіші лаңкестік оқиға әлемдік деңгейде ауқымды түрде көрініс тауып, әлемдік қауіпсіздік үшін қатер деп сипатталады. Алайда Еуропадағы оқиғадан көлемі бойынша бірнеше есе үлкен лаңкестік оқиға еуропалық ақпарат құралдарында бірнеше жолдық хабар түрінде таралады. Еуропалық елдер осы нәсілшілдік көзқараспен  көптеген шындықтарды өздерінің қоғамдық пікіріне жеткізбейді. Олар Еуропаға ағылған босқындар толқынының туындау себебіне тоқталмастан, оны Еуропаның қауіпсіздігіне қатер ретінде қарастыруда. Неліктен миллиондаған сириялық азамат өз қалалары мен үйлерін тастап, Еуропаға қарай қатерлі сапарға шығады? Сирия дағдарысы қалайша туындады? Бұл дағдарысты Таяу Шығыс елдерінде авторитарлы режимдерге қарсы халықтық қозғалыстардың жалғасы деп бағалауға бола ма? Сирия үкіметінің соңғы дағдарысқа дейінгі оппозиционерлермен қатынасына сындар айтылады. Бірақ бұл сындар демократияны қолдаймыз деп уәж айтатын еуропалық елдердің лаңкестік топтардың көмегімен Сириядағы үкіметті құлатуды түсіндіретіндей деңгейде емес. Түркия, Сауд Арабиясы, БАӘ мен Катар Сирияның үкіметін құлатуға арналған  батыс-араб жобасын орындауды қолға алды. Қарама-қайшы мәселе мынада: Тайпалық сипатта басқарылып, халқы тіпті қарапайым азаматтық принциптерден мақұрым қалып отырған Сауд Арабиясы Сирияда демократияның орнатылуын талап етті.

Сириядағы дағдарыс

Ешбір демократиялық органы жоқ әрі еуропалық елдер мен АҚШ-тың ең жақын одақтасы болып табылатын Сауд Арабиясы Сириядағы демократиялық жобаның орындаушысына айналды.  Тура осы мәселе Батыс елдерінің Таяу Шығыс аймағындағы демократия тақырыбына құрал ретінде қарайтынын дәлелдеу үшін жеткілікті. Мұндағы біздің мақсатымыз еуропалықтардың Сириядағы демократияға қатысты қарама-қайшылықтарын сынау емес. Батыс-араб коалициясының Сирияда алты жылға жуық уақыт бойы тудырған дағдарысының Сирия, Таяу Шығыс пен әлемде ауқымды салдарлары болды. Ұлы тарих пен өркениетке ие елде тұратын 23 млн сириялық азамат саяси-экономикалық қиындықтарға қарамастан тыныш өмір сүріп жатқан. Бұл ел сионистік режимге қарсы қарсыласу өзегінде орналасқан. Палестинаның азаттық сүйгіш топтары мен партияларының басым бөлігінің базалары Батыс-араб коалициясы тудырған дағдарыстан бұрын  Сирияда орналасқан. Аймақтағы араб елдерінің ешқайсысы Сирия сияқты сионистік режимнің басқыншылығына қарсы табандылық танытпады. Шын мәнінде Батыс елдері мен олардың аймақтық одақтастарының Сирия үкіметін құлатудағы негізгі мақсаты бұл елді сионистік режимге қарсы қарсыласу өзегінен шығару болды. Осы дағдарыстың салдарынан Сирияның экономикалық және коммуналдық инфрақұрылымдары жойылып, 11 млн адам босқынға айналып, жарты миллионнан астам сириялық қаза тапты.

Миллиондаған сириялықтардың босқынға айналуы

Түркия, Ливан мен Иордания елдері кейбір соғыс босқындарын қабылдады. Батыс елдері мен олардың аймақтық одақтастары тудырған дағдарыс осы елде демократия орнату сылтауымен жасалды. Алайда Сириямен көршілес елдердегі бұл босқындардың көптеген қиындықтары бар. Осы босқындардың көбі жақсырақ өмір сүру жағдайына жетудің жалғыз жолын Еуропаға қатерлі сапар шегу деп біледі. Олар өздерінің қираған өмірінен қалған барлық қаражатты Еуропаға жету үшін контрабандистердің қолына береді. Бұл сириялықтардың ешқайсысының өздерінің үйлері мен елдерін тастап кетуді және ешбір перспективасы жоқ Еуропада өмір сүруді қаламағанын көрсетеді. Егер мұндайды қалағанда  заңды жолмен барар еді. Сирия Батыс елдерінің жобалауы мен Сауд Арабиясы, Түркия, Катар мен БАӘ-нің орындауымен тәкфирлік және лаңкестік топтардың ең үлкен базасына айналды. Сауд Арабиясы сияқты елдің еуропалық елдер мен АҚШ-тың тікелей қолдауымен тәкфирлік және лаңкестік топтар арқылы бір елде азаттық пен демократия орнатқысы келетіндігіне қалайша сенуге болады?

Босқындардың Еуропаға ағылған толқыны еуропалық елдердің Таяу Шығыстағы, әсіресе Сириядағы саясаттарымен тікелей байланысты. Алайда Батыс елдері миллиондаған сириялық босқын жайында өздерінің қоғамдық пікіріне бұрмаланған сараптама ұсынып, осы салада өз міндеттемелерін қабылдауға дайын болмай отыр. Сол себепті іс жүзінде Сирияға қатысты саясаттарын өзгертпеді. Олар сириялық босқындарды өздерінің ұлттық қауіпсіздігіне қатер деп санап,  шекараларды жабу мен босқындарды шығару саясатын босқындардың Еуропаға кіруінің жалғасуына қарсы тұруының жалғыз жолы деп есептейді.  

Сириялық босқындар

Еуропада орын алған бірнеше лаңкестік әрекет пен нәсілшілдік қатынастың таралуы босқындарға қарсы ауыр шаралардың қабылдануын түсіндіреді. Еуропадағы сириялық босқындар барлық жағынан құрбан болып отыр. Олар Батыс елдерінің демократияны қорғау және гуманизмді жақтау сылтауымен Сирияда тудырған дағдарысындағы өтіріктердің құрбаны болып табылады. Еуропаға ағылған босқындардың толқыны еуропалық елдердің өз шекараларының ішіндегі гуманистік уәждерін түйткілге ұшыратты. Еуропалық елдер адам құқығы стандарттарын өз шекаралары аумағында мүмкін болғанша сақтауға тырысады. Еуропаның шекараларынан тыс жерде бұл елдер үшін жалғыз маңызды нәрсе олардың мүддесі ғана және осы мүдделерге жету жолында ешбір гуманистік принциптер оған кедергі бола алмайды. Еуропалық елдердің Сауд Арабиясымен қарым-қатынасы демократия мен гуманизмді қолдаймыз деп уәж айтатын осы елдердің екіқырлы саясатының тек бір үлгісі ғана. Ал Сауд Арабиясы Сирия мен Ирактағы тәкфирлік және лаңкестік топтар мен мұсылман елдердегі басқа да дағдарыс ошақтарының басты демеушісі болып табылады.

Еуропалық елдер сириялық босқындарға қатысты міндеттемені қабылдағысы келмейді. Олар босқындарды шығару және жаңа босқындардың кіруінің алдын алу үшін ауыр шараларды қабылдауға сылтау іздеуді көздейді. Олар осы мақсатқа жету үшін, тіпті гуманитарлық заңдар мен адам құқығы жарғысына қайшы болса да, кез-келген жолды пайдаланады. Еуропалық елдердің босқындармен кемсітушілік сипаттағы қатынастарының артуы және олармен нәсілшілдік қатынастары, босқындарды мәжбүрлі түрде жұмысқа салу және әйелдер мен балаларды жыныстық тұрғыдан пайдалануға көңіл аудармауы, осының барлығы босқындар үшін қауіпті кеңістік тудыру және жаңа босқындардың кіруінің алдын алу үшін жасалып жатыр.