Һашеми Рафсанджани – теңдессіз саясаткер 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i23467-Һашеми_Рафсанджани_теңдессіз_саясаткер_2
Иран халқы мен Ислам революциясының жақтастары Ислам революциясының ағымы мен исламдық республика жүйесінің негіздерін нығайтуға әсерін тигізген аазматтардың бірінен айрылды. Аятолла Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуы үлкен уайым-қайғыға себеп болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 21, 2017 17:14 Asia/Almaty

Иран халқы мен Ислам революциясының жақтастары Ислам революциясының ағымы мен исламдық республика жүйесінің негіздерін нығайтуға әсерін тигізген аазматтардың бірінен айрылды. Аятолла Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуы үлкен уайым-қайғыға себеп болды.

Һашеми Рафсанджани

. Һашеми Рафсанджани Ислам революциясының жеңіске жетуі ағымында Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің жақын серіктерінің бірі болғаны сынды Ислам революциясының жеңісінен кейін де революцияның көсемі имам Хомейнидің өмірінің соңғы сәтіне дейін хазіреттің жақын серігі болып қалды. Ол шынайы күрескер, терең ойға ие, сұңғыла, көкірегі ояу әрі іскер азамат болды. Дәл осы ерекшеліктері Һашеми Рафсанджаниды теңдессіз тұлғаға айналдырды.

Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан жолдауында: «Ол кісінің сол жылдардағы көрегендігі мен қайталанбас адалдығы онымен әріптес болған барлық адамдар үшін, әсіресе мен үшін берік тірек болды»,- деді. Һашеми Рафсанджани патша режиміне қарсы режим құлағанға дейінгі күресінде Ислам революциясының жеңісінен кейінгі күндер үшін ұйымдар құрды. Күрескер руһанилер қоғамы, Революция кеңесі және Ереуілдер басқармасының ресми құрылуы мен шерулер ұйымдастыру, имамның мұнай аймақтарына жіберген топтарының мүшесі ретінде қуат мәселесін шешуге қатысуы, отанына оралған имамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі Һашеми Рафсанджани мен имам Хомейнидің басқа жақын бірнеше шәкірті мен серіктерінің маңызды іс-әрекеттерінің қатарын құрады. Һашеми Рафсанджанидың Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жұмыстарының бірі имам Хомейнидың рұқсаты және Иранның Жоғарғы Соты Беһешти мен жетекші аятолла Хаменеидің қолдауымен Ислам республикасының партиясын құруы болды. Иранның Ислам революциясы адамгершілік және діни құндылықтарды жаңғыртуды мақсат еткен және діни басшы арқылы басқарылған революция болды. Дәл осы дәлелмен революция жеңіске жеткен күннен бастап, Шығыс пен Батыс блоктары мен соларға тәуелді Иранның ішіндегі қарсылығы және дұшпандығымен кезікті. Олар Ислам революциясын сәтсіздікке ұшырату үшін революция басшыларына қарсы лаңкестік әрекеттер жасамақ болды. Олардың бірінші нысаны – Ислам революциясы сарапшыларының бірі әрі имамның шәкірті Мұртаза Муттахари болды. Мұртаза Муттахариды Ислам революциясының жеңісінен кейін «Фұрқан» деп аталған топтың мүшелерінің бірі өлтірді. Революцияға қарсы топтың екінші мақсаты – Һашеми Рафсанджани еді.

Сейед Ахмад Хомейни, аятолла Хаменеи, Һашеми Рафсанджани 

Ислам революциясының жеңісіне төрт ай толмаған жағдайда Һашеми Рафсанджаниге қарсы лаңкестік әрекет іске асырылды. Лаңкестік әрекеттің салдарынан ол жарақат алды. Лаңкестік әрекеттің нәтижеге жетпеуіне Һашеми Рафсанджанидің әйелі Сейеде Эффат Мараши ханымның дер уақытындағы араласуы себеп болды. Имам Хомейни Һашеми Рафсанджанидің аман қалуына алғыс айтып, өзінің бұл тұлғаға деген сүйіспеншілігін білдірген тарихи мәлімдемесін жариялады. Ислам революциясыынң ұлы көсемі өз мәлімдемесінде: «Қадірлі Хашеми! Резаханның бұйрығымен террор етілген марқұм Моддарес ауруханадан «Резаханға мен тірімін деп айтыңдар» деген жолдау жіберген болатын. Моддарес бүгін тірі. Тарихи ерлер – мәңгілік тірі. Қара ниеттілер Хашемидің тірі екенін білсін, өйткені қозғалыс мәңгілік»,- деді. Аятолла Моддарес билеп-төстеуші патшалық жүйеге қарсы үлкен күрескерлердің бірі болды. Ол Мұхаммад Резаның әкесі Реза патшаның оған қарсы  лаңкестік әрекеттерімен сан рет бетпе-бет келіп, соңында қуғынға ұшырап, Реза патшаның бұйрығымен өлтірілді. Имам Хомейнидің мәлімдемесі имамның Рафсанджаниды  ерекше құрмет тұтқанын көрсетеді. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі  ішкі және сыртқы дұшпандардың болуына қарамастан революцияның басшыларының бірінші мақсаты Иранның жаңадан алғашқы қадамын басқан исламдық жүйесінің негіздерін күшейту болды. Һашеми Рафсанджани Ислам революциясының жеңісінің басында біраз уақыт елдің Ішкі Істер Министрлігін басқарды. Ол бұл кезеңде 2500 жылдық патшалық режимнің құлауынан кейінгі бірінші президенттік сайлауды өткізу мәселесін нәтижеге жеткізді. Һашеми Рафсанджани Ислам Кеңесі Мәжілісінің бірінші кезеңінің үміткері  болуына байланысты Ішкі Істер Министрлігін басқарудан бас тартты. Ислам Кеңесі Мәжілісінің бірінші кезеңінің төрағасы болып сайланды. Иранның Конституциясында Мәжіліс төрағасының орны ерекше орынға ие болғанымен, саяси және күрес тәжірибесіне ие,  сондай-ақ Ислам революциясының ұлы көсеміне жақын Һашеми Рафсанджанидің аталмыш лауазымға ие болуы Мәжіліс төрағасының орнын одан сайын жоғарылата түсті. Оның бір жобаны қолдау-қолдамауы депутаттардың дауысына ықпал етті. Кейбір ақпарат құралдарында Һашеми Рафсанджаниды Иранда имам Хомейниден кейінгі екінші адам деп атады.

Һашеми Рафсанджани, имам Хомейни, Бозоргон

 Һашеми Рафсанджанидың рөлі Иранның ислам республикасы жүйесін нығайту үдерісі дағдарыстармен бетпе-бет келген кезде анық байқалды. Мұндай ең үлкен дағдарыстардың бірі Иранның бірінші президенті Бани Садрдың   Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы соғысы кезіндегі  қиянаттарын әшкерелеу болды. 1981-ші жылдың басында Иран өте сезімтал жағдаймен бетпе-бет келді. Мұндай дағдарысты жағдайда Һашеми Рафсанджани өзінің заңды құқығын пайдаланып, екі жақты татуластырумен бірге елдің ағымдағы мәселелерін алға ілгерілетуге талпынды. Бани Садр  президенттік лауазымға жеткеннен кейін жаңадан құрылған исламдық жүйенің мүдделеріне назар аудармай,  әртүрлі ағымдардың арасындағы қайшылықтарды өршітті. Ол өз жағдайын күшейтіп, имам Хомейнидің серіктерін шетке шығару үшін «Моджаһеддине халқ» ұйымына жақындады. Сөйтіп, Бани Садрдың Ислам революциясының мақсаттарынан алыстағанына қатысты күмән қалмады. Бани Садрдың революцияға қарсы ұстанымдарына қарсы реакциясында имам Хомейни оны Қарулы күштердің бас қолбасшылығынан міндетінен босатып, Һашеми Рафсанджани басқарған Ислам Кеңесі Мәжілісі Бани Садр Иранның президенті болуға лайық емес деген дауыс берді. Бани Садрдың отставкаға жіберілуімен «Моджаһеддине халқ» ұйымы Ислам революциясына қарсы әскери қарсылық білдіруді бастады. Елде лаңкестік әрекеттер мен жарылыстар көбейді. Сол кездегі Теһран жұма намазының имамы аятола Хаменеиге қарсы лаңкестік әрекет, Ислам республикасы партиясының орталық кеңсесіндегі жарылыс пен Иранның жоғары лауазымды 72 азаматымен бірге Жоғарғы Соты доктор Беһештидің шәһид болуы, Иранның Премьер-министрінің кеңсесіндегі жарылыс пен елдің президенті Мұхаммад Әли Раджаи мен премьер-министрі Мұхаммад Джавад Бохонардың шәһид болуы – елдегі террордың артуының мысалдары. Бұл кезеңде Һашеми Рафсанджани революцияның жақтастарының көмегімен елді дағдарыстан шығару міндетін өз мойнына алды.

Саддамның БААС режимінің шабуылына қарсы тұру Иранның басты мәселесіне айналды. Имам Хомейни соғыс басталысымен Һашеми Рафсанджаниды Қорғаныстық Жоғарғы кеңестің мүшесі етіп бекітті. Кеңестің өзі ол кісіні баспасөз хатшысы міндетіне сайлады. Бани Садр кезінде қарулы күштердің арасында Саддам режимінің шабуылына қарсы күресуге қатысты қайшылықтар болған. Бани Садрдың отставкаға жіберілуімен бұл қайшылықтар азайды. Бірақ бірнеше операциядан кейін соғысты басқару және әскери әрекеттерді іске асыруға қатысты қайшылықтар қайтадан байқала бастады. Осыған орай сол кездегі Иран Президенті аятолла Хаменеи елдің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы имам Хомейниге хат жолдап, қарулы күштерге қатысты  барлық істерді бір қолға тапсыруды сұрап, бұл міндетке Һашеми Рафсанджаниды лайықты деп ұсынды. Имам Һашеми Рафсанджанидің қолына бүкіл ықтиярды беріп, ол кісіні Қарулы күштердің бас қолбасшысының орынбасары міндетіне тағайындады. Сөйтіп, Һашеми Рафсанджани бұл жолы ресми түрде Қарулы күштердің бас қолбасшысының орынбасары ретінде соғысты басқару міндетін өз мойнына алып, соғыстың соңына дейін міндетін атқарды. Соғысты басқару міндеті елдің істерін басқарумен қатар жүрді. Ол бір жағынан ислам Кеңесі Мәжілісінің заң шығару істерін елдің экономикалық және саяси проблемаларына  сай қарастыруға, басқа жақтан шектеулер туралы ұмытпай, елдің мүмкіндіктеріне көңіл бөліп, соғысқа көмектесуге міндетті болды. Һашеми Рафсанджани дұшпандардың экономикалық қастықтарын залалсыздандыру үшін екі жолды анықтады: бірінші жол – шектеулі уақытта мұнайдан түсетін кірістердің төмендеуіне қатысты шығындарды азайту үшін мұнай экспортын арттыру; екінші жол – әскери өнеркәсіпті қанағаттандыру үшін көбірек талпыныс жасау болды. Экономикалық тоқырау шынайы ойлануға мәжбүрледі. Қиындықтар мен соғыстың ауыр шығындары Иранды сезімтал жағдайға жеткізді.