Иран Ислам революциясы 1 (ғалымдардың көзқарасы бойынша)
Иранның Ислам революциясы – 20-шы ғасырдың ең үлкен оқиғаларының бірі. Ислам революциясының ең маңызды факторларының бірі оның кең ауқымдылығы мен халықтың барлық таптарының үстемшіл режимге қарсы күреске қатысуы болды. Ислам революциясының басқа революциялардан екінші ерекшелігі оның діни болмысында. Ислам революциясы жеңісінің 38-ші жылдығына орай дайындалған қысқа бағдарламалар топтамасында ұлы революция туралы Батыс ғалымдарының көзқарастарымен таныстырамыз.
Танымал үш ирантаушы ғалым, атап айтқанда британиялық ирантанушы Петер Амери, Техастың Даллас университетінің тарих пәнінің ұстазы Гавин Хэмбли және Кэмбридж университетінің Таяу Шығыс және Азияны зерттеу факультетінің Иран тарихы пәнінің ұстазы Чарлз Мелвиль «Иран тарихы: Пехлеви кезеңі – Реза шахтан Ислам революциясына дейін» деген кітапта Ислам революциясының ерекшелігіне қатысты оның халықтық әрі діни болуы сынды екі ерекшелігіне назар аударады. «Иран тарихы: Пехлеви кезеңі» кітабының бөлімдерінің бірінде: «1979-шы жылы орын алған Ислам революциясының екі факторы басқа мәселелерден анығырақ байқалады: біріншісі – 20-шы ғасырдың басқа революцияларының ағымында кездеспеген халықтың жаппай қатысуы; екіншісі – идеологиялық тұрғыдан исламдық болмыстың басымдылыққа ие болуы мен ұйымдастырылған әрі жетекшіге ие болуы жатады. Іс жүзінде Иранның ірілі-ұсақты қалалары Пехлеви режиміне қарсы көтеріліп, Иран қоғамының барлық таптарының – әйелдері мен ерлерінің патшалық режимді құлатып, бөгделердің билігін аяқтау туралы ойлағанын көрсетеді»,- деді.
Батыстың үш ғалымы аталмыш кітапта Ислам революциясының басқа монархиялық революциялар мен Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін мұнайды ұлттандыру қозғалысынан өзгеше болуын қуаттап: «Үкімет немесе бөгделерге қарсы наразылықтардың 20-шы ғасырдың бірінші онжылдығындағы монархиялық революция және соғыстан кейінгі мұнай өндірісін ұлттандыру күресі сынды бірінші үлгілерінің ешбіреуі халықты мұншалықты жұмылдыра алмады. Бұл алғашқы қозғалыстар рухани адамдардың діни емес, ұлтшыл топтардың коалициясына сүйенген еді. Енді керісінше, 1978-ші жылдағы революцияның болмысы толығымен исламдық болып, бұл революцияға діни емес адамдардың қатысуы маңызды болмады»,- деп жазды. «Иран тарихы: Пехлеви кезеңі – Реза шахтан Ислам революциясына дейін» кітабының авторлары революцияның исламдық болуына тоқталып: «Халықтық шерулердегі ұрандардың көбі исламдық болды. Революцияшылдардың соңғы екі күннен басқа күндердегі қаруы жамағат намазы мен шәһидтік және діни, әсіресе мұхаррам айы кезіндегі рәсімдері болды. Бұл қарулар революцияшыл қозғалысты алға ілгерілетті. Одан маңыздысы, мешіттер революцияны ұйымдастырған негізгі орталар саналды»,- деп жазды.