Иран Ислам революциясы 2 (ғалымдардың көзқарасы бойынша)
(last modified Sat, 28 Jan 2017 14:18:20 GMT )
Қаң 28, 2017 20:18 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясы 2 (ғалымдардың көзқарасы бойынша)

Иранның Ислам революциясы саяси-қоғамдық құбылыс әрі 20-шы ғасырдың соңғы революциясы ретінде әлемдік теңгерімге өз әсерін тигізген және көптеген аналитиктерді таңғалдырған революция болды. «Таймс» газеті бұл революция туралы: «Діни көтерілістер мен революцияның толқыны әлемнің жер-жеріне таралып, Батыс дүниесі Иранның революциясының арқасында Исламды қайтадан ашты»,- деп жазды.

 

«Иран революциясы және оған қатысты әлемдік реакция» атты кітапта көрнекті ғылыми тұлғалар, әртүрлі мемлекеттердің жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарының ұстаздары мен зерттеушілері Иран революциясының әртүрлі тұрғыларын зерттеді. Бұл кітапта олардың ғылыми толық әрі терең көзқарастары, нақты сараптамалары және көптеген дерекөздеріне сүйенген зерттеулері берілген. Бұл зерттеулер тәуелсіз мақалалар ретінде жазылып, Джордж Таун университетінің халықаралық істер және исламдық зерттеу саласының ұстазы Джон Эспозито жинақтады.

Джон Эспозито

 Джон Эспозито Иранның Ислам революциясының маңыздылығы туралы: «Дос пен дұшпан Иран революциясын ислам әлемі мен Батысқа маңызды әсер етті деп санайды. Бұл революция кейбіреулер үшін мақсаттарының орындалуы болды. Заманауи Иран өз өмірінің бірінші онжылдығын «революцияны мықтап қалыптастыру» және «оны экспорттау» деген екі мақсатпен бастады. Жаңадан қадам басқан исламдық республика үшін исламның шариғатымен жүретін халық тарапынан сайланатын парламенттік үкімет құрылатын Конституция дайындалып, аятолла Хомейни діни жетекші болды. Нәтижесінде Иран қоғамында таңғалдырарлыө өзгерістер орын алды. Үкімет банктерді, сақтандыру қызметі мен өнеркәсіптің көбін өз қолдарына алып, шетелдік қарыздарын төлеп, шетелдік инвесторлар мен шетелдік инвестицияларға аса иек артпаған тәуелсіз экономика құрды. Революция теориялық тұрғыдан басқа іс жүзінде Иранның қоғамдық перспективаларына терең өзгерістер енгізді. Ислам революциясының дұшпандары революция жеңіске жете салысымен оның аймақ пен әлемге тигізген әсерімен қарсыласу үшін ислам революциясын шиіттер революциясы деп көрсетуге талпынды. Бірақ Джон Эспозитоның көзқарасы олардан өзгеше. Ол: «ИИР өз өмірінің алғашқы күндерінен революцияның, екінші яғни оны экспорттау мақсатын өзінің сыртқы саясатының негіздерінің бірі деп жариялады. Революцияның басқа ерекшелігі ақпарат құралдарын қызықтырмады. Сонымен бірге «революцияны экспорттау» ерекшелігі Батыс және исламдық елдерді алаңдатты. Дұрыс түсінбеушілік батыстықтардың, әсіресе АҚШ азаматтарының Иранның саясаттары мен Иран революциясының әлемдік реакциясын түсінуге кедергі болды. Халықтың арасында таралған қате түсініктердің бірі Иранның революциясын  шиіттер революциясы деп санауы болды. Алайда бұл революция  алғашқы күндерінен бастап хабардар түрде өзінің ұстанымы мен мақсаттарын әлемге жариялады. Мәселен аятолла Хомейни революцияның исламдық негіздерден тамырланғанын айтып, оны шиіт пен сүннитке бөлмей, әлемнің барлық жәбір көргендері үшін жасалғанын қуаттады. АҚШ ойшылы сөзінің жалғасында: «Революция жеңісінің келесі күні мұсылман студенттердің көбі өздерінің мазхаби болмыстарына көңіл бөлмей, Иранды өздері үшін үлгі санады»,- деді. Каир университетінің  сүннит студенті Әл-Джамае әл-Исламие: «Иранның Ислам революцисынан сабақ алу үшін терең зерттеулер қажет. Шын мәнінде, бұл революцияны көрнекті тұлғалар да, жалпы халық та шиіттедің революциясы деп санамады. Мұсылмандардың көбі оны исламның жеңісі және үшінші әлемнің АҚШ империализмін жеңуі деп атады»,- деді.

 

Тегтер