Иран Ислам революциясы (ғалымдардың көзқарасы бойынша) 4
Америкалық танымал тарихшы Nikki R. Keddie-дің Ислам революциясының тамырлары туралы пікірлері
Иран Ислам революциясы әрқашан заманауи ғасырдың жазушылары мен сарапшыларының тарихи еңбектерінің тақырыбының бір бөлігі болды. Уақыт өткен сайын оның орын алуының себебі және тұрақты болуы туралы көбірек айтылуда. Ислам революциясының 38 жылдығына орай бұл революцияны шетелдік ойшылдардың көзқарасы бойынша қарастырамыз. Алайда бұл ойшылдардың көзқарастары Ислам революциясының орын алуының себептерін толық анықтады деп санауға болмайды. Бұл көзқарастардың кейбіреуі Ислам революциясының шындығынан алыстағанымен, олар аталмыш революцияның шындықтарының көбін теріске шығара алмады. Иран Ислам революциясы сарапшылардың революциялардың себептері мен тамыры туралы көзқарастарының қайшылықтарын көрсетті. Сол жылдардағы мұнай бағасының жоғары болуы, революцияның орын алуындағы ауыл күштерінің әсерінің төмендігі, күрес сахнасында халықтық қарулы күштердің болмауы мен партизандық соғыстар революциялық концепциялардың көбіне күмән тудырып, революциялардың пайда болуы туралы жаңа көзқарастарға себеп болды. Иран мен Ислам революциясы туралы көптеген зерттеулер жасаған Батыс зерттеушілерінің бірі – Калифорния университетінің ұстазы Nikki R. Keddie. Ислам революциясының тамырлары туралы кітаптан тарихи рауаяттарды кездестіруге болады. Автор 1981-ші жылы жарыққа шығарған кітабына кейін «Иран революциясының нәтижелері» деген бөлімді қосты.
Nikki R. Keddie кітаптың басында: «Иранның революциясы діни, саяси, қоғамдық, экономикалық және осының барлығы бірге кездесетін революция саналады» деп жазды. Сол себепті автор Иранның қазіргі тарихы бойында (19-шы ғасырдан бері және Иран мен Батыстың қарсылығының басталу кезеңі) осы факторды зерттейді. Nikki R. Keddie Иранның құдыретті мәдени болмысының империализмнің қалыптасуына Иран революциясының реакция білдіру және діни ғұламаларының ерекше рөлі сынды факторларына тоқталып, Иранның қазіргі тарихындағы тарихи жағдайды сипаттап, 1953-ші жылғы төңкерісті Мұхаммад Резаның абсолюттік диктатурасының басталуы деп атады. Ол 1979-шы жылдың ақпан айындағы шах режимінің құлауына тоқталды. Америкалық тарихшының көңіл бөлген ең маңызды факторларына САВАК-тың құрылуы мен қоғамды қауіпсіз ету, шахтың үстемшіл болмысы, күн артқан сайын АҚШ-қа тәуелділік, солшыл және либерал саяси күштерді басып-жаншу және имам Хомейнидің күресі жатады. Мұхаммад Реза Пехлеви режимінің құлауын жақындату саласындағы мәдени және экономикалық себептер де Nikki R. Keddie-нің көзқарасынан жасырын қалмады. Ол бұл салада Батыс үлгілерінің Иранның исламдық және дәстүрлі қоғамына таңылуы, таптар арасындағы алшақтық, қару-жарақ сатып алудың теріс салдарлары, партизандық топтардың рөлі мен Шариати сынды ағартушылардың үкіметке қарсы қоғамдық ой-пікірді жұмылдыруына назар аударды. Бұл факторлардың барлығы шах режимі одақтастарының барлық ынтызарына қайшы және наразылардың жағдайын дұрыс бағаламай, өзгерістер үдерісінің бір жылдың ішінде наразылықтар мен ереулдердің артуынан Ирандағы патшалық жүйенің негіздерінің шайқалуына ұластырып, Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың маңызды базаларының бірінің АҚШ-ның үстемшілік аясынан шығуына себеп болды.