Ислам революциясы – теңдессіз революция (6)
«Ислам революциясы – теңдессіз революция» атты бағдарламаның бұл бөлімін революцияның әдебиетін талдауға арнаймыз.
Әрбір революция жеңіске жеткен күннің басынан-ақ елдің саяси және әлеуметтік құрылымына көбірек әрі тезірек әсер етеді, ал уақыт өте келе революцияның мәдени және әдеби салаларына әсері арта түсіп, біртіндеп жаңа әдеби көзқарастар мен мектептер пайда болады.
Ислам революциясының әртүрлі өнер салаларында, соның ішінде әңгіме мен өлең жазуда түбегейлі өзгеріс тудырғанын жоққа шығаруға болмайды. Бұл өзгерістің айқындығы соншалықты, Иранның өнері мен әдебиетін революцияға дейінгі және кейінгі деп екіге бөліп, олардың айырмашылығын материалы мен негізі және болмыс-бітімінен байқауға болады.
Революция әдебиет саласында жаңа стиль тудырады, өйткені стильдің пайда болуы әдетте қалып пен техникаға байланысты. Ал Ислам революциясы өнер мен әдебиет саласында түбегейлі өзгерістерге себеп болды.
Әдебиет ақын мен жазушылардың өздерінің айналасында орын алған және өздері тәжірибеден өткізіп, сезінген оқиғаларға білдірген пікірлері мен сезімдерінің көрінісі болып табылады. Бір қоғамда мәдени, әлеуметтік және саяси құндылықтар өзгерсе, ақын мен жазушылардың көзқарастары мен сезімдерінде өзгеріс орын алады. Өйткені ақын мен жазушылардың қоғамда орнаған ағымдар мен оқиғаларға қатысты көзқарастары өнерпаздардың туындыларының мән-мазмұны мен тақырыптарынан көрініс табады. Иранда ислам революциясының басынан орын алған саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістер тек саяси құрылыс пен әлеуметтік құрылымдарды түбегейлі өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен қатар поэзия мен әдебиет пен өнер саласына да көптеген өзгерістер енгізді. Бұл өзгеріс туындылардың қалыбы мен олардың тілі, мән-мағынасы мен жолдауынан да байқалды. Ислам революциясынан кейін парсы әдебиетінде саяси және әлеуметтік өзгерістерден шабыт алған жаңа ойлар, мән-мазмұндар мен образдар пайда болды.
Егер кез-келген революцияда саяси және әлеуметтік өзгерістер терең болса, сол елдің әдебиетінде де терең өзгерістер болады. Өйткені өнер мен әдебиеттің қоғаммен байланысы жауапкершілік тұрғысынан айқын іс болып табылады.
Ислам революциясының әдебиеті халық үшін және олардың мәселерін баяндауға міндетті әдебиет болып табылады. Бұл әдебиет міндет пен жолдаудан ада техникалық әдебиет емес, керісінше халықтың арасынан туындап, ержүректіктер мен жанпидалықтардың пешінің көрігінен өткен ақындар мен жазушылардың рухани ашу-ызасы мен толғаныстарын баяндайды. Бұл әдебиеттің мақсаты – жоғары адамгершілік құндылықтарды жариялау, өйткені оның тың пікірі мен жаңадан айтары бар.
Ислам революциясы кезеңінен тікелей және жанама түрде сол замандағы оқиғалардың тамырлары мен белгілері байқалмайтын әндерді кездестіру мүмкін емес.
Революция поэзиясы қалып пен техника тұрғысынан революцияға дейінгі поэзияның табиғи жалғасы болып табылады, ал Ислам революциясынан туындаған саяси мәселелер мен әлеуметтік өзгерістер ой-пікір мен мән-мазмұн саласында оған айрықша ерекшелік сыйлады. Бұл айрықша ерекшелік жауапкершілігі мол арманшыл ақындардың шығармашылығынан көрініс тапты. Х.ш.ж.с.б. 1340 жылдан бастап Иранда Пехлеви режиміне қарсы әдебиеттің бір түрі қалыптасты. Ол «қарсыласу әдебиеті» деген атпен танылып, Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін діни және әлеуметтік екі фракцияда өз тіршілігін жалғастырды. Пехлеви билігіне қарсы саяси күрестер кең таралған соң ағартушы жаңашыл ақындардың барлығы дерлік революцияға қосылып, Пехлевидің диктаторлық режимімен күресте халықпен үйлесе әрекет етті. Осы сөзіміздің дәлелі үлкен тиражбен басылып шыққан революциялық өлеңдердің жинақтары болып табылады.
Революциялық өлеңдер екі топқа жататын ақындардың өлеңдерінен бастау алады. Ақындардың бірінші тобы революцияға дейін немесе революция кезінде онымен үйлесіп, өткеннен қол жеткізген көркемдік тәжірибемен революциялық әдебиеттің қуатты тармағын жалғастырады. Осы топтың жанында жас ақындардың тобы құрылды. Бұл жас ақындар өздерінің әдеби жұмыстарын халықтың күрестері мен революциясы барысында бастап, революцияның принциптеріне берік болған соң табиғи түрде революциялық ой-пікірлер мен жолдаулардың жаршысына айналды.
Революциялық өлеңдер де қалып пен техника, мән-мазмұн тұрғысынан айшықты ерекшеліктерге ие. Қалып тұрғысынан жас ақындар классикалық өлеңдердің қалыптарына бет бұрып, ғазал мен рубаи ерекше таралды. Мазмұн тұрғысынан да оның ең маңызды ерекшелігі – исламның тағылымдарын жеткізу. Иран Ислам революциясы адамды өзінің болмысына оралуға шақырды. Ислам революциясы орын алған соң дін мен әдебиет арасында қарым-қатынастың жаңа қалыбы пайда болды. Революциялық өлеңдер жазатын ақындар исламның мән-мазмұны мен ұғымдарына ерекше ынтамен бет бұрды. Қазіргі заман ақынының көзқарасынша «Ашура» тек бір оқиға ғана емес, бір мәдениет болып табылады. Бұл революцияның әрбір сәті осы мәдениетпен байланысты:
Таңнан бері шөл қысуда, су беріңдер,
Күннің таза нұрына толы тостаған беріңдер.
Мен Хосейннің қайғысына ортақпын, достар,
Ғашықтықтың қанжарымен маған жауап беріңдер.
Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен көп уақыт өтпей жатып, Ирак Иранға шабуыл жасап, халық майданға аттанды. Халықтың табандылығы парсы поэзиясы мен прозасында жаңа саланы ашып, парсы әдебиетіне жаңа мазмұндар мен тақырыптардың, тіпті тың сөздердің кіруіне жол ашты. Иран халқының басқыншыларға қарсы сегіз жылдық ержүрек қарсыласуы соғыс мәдениетінің қалыптасуына себеп болды. Бұл мәдениет парсы поэзиясына қатты ықпал етіп, өзгертті. Мистика толқынымен араласқан қарсыласу дәуіріндегі өлеңдердің ержүрек рухы парсы поэзиясының тілі мен мән-мазмұнының өзгеруіне себеп болды.
Соғыс поэзиясының оқырмандары – жалпы халық. Қасиетті қорғаныс поэзиясы парсы поэзиясындағы соңғы онжылдықтарда ең серпінді, ең құнды әрі ең жағымды өлеңдер болып табылады. Тіл мен қарапайым баяндау, рухани кеңістік, сезілушілік пен шынайылық, исламның бай мәдениетін пайдалану соғыс поэзиясының ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Халықтың жапа шеккен бейнесін көрсету, күреске шақыру, басқыншы дұшпанның қылмыстары мен зорлық-зомбылығын баяндау, жауынгерлер мен шәһидтерді сипаттау Қасиетті қорғаныс заманы мен одан кейінгі өлеңдердің мазмұндары болып табылады.
Ұлым, мына кішкене басиджи үлкеюді қалайды,
Куфия, тақтайша, тәсбиқ – әкесі сияқты болғысы келеді.
Арқалықтың артын паналап, кейде бізді тоқтатады,
Түннің аты – «күн керуені», хабардар болған әрбір адам өтеді.
Сирек кездесетін оқиғалар мен тың сюжеттер әңгіме жазудың ұйтқысы болып табылады. Революциялар болмыс-бітімі бойынша осындай сөздердің бастауы болып табылады. Соған сәйкес жазушылар солардың көмегімен көптеген шығарма жазады.
Ислам революциясы жеңіске жетіп, тиімді де еркін жағдай қалыптасқан соң революцияға дейін ой-пікір тұрғысынан кемеліне жеткен кәсіби жазушылар өздерінің жас шәкірттерімен бірге әдеби сахналарды өз қолдарына алып, революцияның ашық кеңістігін пайдаланып, революциямен бірге пайда болған жаңа әңгіме жазу қалыбында шығармалар жазуға кірісті. Бұл туындыларда революция мен соғыс жайлы баяндалған.
Х.ш.ж.с.б. 1358-1370 жылдар аралығында (1979-1991 жылдар) романдар мен көптеген әңгімелер топтамасы жарық көрді. Бұл осы дәуірдегі әңгіме жазудың сапа мен сан жағынан дамығанын көрсетеді. Жазушылардың осы дәуірде шығарма жазуға көңіл бөлгендігі соншалықты, әдеби сыншылар роман жазудың жаңа кезеңінің басталғанын хабарлады. Бұл дәуірде романдар мен әңгімелер жинағын аудару да қарқынды дамыды. Революция мен еркін кеңістік те шетелдік туындыларды аударуға өзінің ерекше әсерін тигізіп, Еуропа, Ресей мен Латын Америкасы елдерінің күрескерлік және революциялық мазмұндардағы туындыларын аудару кең таралды.
Революция жеңіске жеткен соң кітап оқу, соның салдарынан әңгіме жазу орталықтары мен әдеби орталар ерекше дамып, көптеген әдеби мақалалар басылып шықты.
Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Иранның қазіргі заманғы әдебиетінің проза жанры Ислам революциясына дейінгі жылдары тоқырау мен қайталамаға ұшырап, тіпті кей кезде тығырыққа тірелген. Бұл жағдайды сол замандағы кәсіби жазушылардың зауықсыздығынан көруге болады. Ислам революциясының орын алуы қазіргі заманғы әлсіз әдебиетке жан бітірді. Революция шарықтау шегіне жеткен бірнеше жыл ішіндегі халықтың әрекеті, күрестер, тың және сирек оқиғалар қазіргі заман әдебиетшілерін жергілікті оқиғалар жайында жазуға шақырды.
Революциялық әңгіме жазудың орнын талдау үшін Ислам революциясының алғашқы түрткісі, яғни имам Хомейнидің (р.) х.ш.ж.с.б. 1342 жылғы (1963 жылғы) көтерілісіне тоқталу қажет. Сол жылдарда тығырыққа тірелген әдебиет Джалал Але Ахмад сияқты жазушылардың пайда болуымен өзгерді. Джалал Але Ахмад Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін жазушыларға үлгі мен критерийге айналған ерекше тіл мен прозаның бастамашысы болды. Джалал Але Ахмадтың тілі мен прозасы Иран халқының жергілікті сөйлеу стилімен байланыста болған. Осы ерекшелік оның туындыларының Иран Ислам революциясы әдебиетінің проза жанрында бетбұрыс нүктесіне айналуына себеп болды. Оның әңгімелер жинақтары мен «Ғарбзадеги» (Батысшылдық) пен «Миқаттағы сезім» сияқты туындылары исламдық және ұлттық әдеби революцияға жол ашты. Бұл қозғалыс басқа жазушылар тарапынан революция жеңіске жеткенге дейін және содан кейін жалғасын тапты. Жас жазушылар әралуан әңгімелер тудыру арқылы революциялық әңгіме жазу әдебиетіне жаңа серпін берді.
1359 жылы (1980 жылы) Ирактың Иранға қарсы таңған соғысы басталып, алғашқы оқ атылған соң Қасиетті қорғанысқа қатысты проза жанрында әңгімелер жазыла болды. Соғыс кезі мен одан кейінгі жылдары Қасиетті қорғанысқа қатысты әңгіме жазу революциялық әңгімелердің орнын басты.
Қасиетті қорғанысқа қатысты әңгімелер басында әңгімеге қажетті қиял мен техникаға ие болмай, тек оқырманды елді қорғауға шақырса да, уақыт өте келе парсы әдебиетінде өз орнына ие болып, осы салаға жас та қабілетті жазушыларды алып келді. Бұл жастар әлі де жазады. Олар майданда болғандықтан Қасиетті қорғанысты революциядан кейінгі әңгімелердің тақырыбына айналдырып, құнды шығармалар жазды.