Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның жоғары қадір-қасиеті
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i24792-Хазірет_Фатима_(ғ.с.)_ның_жоғары_қадір_қасиеті
Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығында әлемдегі оның ғашықтары мен азат ойлы адамдар қайғыға батуда. Бұл күні қадірлі бануға сәлем мен салауат айтып, оның жоғары қадір-қасиетін артығырақ тану үшін Құранның кейбір аяттарына тоқталамыз. Ол туралы Құран Кәрімде «Кәусар» сүресі мен қасиетті «Татхир» және «Мобахеле» аяттарында айтылған. Сондай-ақ, Құранның «Құрби» аяты мен «Инсан» сүресінен де хазірет Фатима (ғ.с.) туралы оқуға болады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 01, 2017 16:04 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның жоғары қадір-қасиеті

Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығында әлемдегі оның ғашықтары мен азат ойлы адамдар қайғыға батуда. Бұл күні қадірлі бануға сәлем мен салауат айтып, оның жоғары қадір-қасиетін артығырақ тану үшін Құранның кейбір аяттарына тоқталамыз. Ол туралы Құран Кәрімде «Кәусар» сүресі мен қасиетті «Татхир» және «Мобахеле» аяттарында айтылған. Сондай-ақ, Құранның «Құрби» аяты мен «Инсан» сүресінен де хазірет Фатима (ғ.с.) туралы оқуға болады.

Бүгін джамади ас-сани айының 3-ші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы және хазірет Әли (ғ.с.)-ның жары хазірет Фатима (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы. Хазірет Фатима (ғ.с.) қысқа өміріне қарамастан Ислам діні мен мұсылмандар үшін көптеген берекенің қайнары болды.

 

Хазірет Фатима (ғ.с.) теңдессіз қыз болды. Ол әдеп пен мейірімділіктің, пәктіктің үлгісі болды.  Хазірет Фатима кемелдік және сұлулыққа ие болды. Ол – жаратылыстың сыры және адамгершіліктің құпиясы. Пайғамбар оны «Умма Абиха»-«әкесінің анасы» деп атаған. Алла елшісі сан рет оның қолын сүйіп, шын жүрегімен: «Фатимажан, әкең құрбаның болады»,- дейтін.

Хазірет Фатима (ғ.с.) теңдессіз әйел болды. Ол кемел әйелдің үлгісі, еркін әрі терең ойға ие, таудан мықты, сарқылмас өзендерден де төзімді болды.  

Хазірет Фатима (ғ.с.) көктемнің шығынан мейірімдірек, таңғы самал желдей ерке, гүлдің әдемі жапырағынан нәзік, хош иісті қызғалдақтардан  сүйкімдірек ана болды.

Хазірет Фатима (ғ.с.) хазірет Әли (ғ.с.)-ның үйінде жұбайлық міндетін атқарған кезде әлемге жылу беретін күннен жылырақ, айдан қонақжайлырақ, көктемгі самалдан жайлырақ, жаңбыр бұлтынан жемістірек, кез келген күрескерден жанпидалырақ хазіреттің Алла жолындағы  адал  серігі болды.

Хазірет Фатима (ғ.с.) –  әкесінің сырласы,   қамқоршысы, көмекшісі әрі кеңесшісі болған қыз, жұбайының серігі, ақылшысы, қорғаушысы, отбасына жылуын сыйлаған, ең жақсы әрі ең жақын досы болған өмірлік жары ретінде жаратылған ең тамаша адам болды.

Хазірет Фатима (ғ.с.) барлық ғасырлар мен барлық ұрпақтардың, дүние мен ақыреттегі және барлық перілер мен адамдардың, періштелер мен жәннәттағы хор қыздарының арасында үлгі болатын әйел еді.

Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның  есімдері: Фатима, Заһра, Батул, Фахмиде, Джамила, Алеме, Хакима, Алима, Мохадессе, Седиқе, Тахира, Хание, Мүбареке, Масуме, Закие, Разия, Марзия, Сейеде, Сафие, Хурие. Ол – барлық қадір-қасиеттердің кемел үлгісі  әрі Алланың ең жақсы әрі ең беделді пендесі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға түрі мен жолы, сөзі мен ғамалы, ойы мен ахлағы ең ұқсас адамдардың көрінісі.

Әлем Жаратушысының куәлік етуі бойынша Исламның ұлық пайғамбарының  қызы болған бұл бану тек шындықты айтып, тек әділет  негіздері бойынша төрелік етіп, ойланып, әрекеттеніп, өмірінде шектен шықпай, ортаны ұстанған адам болған. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбарының жәннәт әйелдерінің көшбасшысы туралы дана сөздері немесе әкесі мен қызының арасындағы әкелік мейірімділікке толы,  теңдессіз,  сабақ болатын қарым-қатынастары туралы ұмытуға болмайды. Хазіреттің басқа да қыздары болды. Хазірет оларды да жақсы көрді, бірақ оларға осыншалықты мейірімділік пен құрмет көрсетіп, олардың алдында тағзым етпейтін. Сондай-ақ Алла Тағала  бұл илаһи жолдаудың шындығы туралы барлық майдандар мен барлық салаларда куәлік еткен: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана». («Нәжм» сүресі, 3-4 аяттары).

 "Нәжм" сүресінің аяттары

Сондықтан хазірет Фатима (ғ.с.)  туралы хазірет Мұхамад (с.ғ.с.)-ның сөздері мен ғамалдарына   назар аудару керек. Пайғамбар әр сөзінде: «Бұл бануды  танитын әрбір адам өзі біледі. Оны танымайтын әр адамның оның менің тәнім, рухым және жүрегімнің бір бөлігі екенін білгені дұрыс. Сондықтан оны азаптаған адам мені азаптағаны»,- деген болатын.

 Құран Кәрім ислам әлемінің ең абыройлы бануының жұбайы имам Әли (ғ.с.) мен екі перзенті Хасан мен Хусейн туралы: «Мұхаммад (с.ғ.с.) “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, шүкірлікті бағалаушы»,- деп айтқан болатын («Шура» сүресі, 23-ші аят).

«Құрби» деген сөз жақындар мен туыс-тума дегенді білдіреді. Көптеген рауаяттар бойынша, бұл аятта пайғамбардың жақындары туралы айтылған. Оларға хазірет Фатима (ғ.с.) мен имам Әли (ғ.с.) және олардың екі перзенті жатады. Аталмыш аят түскен кезде пайғамбар оны оқып, халық: «Уа, Алланың елшісі!  Оларды жақсы көріп, оларға мейірімділік білдіру және үлгі тұту біз үшін уәжіп етілетін жақындарың қайсылар?»- деп сұрайды. Хазірет анық даусымен: «Әли, Фатима және олардың екі перзенті – Хасан мен Хусейн»,- деп жауап береді. Бұл рауаятты сүнниттердің әйгілі ғұламаларының бірі «Шаваһед әл-Танзил» кітабында былай келтірген: «Бір ер адам пайғамбардың қасына барып: «Уа, Алланың елшісі! Ислам туралы өзің түсінгендей маған айтып бер»,- деп сұрайды.  Сол кезде хазірет: «Алладан басқа Құдайдың жоқ екенін және Мұхаммадтың оның пендесі екендігіне куәлік ет»,- дейді. Ер адам: «Жолдауды жеткізгенің үшін менен ақы сұрайсың ба?»- деп сұрағын жалғастырғанда пайғамбар: «Жоқ, тек жақын туыс-туманы жақсы көр» дейді. Ер адам: «Өзімнің бе, әлде сіздің туыстарыңызды ма?» деп сұрайды.   Хазірет: «Менің жақындарымды!» дейді. Әлгі адам: «Қолыңызды беріңіз, өзіңізге бият етемін. Сіз бен сіздің жақын туыс-тумаларыңызды жақсы көрмеген адамға Алланың лағынеті тисін»,- дегенде пайғамбар «Аумин»,- деп растады.

 Хазірет Фатима (ғ.с.) – иман, ахлақ және адамгершіліктің жиынтығы. Тәпсіршілер, хадисшілер мен тарихшылар «Инсан» сүресінің жіберілуі туралы: «Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның екі перзенті Хасан мен Хусейн науқастанып, пайғамбар  бір топ сахабаларымен  олардың  халін сұрауға барып, имам Әли (ғ.с.)-ға: «Перзенттерің сауығуы үшін назыр жасағандарың жақсы болады»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) балалары жазылуы үшін үш күн ораза ұстауға шешім қабылдайды. Мұндай шешім қабылдаған соң Алланың мейірімімен олардың екі перзенті толығымен жазылады.  Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) уәделері бойынша ораза тұтып, Хасан мен Хусейн де ата-анасынан үлгі алып, ораза ұстауйды бастайды.

Имам Әли (ғ.с.) экономикалық қысым мен жаңадан қадам басқан исламдық қоғамның қиын жағдайында үйінде азық-түлік болмағандықтан аздаған қара бидай әкеледі. Хазірет Фатима (ғ.с.) оның жартысын ұнға айналдырып, нан илеп, ауызашарға нан пісірді. Бірақ ауызашар уақыты келген кезде мұқтаж адам келіп, пайғамбар әулетіне сәлем беріп, өзігің қиындықтары туралы айтып, тамақ сұрады. Олар ауызашарға дайындаған тамақтарымен Алланың ризалығы жолында  аштарды тамақтандырып, өздері сумен ауыз ашты.  Екінші күні олар қайтадан ораза ұстап, хазірет Фатима (ғ.с.) қара бидайдың келесі бөлімін тартып, нан пісірді.  Ауызашар уақыты келген кезде жетім келіп, өзінің аш екені туралы айтып, тамақ сұрады. Олар екінші күндерінің тамағын да жетімге берді. Ораза тұтқан үшінші күндерінің өз тамақтарын тұтқынға сыйлады. Төртінші күні пайғамбар олардың аш екендіктері жүздерінен білінген имам Әли (ғ.с.) мен оның екі перзентін көріп, үйлеріне еріп келіп, михрабта отырып, Аллламен сырласып, өңі қашқан қызы Фатиманы көреді. Сол кезде уәһи періштесі пайғамбарға «Инсан» сүресінің: «Әрине жақсылар, жаннатта “Кәфұр” қосылған кеседен ішеді. Ол – Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау. Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады. Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз»,- деген бесіншіден тоғызыншы аятына дейін оқып береді.

Бұл аяттардағы хазірет Фатима (ғ.с.) мен жұбайы және екі перзенті  Алланың ең абыройлы пенделері және барлық ғасырлардағы барлық ұрпақтар үшін мәңгі үлгі болып қалады.

Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтып, Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызына сәлем мен салауат айтып, пайғамбардың хазірет Фатима (ғ.с.) туралы: «Қызым, саған сәлемін жолдаған адамды Алла кешіреді және жәннәтта мен қайда болсам, маған жақындатады» деген сөзін еске салып, Алладан: «Уа, Алла! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем жолда және пәк Батул, Седдиқе, Масумеге сәлем айт. Оның ризашылығы – Алланың ризашылығы»- деп тілейміз.