Трамптың президенттік кезеңі адам құқықтарын бұзумен басталды
Трамп қатігездікке негізделген идеологиялары мен өз ойындағы "исламдық әсірешілдікпен" күресуді талап етуде. Трамп Обама билігі кезіндегі "қатал әсірешілдікпен күрес" деп аталған лаңкестікпен күресті "исламдық әсірешілдікпен күрес" деп өзгертуді көздеп отыр.
АҚШ-тағы исламнан үркіту үдерісі соңғы 15 жыл ішінде (11 қыркүйек шабуылынан кейін) азайып қоймағанымен қатар бір жылдан астам Американың президенттік сайлау науқаны кезінде күшейе түсті. Негізінде бұл құбылысқа Дональд Трампты кінәлі деп санау қажет. АҚШ-тың жаңа президенті өзінің ұлықтау рәсімі кезінде бір миллиардтан астам мұсылманға қаратып: "Исламдық радикалды лаңкестікті жер бетінен толығымен жоямыз",- деген сөзді ғана айтты.
2016 жылғы президенттік сайлау науқаны басынан соңына дейін исламнан үркітудің әлі бар екенін және оны саяси мақсатта пайдалануға болатынын анық көрсетті. Исламды сылтауратып, мұсылмандардың қатал бейнесін қалыптастыру тек сайлау алдындағы жолдау болды. Ал Трамп үшін бұл жеңіс стратегиясының мәні саналды.
Детройт Мерси университетінің профессоры Халед И. Бидун өз мақаласында: "Ислам немесе сол исламнан үркітуге қатысты қорқыныш пен күдік 2016 жылғы сайлау науқанының негізгі өзегі болды. Республикашыл үміткерлер, бәрінен бұрын Дональд Трамптың елдегі лаңкестік пен әсірешілдіктен қорқудан туындаған тығырық жағдайындағы ислам мен мұсылмандарға шабуыл жасаудағы саяси лексиканы шарықтау шегіне жеткізді. Мұсылмандардың қоныс аударуына тыйым салу саяси исламнан үркітудің 2016 жылғы президенттік сайлау кезінде тереңдей түскенін көрсетеді",- деді.
Дональд Трамптың президенттіктен үміткерлігі тұсындағы оның мұсылмандарға қарсы нәсілшіл, әсірешіл мәлімдемелерінен бастап, ұлтшылдардың мұсылмандарды азаптау мен өлтіру жағдайлары арта түсті. Оклохома штатындағы тегі араб бір америкалықты өз көршісінің өлтіруі осындай жағдайлардың бірі саналады. Бұл шовинист әрі ұлтшыл америкалық өзінің тегі араб көршілерін "пасық арабтар және арам ливандықтар" деп атайды. АҚШ азаматының дұшпандығы жалғыз айыптаулармен аяқталмады. Ол қолына қару алып, өзінің араб көршілеріне оқ атты.
Ливаннан шыққан өлтірілген америкалық отбасының айтуынша, америкалықтың айыптаулары олар үшін жаңалық емес, мұндай жағдайға олар үйреніп кеткен екен. Олар 2013 жылы сотқа шағым жазып, сот америкалықты өзінің көршілерімен байланысуына қатаң түрде тыйым салған. Алайда ол сот шешімін бірнеше рет бұзды. Өткен жылдың қыркүйек айында сол америкалық ливандық отбасының анасын автокөлікпен қағып өтіп, әйел төрт аптаға дейін ауруханада емделді. Бұл оқиғадан кейін әлгі америкалық құрықталып, абақтыға жіберіліп, оның кепілдік беру арқылы бостандыққа шығу туралы өтінішіне келісім берілмеді. Тек осыдан үш ай бұрын үшінші сот 61 жастағы нәсілшілге кепілдік төлеп, оның абақтыдан шығуына рұқсат берді. Ол 2017 жылы сот болатын күннен бұрын азат етілген. Оның басқа көршілері оған қарсы тағылған айыптауларға қатты таң қалмаған. Себебі мұндай жағдайлар АҚШ-тың Сот жүйесінде бұрын да болған.
Америкалықтың ливандық көршісін өлтірген түні басқа көршінің берген мәліметіне сәйкес, жәбірленуші полицияға хабарласып, америкалықтың қаруы бар екенін мәлімдеген. Шақырылған полиция келгенімен, үйге кірмеген. Полиция ол жерден қайтып кеткен соң, шовинист америкалық сыртқа шығып, ливандық көршісіне оқ атқан.
Бұл ауыр қылмыс орын алған соң, Оклохомадағы Исламдық-америкалық қарым-қатынас жөніндегі кеңестің құқықтық менеджері Вероника Лижер Оклохомадағы нәсілшіл америкалықтың ливандық азаматты өлтіру оқиғасына реакция білдіріп: "Мұсылмандар мен мұсылман емес адамдардың бұл хабарды естіп, төбе шаштары тік тұрды. Бәрінен бұрын халықтың полицияның сол америкалық азаматты қамауда ұстап отыра алмайтындығына ашу-ызасы келіп отыр",- деді.
АҚШ-та мұсылмандар мен арабтарды азаптап жәбірлеу немесе оларды қорлау оқиғалары күннен-күнге артып келеді. Осындай қорлаулардың президенттікке үміткер секілді тұлға тарапынан мұсылмандарға қарсы айтылуы жағдайды нашарлата түсті. Трамп сайлау науқаны кезінде "Мұсылмандар бізді жек көреді" деген сөздерімен америкалық мұсылмандарды лаңкестерге қолдау көрсетумен айыптады. Бұл уәждер исламнан үркіту мен мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылыққа негізделген қылмыстардың көбеюіне себеп болды.
Калифорнияның Сан-Бернардино университетіндегі өшпенділік пен әсірешілдікті зерттеу орталығының жуықтағы есебіне сәйкес, саяси лексика басқадан үркуге қатысты қылмыстардың азаюы мен артуында тікелей рөл атқарады екен. Осы мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдағы исламнан үркітумен байланысты басқадан үркіту қылмыстары 2001 жылғы он бірінші қыркүйек күнгі шабуылдан бері өзінің ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Сондай-ақ, осы есепке сәйкес, Трамптың исламға қарсы сөздері мұсылмандардың теріс реакциясын тудыруы мүмкін. Баяндаманың авторы Брайн Ловин: "Саяси лексика лаңкестік шабуылдардан кейінгі кеңістіктегі тәртіпті басқаруда басты рөлге ие",- деді.
Сонымен қатар Джорджтаун университетінің 2016 жылдың мамыр айында жариялаған есебіне сәйкес, жақында өткен президенттік сайлау науқаны кезінде америкалық мұсылмандарға қарсы жасалған қоқан-лоққы, қорқыту және зорлық-зомбылық бұрын-соңды болмаған түрде ұлғайған. Осы баяндаманың авторы Абдулқадердің пікірінше, бұл үлгілер Трамптың саясатқа келуімен байланысты болуы мүмкін. Оның айтуы бойынша "Трамп халықтың қорқуы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Менің ойымша, бұл кейбір мәселелерге байланысты тек өшпенділікке жеткізіп қана қоймай, зорлық-зомбылықпен аяқталады",- деді.
Сонымен қатар "Мұсылман қыз" атты зерттеу тобы 2015 жылғы тамыз айының алтысы күні АҚШ президентінің сайлауына қарсы шерулер болған кезде орын алған исламнан үркіту шабуылдарының тізімін жариялаған еді. Осы ұйымның мәлімдемесіне сәйкес, 512 күн ішінде АҚШ-та алты жүзге жуық исламнан үркіту шабуылы орын алған.
АҚШ-та мұсылмандарға қарсы исламнан үркіту шабуылдарының артуына байланысты діни және діни емес адам құқықтары жөніндегі 90 ұйым АҚШ Конгресіне хат жолдап: "Мұсылмандарға қарсы саясат бекіту мұсылмандарды ұлттық деңгейдегі мәліметтерді ұсынуға мәжбүрлеу секілді америкалық дін бостандығы мен сөз бостандығы қағидаларына толығымен қайшы келеді",- деді.
Алайда Трамптың исламнан үркіту әрекеттері президенттік билікке келгеннен кейін де өз жалғасын тапты. Трамп үкіметі қатыгез әрі кемсітушілік және адам құқықтары заңдарына қайшы шарасы аясында 7 мемлекеттің азаматтарына АҚШ-ның жеріне кіруге тыйым салды. Бұл әрекет ықтималды лаңкестікке қарсы сақтық шараларын ұлғайту үшін нақты шарадан бұрын, исламнан үркіген дауыс берушілерін мұсылмандарға қарсы берген уәдесіне сәйкес әрекет ететіндігіне сендірудің артуы болды.
Америкалық Wax баспасы "Трамп «Тыйым салу АҚШ-ты сақтау үшін» дегенімен, негізінде бұл – исламнан үркіту" атты мақаласында: "Трамптың заңға қосымша актісінің мәтінінде "ислам" және "мұсылман" сөздерінің заңды себептермен пайдаланбауы әбден мүмкін. Алайда бұл заң оның мақсатын түсінбеу мүмкін емес кодтарға толы болып табылады",- деп жазды.
Жарлықта: "Америкалықтарды қорғау мақсатында АҚШ бұл ел территориясына кіретін адамдардың ешқандай дұшпандық ағымдар мен оның негізгі қағидаларына еш қатысы жоқ екендігіне көздері жетуі тиіс. Америка Конститутцияны қолдамайтын немесе зорлық-зомбылық идеологиясын америкалық заңдардан артық көретіндерді қабылдай алмайды және де қабылдамауы тиіс",- деп жазылған.
Бұл жарлықты қалыптастырушы идеяның негізі мұсылмандардың, әсіресе шетелдік мұсылмандардың, зорлық әсірешілдік қаупінің ерекше түрі ретінде қабылдануы болып отыр.
Ахмад аш-Шарқауи Middle East Panorama вебсайтындағы мақаласында: "Трамп сионисттік рух пен яхидулерге қамқорлық жасау сенімімен өз әрекетін Израильге қызмет жасауға бағыттап, Иса Мәсіхтің яхудилерді мұсылман дұшпандарынан құтқару үшін қайта келетіндігіне деген сенімі арқылы мұсылмандарға қатысты айқын дұшпандығын әшкереледі. Шындығында, қақтығыстың түп төркіні діни идеологияда жатыр. Трамп өзінің алғашқы сайлау науқаны кезінде Иса Мәсіхтің (ғ.с.) қайта келуінің басы ретінде ислам мен мұсылмандарды дұшпан етіп көрсетіп, АҚШ-тағы елшілікті Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыруға уәде берген еді. Бұл саяси сенімнің бастамасы бұрмаланған. Исламды әлемдегі жауыздық, лаңкестік, тұрақсыздықтардың діні деп есептеу табиғи құбылыс. Ол ислам мен лаңкестік арасындағы байланысты пайдалана отырып, өз соғысын мәдени соғыс етіп көрсетуге талпынуда.
Трамп қатігездікке негізделген идеологиялары мен өз ойындағы "исламдық әсірешілдікпен" күресуді талап етуде. Трамп Обама билігі кезіндегі "қатал әсірешілдікпен күрес" деп аталған лаңкестікпен күресті "исламдық әсірешілдікпен күрес" деп өзгертуді көздеп отыр.
Трамп саясатының негізі арандатушылық пен қорлау арқылы мұсылмандарды әсірешілдерге айналдыру болып табылады.
Осыған байланысты толқыныс бүкіл әлемді жайлап, АҚШ-ты құрдымға жеткізеді
Atlantic баспасындағы "Дональд Трамп пен исламға қарсы қатігездік" атты мақалада: "Трамптың исламға қарсы саяси лексикасының парадоксы оның лаңкестікпен шындап күресуге уәде беріп, бірақ соңында тек америкалық мұсылмандарды ғана емес, бүкіл америкалықтарды қауіппен беттестеруінде"- деп жазылған.