АҚШ-тың Демократиялық партиясы қайта құруды көздеп отыр
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i25032-АҚШ_тың_Демократиялық_партиясы_қайта_құруды_көздеп_отыр
АҚШ Демократиялық партиясының мүшелері Том Пересты Ұлттық комитеттің жаңа төрағасы етіп сайлады. Дауыс беруге құқылы 435 партия мүшелерінің қатысуымен өткен Ұлттық комитет басшысын сайлау нәтижесінде, Перес жалпы саны 235 дауыс, яғни 54 пайыз жинады. Ал Өкілдер палатасындағы Минисота штатының өкілі Кейт Элисон 200 дауыс жинап, екінші орынға шықты. Перес Демократиялық партияның Ұлттық комитетінің төрағасы болып сайланғаннан кейін Элисонды өзінің орынбасары етіп тағайындады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 09, 2017 16:22 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Демократиялық партиясы қайта құруды көздеп отыр

АҚШ Демократиялық партиясының мүшелері Том Пересты Ұлттық комитеттің жаңа төрағасы етіп сайлады. Дауыс беруге құқылы 435 партия мүшелерінің қатысуымен өткен Ұлттық комитет басшысын сайлау нәтижесінде, Перес жалпы саны 235 дауыс, яғни 54 пайыз жинады. Ал Өкілдер палатасындағы Минисота штатының өкілі Кейт Элисон 200 дауыс жинап, екінші орынға шықты. Перес Демократиялық партияның Ұлттық комитетінің төрағасы болып сайланғаннан кейін Элисонды өзінің орынбасары етіп тағайындады.

Демократиялық партияның ең жоғарғы шешім қабылдаушы тармағы саналатын Ұлттық комитет төрағасының сайлауы АҚШ президенті сайлауындағы ауыр жеңілістен үш айдан соң өткізілді. Қараша айында өткен сайлау барысында көптеген саяси сарапшылар болжамдары мен жорамалдарына қайшы, демократтар президенттікті Республикалық партиядан шыққан жанжалды үміткер Дональд Трампқа берді. Сонымен қатар, демократтар Өкілдер палатасы мен Сенаттағы орындарға таласта жеңіліс тауып, республикашылдардың үкіметтік орындарды иемденудегі үстемдігіне ықпал ете алмады. Бұл жеңіс тек республикашылдар, әсіресе Дональд Трамп үшін ғана үлкен жеңіс болған жоқ, сондай-ақ елдегі бұрын болмаған саяси кеңістікке өзгеріс енгізді. Бүгінде таңқалдырарлық сайлаудан бері үш ай өтті. Демократтар 2018 жылы өтетін аралық сайлау кезінде Конгрестің бір немесе екі палатасында көпшілік орындарды иемденуге үміттеніп, өздерінің партиясын қайта құруға талпыныс жасап отыр.

Демократиялық партияның Ұлттық комитеттің 2017 жылғы басшысын сайлау былтырғы саяси кеңістіктің, яғни мемлекеттік президент сайлауы өткен жылдың қатты ықпалында өткен болатын. Өткен президент сайлауы кезінде Демократиялық партияның екі қанатқа бөлінгені секілді, жексенбі күні Атланта қаласында өткен сайлау кезінде негізгі ағымды жақтаушылар АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама үкіметі кезіндегі Еңбек министрі қызметін атқарған Том Переске қолдау көрсетті. Бұл латынамерикалық саясаткер Барак Обаманың анық қолдауы мен Обама мен Клинтонның жақтастарының сеніміне ие. Өткен жылғы мемлекет президентінің сайлау науқаны кезінде Перестің есімі Хиллари Клинтонның орынбасарына үміткерлердің бірі ретінде аталған еді. Бірақ соңында Клинтон өз орынбасарлығына Кейннің командасын таңдады. Осылайша өткен айларда Перестің Демократиялық партиядағы ықпалды Клинтон әулетімен ынтымақтастығы үзілмеді. Ақырында, Перес негізгі ағымның қолдауының арқасында Ақ Үй мен Конгрестегі Дональд Трамптың жетекшілігіндегі әсірешіл консервативті үкіметтің қиын-қыстау кезеңінде дағдарысқа ұшыраған демокарттар партиясының басшысы болды.

Обама мен Клинтон қолдайтын Демократиялық партия ішіндегі негізгі  ағыммен қоса, партияның Ұлттық комитет төрағасын сайлау прогресшіл не ілгерішіл ағымның қуатын паш етті. Бұл ағым АҚШ президентінің жуырда өткен сайлауы кезінде солшыл сенатор Берни Сандерске қолдау көрсетіп, Кэйт Элисонға 200 дауыс жинады. Ілгерішілдер немесе прогресшілдер қолдаған үміткердің негізгі ағым үміткерінен жеңіліс тапқанына қарамасан, бұл сайлау прогресшілдердің Демократиялық партияның қуатты қанаты саналатынын дәлелдеді. Бұл ағым президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінде Берни Сандерстің ақырғы үміткер ретінде таңдалуына талпыныс жасады. Бірақ Демократиялық партия басшылары мен Хиллари Клинтонның құпия сөз байласуы оны Дональд Трампқа қарсы шайқасқа жіберді. Бұл күрес демократтар үшін ауыр соққы болды. Енді ілгерішіл қанаттың өкілі, яғни Кейт Элисонның Демократиялық партияның Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалуы бұл қанаттың партияның болашағы мен Американың болашағының саяси кеңістігін құрудағы рөлі мен ықпалын арттырады.

2016 жылғы президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңісі мен Демократиялық партияның құрамындағы ілгерішіл қанаттың табысқа жетуінің өзара қатысы болмағанымен бұл екі оқиға бір-біріне әсер етеді. Бұл екі оқиға америкалық азаматтардың немесе АҚШ-тағы партия белсенділерінің қазіргі жайдайға қатысты наразы екендігін көрсетті. 2008 жылғы экономикалық дағдарыстың салдары, соның ішінде болашақтағы жақсырақ өмірге деген үміттің үзілуі, бұрыннан келе жатқан саясаткерлердің сыбайлас жемқорлығы мен Америка саясатын сырттай бақылаушылардың көтерілісі, ақырында Трамптың популистік ұрандар айтып, өзін АҚШ қоғамындағы өткен және қазіргі барлық қиындықтарды шешуші деп таныстырып, жеңіске жетуіне септігін тигізді. Ол америкалық дауыс берушілердің, әсіресе консервативті азаматтардың түбегейлі өзгеріс қалайтындықтарын пайдаланып, Ақ Үйге енуге жол тапты. Өзгеріс қалау тек консервативтерге ғана тән болмады. Тіпті Американың либералды қанатында да көптеген өзгертулер мен түзетулердің қажеттілігі байқалды. Сол себепті, аса танымал емес сенатор Берни Сандерс бірнеше ай аралығында саяси, экономикалық және әлеуметтік істер жөнінде өзгеріс ұрандарын шығарып, қуатты әрі ықпалды өкіл Хиллари Клинтонмен бәсекеге түсе алды.

Демократиялық партиядағы прогресшіл қанаттың тарихы өткен ғасырдың басынан бастау алады. Ол кезде Демократиялық партияның кейбір басшылары азамат соғысы біткеннен кейінгі саяси сәтсіздіктерді жеңу үшін бірқатар өзгерістер енгізу мәселесін көтерді. Соның ішінде трестермен, саясаткерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, иммигранттарға қолдау көрсету және қоғамның жапа шеккен таптары үшін әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын іске асыруды атауға болады. Алайда, бір ғасырға жуық уақыт аралығында Демократиялық партияның прогресшіл қанаты партияның ұстамды және оңшыл қанаттарына бағынды. Прогресшілдердің кейбір мақсаттары ұстамшыл топтың мүдделері мен олардың консерваторлармен құпия сөз байласуының жанында ұмытылып кетті. Тіпті Демократиялық партияның прогресшіл қанатын қолдайтын өкілі Барак Обаманың 2008 жылдағы сайлау бәсекелестігі кезіндегі талпныстары да бұл алып партияның бағытын өзгерте алмады. Обама президенттік қызметіне кіріскен соң өзінің өзгерістер мен реформалар енгізу туралы берген уәделерін ұмытты немесе өзінің Конгрестегі консерватор бәсекелестерінің қысымы салдарынан кейінге қалдырды. Сондықтан 2008 жылғы президенттік сайлаудағы саяси қарым-қатынастарда "өзгеріс" деген ұранмен жеңіске жеткен кісі арада 8 жыл өткен соң негізгі ағымның қолдайтын өкілі Хиллари Клинтоннан кейін орын алды. Бұл әрекеті Демократиялық партияға үлкен тәжірбие болып, көптеген демократ дауыс берушілердің көпшілігінің Трамптың өзгеріс пен реформаға негізделген ұрандарына қайран қалуына себеп болды.

Енді 2016 жылғы президенттік сайлаудағы тарихи жеңілістен ғибрат алған демократтар прогресшілдердің талаптарына бұрынғыға қарағанда көбірек құлақ салуына мүдделі сияқты. Бұл топ сайлау қорларын қаржылай қамтамасыз етудегі алып кампаниялардың ықпалын азайтуды, партия ішіндегі сайлау үдерісі толығырақ демократиялық болуын, жағдайды өзгерту үшін партияның радикалды бағдарламалар әзірлеуін және халықтың қоғамдық наразылар мен саяси маргиналдардан тұратын топтарға жақынырақ болуын қалайды. Сондықтан Ұлттық комитет төрағасы сайлауындағы ақырғы екі үміткер де азшылықтарға тиесілі болды. Перес латынамерикалықтардың, ал Элисон қара нәсілді мұсылмандардың мүддесіне өкілдік етті. Соңында Демократиялық партияның Ұлттық комитетінің төрағалығы мен орынбасарлығы ең көп нәсілдік және діни азшылықтарға өкілдік еткен екі тұлғаның мойнына жүктелді. Осыған қарағанда, прогресшіл ағым мен америкалық реформатор дауыс берушілердің көпшілігінің көздеген реформаларын жүзеге асыру үшін бұл партияны алда ұзақ жол күтіп тұрған секілді.