Дональд Трампқа импичмент жариялануы мүмкін бе?
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i25116-Дональд_Трампқа_импичмент_жариялануы_мүмкін_бе
Дональд Трамптың президент болғанына екі ай толмай жатып, оған импичмент жариялау ықтималдығы туралы сөз қозғалды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 12, 2017 11:07 Asia/Almaty
  • Дональд Трампқа импичмент жариялануы мүмкін бе?

Дональд Трамптың президент болғанына екі ай толмай жатып, оған импичмент жариялау ықтималдығы туралы сөз қозғалды.

АҚШ президентінің кейбір қатал сыншыларының пікірінше, Дональд Трамп елді басқаруда біліксіз әрі оның соңғы 50 күн аралығында жасаған әрекеттері негізінде оған импичмент жариялауға болады. Алайда қазір АҚШ президентіне импичмент жариялау үшін қажетті негіз бар ма? Осы сауалға жауап бермес бұрын, алдымен АҚШ президентінің импичменті үдерісін қарастырғанымыз жөн.

АҚШ-тың Конституциясына сәйкес, импичмент барлық федералды басшыларға, әсіресе ел президентіне қатысты іске асуы мүмкін. Дегенмен, әлемнің көптеген мемлекеттерінің заңына қайшы, Америкада федералды басшыларды тек саяси көзқарас келіспеушілігі немесе олардың әрекеттерін сынға алу дәлелімен Парламент сотына тарту мүмкін емес. Импичмент АҚШ-тағы федералды басшыларға қарсы сот ісінің соңғы кезеңі болып саналады. Басқаша айтқанда, егер АҚШ Конгресінің барлық мүшелері мен мемлекет президенті арасында белгілі бір мәселелерге байланысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда, олар президентке импичмент жариялай алмайды.

Бұл бағыттағы, яғни импичмент жариялаудың алғашқы қадамы федералды басшыға қарсы сотқа шағым жазу. Шынтуайтында, егер федералды басшының негізгі қылмыстар жасағаны дәлелденбейтін болса, оған қарсы қылмыстық іс те қозғалмайтыны табиғи жағдай. Аталмыш қылмыстарға сатқындық, пара алу, ауыр қоғамдық қылмыстар мен антпен жалған мәлімет беру жатады. Осындай айыптаулар болмаса федералды билік мүшелеріне, әсіресе АҚШ президентіне импичмент жариялау мүмкін емес. Негізінде мемлекет президенті мен оның қарсыластары арасындағы билік үшін күресі осы арада маңызды рөлге ие. Басқаша айтқанда, егер АҚШ президентінің қарсыластары оның әлсірегені мен осалдығын сезетін болса немесе мемлекет президенті өз қарсыластарымен тиісті қатынас жасай алмайтын болса, қарапайым мәселелер негізінде президенттің ісі сотқа жетіп, оған қарсы импичмент жариялануы мүмкін. АҚШ-тың уақытша президенті Билл Клинтонға қатысты ахлаққа жат жанжал негізінде дәл осындай жағдай орын алған болатын.

АҚШ-тағы саяси дәстүрге сәйкес, бұл елде мемлекет президентіне импичмент жарияламас бұрын, істі қарастыру үшін алдымен арнайы прокурор тағайындалады. АҚШ-тың Бас прокурорын мемлекет президенті тағайындайтындықтан, АҚШ президентінің ісін оның өзі тағайындаған тұлғаның қарастыруы көбінесе мүмкін емес. Сондықтан, АҚШ президенті саяси қысым салдарынан арнайы прокурор тағайындауға келісім береді. Тағайындалған прокурор Бас прокурордың қысым көрсетуіне қарамастан, іс қозғап, мемлекет президентіне қатысты тергеу ісін бастайды. Егер тергеу барысында мемлекет президентінің үлкен қылмыс жасағаны дәлелденетін болса, арнайы тағайындалған прокурор қылмыстық істі Өкілдер палатасының сот ісі бойынша комитетіне жібереді. Ал егер бұл комитеттің мүшелері істің Парламентте толығырақ қарастырылуына дауыс беретін болса, іс Өкілдер палатасына талқылануға жіберіледі. Бұл кезеңде 435 мүшеден құралған Парламент айыптауларды қарастыру үшін сот құрудың қажеті бар немесе жоқ екенін шешеді. Егер Өкілдер палатасы істің одан әрі қарастырылуына дауыс берсе, бұл жолы АҚШ президентіне қарсы қылмыстық іс Сенат деңгейінде қарастырылатын болады.

Сенатта мемлекет президентіне қарсы шағымды қарастыру оның ұзақ импичмент үдерісінің соңғы кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде импичментке байланысты сот ісі Жоғары Федералды соттың басқаруымен өткізіледі. Бұл отырыстар барысында арнайы сот тағылған айыптарды мәлімдеп, президент өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін өзін қорғады. Отырыстарды АҚШ сенаторлары бақылап отырады. Негізінде, олар әділ қазылар алқасының рөлін атқарады. Сенаттағы сот тексерісі аяқталғаннан кейін сенаторлар айыпталушының кінәлі не кінәсіз екендігіне байланысты өз пікірлерін мәлімдеп, дауыс береді. Егер Сенат мүшелерінің көпшілік бөлігі мемлекет президентін кінәлі деп таныса, ол президенттіктен шеттетіледі. Бүгінге дейін АҚШ тарихында федералды басшылардың 16 импичмент отырысы болған. Солардың ішінде, он тоғызыншы ғасырда Эндрью Джонсон, жиырмасыншы ғасырда Билл Клинтон импичментке ұшыраған президенттер саналады. Алғашқысы азамат соғысы кезінде бүлікші штаттармен шара қолдануда сатқындық жасады деген айыппен, ал екіншісі Ақ Үйдің стажері Моника Левинскимен ахлаққа жат қатынас жөніндегі ісіне байланысты жалған мәлімет берді деген айыппен сотталған. Екі жағдайда да мемлекет президенттері өз пайдасына бір ғана дауыс артық жинап, биліктен кету қатерінен аман қалған болатын. 1970 жылдары орын алған Уотергейт жанжалынан кейін Ричард Никсон президенттік қызметтен кетті. Алайда, Никсон өз есімінің тарихта қызметтен шеттетілген алғашқы АҚШ президенті болып қалмауы үшін Өкілдер палатасы ісін қарастырмас бұрын отставкаға кетті. Сол әрекеттің нәтижесінде оның есімі отставкаға кеткен алғашқы президент болып қалды.

Енді бағдарламамыздың басындағы сауалымызды қайта қоямыз. Қазіргі жағдайда АҚШ президентіне импичмент жариялау үшін қажетті негіз бар ма?

Бірқатар себептерге байланысты бұл сұрақтың жауабы теріс болып отыр. Біріншіден, әлі күнге дейін Дональд Трамптың ауыр қылмыс жасағаны туралы  ешқандай дерек жоқ. Екіншіден, бұл мәселеге байланысты іс қозғалған жоқ және арнайы прокурор да тағайындалмады. Бұл Конгрестің екі палатасының көпшілігін республикашылар құрып отырған жағдайда орын алды. Комитеттердің, әсіресе Өкілдер палатасының сот ісі жөніндегі комитет пен Конгрестің екі палатасының күн тәртібі республикашылар арқылы бекітіледі. Трамп пен сенаторлар Джон Маккин мен Линдси Грехэм секілді республикашылар партиясының сыншылары арасында қатты алауыздық болғанымен бұл партияның басшыларының өз партияласы болып келетін президентке импичмент жариялауға келісуі  екіталай. Алайда, жағдай өзгеруі мүмкін. Себебі, егер АҚШ президентінің заң бұзғаны туралы бұлтартпайтын дәлелдер анықталған жағдайда, республикашылар Трамптың заң бұзушылықтарынан бас тарту және партияның қоғам алдындағы абыройын сақтап қалу үшін республикашыл президентке импичмент жариялауға келіседі. Әйтпесе, 2018 жылы өтетін аралық сайлау кезінде демократтар Конгрестің екі палатасындағы билікті өз қолдарына алады. Осындай жағдайда Конгрестің құқықтық бұзушылық туралы шағым жазуы және АҚШ президентіне қарсы импичмент жариялау үшін талпыныс жасауға қолайлы жағдай туындайды.

Сондықтан, Дональд Трамптың Ақ Үйдегі билікке келер алдындағы оның қауіпсіздік командасының құпия қатынастарына байланысты АҚШ президентінің оппозиционерлері оған қарсы импичмент жариялауда өз бақтарын сынай алады. Егер Трамптың Вашингтондағы Ресей елшісімен телефон арқылы сұхбаты кезіндегі Майкл Флинннің алаяқтығы туралы мәселе қозғалғаны дәлелденетін болса, бұл жағдай АҚШ президентіне қарсы үлкен айып тағуға соқтыруы мүмкін. АҚШ Конгресіндегі республикашылардың басшылары да Ресеймен қатты қатығысып, бұл елді жазалау пікірін қуаттайтын секілді көрінеді. Бірақ Ақ Үй бұл мәселемен келіспейді. Егер Ақ Үйдің лауазымды тұлғалары республикашылар басқарып отырған Конгрестің ескертулерін ескермей, Ресеймен және осы елдің президенті Владимир Путинмен достық қарым-қатынас орнататын болса, америкалық саяси құрылымдар Трампқа қарсы импичмент жарияламақ. Отставкаға шыққан генерал АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинннің орыстармен құпия түрде байланысқаны үшін қызметтен шеттетілуі АҚШ-та билеуші құрылымдар бекіткен қызыл сызықтан асып кеткен Дональд Трамп пен оның одақтастары үшін қатерлі дабыл болуы мүмкін.