1395 жылдағы Түркия өзгерістері: Ердоған мен күрдтер мәселесі
Анкара үкіметінің Түркиядағы күрдтермен қатынасын талқылау өткен жылдағы осы елдің саяси және әлеуметтік өзгерістерінің ең маңызды мәселесі болып табылады. Түркиядағы күрдтер қауымы осы елдің Парламентінде ықпалды бір партияға ие және соңғы әкімдер сайлауында күрдтер тұратын облыстарда халықтың қолдауына ие болып, осы аймақтың алты ауданының әкімдерінің орнын алды.
Наурыз мерекесі қарсаңында Стамбұлда жарылыс болып, Түркиядағы күрдтер қауымының ондаған адамы осы елдің күрдтер тұратын аудандарында, соның ішінде Диярбакырда Наурыз рәсімдеріне қатысқанынан кейін іс жүзінде бұл аймақтар мемлекеттік және жергілікті күштердің Түркияның орталығы мен күрдтер тұратын қалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін сынайтын сахнаға айналды.
Түркияның барлау және қауіпсіздік жүйесінің алты күн ішінде Анкара мен Стамбұлдағы екі лаңкестік әрекетті ауыздықтап, бақылауда ұстауға қауқарсыздығы және күрдтердің өздері тұратын аймақта Наурызға орай митинг өткізуі Анкара үкіметін елдің астанасы мен экономикалық орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен жасырын түйткілге ұшыратты.
Түркия басшыларын алаңдатқан нәрсе осы ел күрдтерінің партияларының бірі – Түркия халықтары демократиялық партиясының ортақ басшысы Селахаттин Демирташтың Даярбакырдағы Наурыз рәсіміне қатысуы болды. Түркия басшылары осы ел күрдтеріне басқа аймақтарда, соның ішінде ел астанасы Анкарада Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салған болатын.
Түркияның күрдтері жыл сайын 21 наурызда Наурыз мерекесін тойлауды өздерінің қауымдық болмысын көрсету және өз талап-тілектерін білдіру үшін мұрсат ретінде пайдаланады. Өткен жылы да Түркия күрдтерінің наурыздық жиыны осы ережеден тыс болмады.
Түркия күрдтерінің күш-қуат көрсету митингісінде Демирташтың «Анкара үкіметі Джизре қаласында соғыс қылмысын жасады» деп айыптаған сөздерінен кейін іс жүзінде Анкара үкіметі мен Ердоғанның күрд партиялары басшылары мен Түркиядағы Күрдістан жұмысшылар партиясының басшысына қарсы әрекет ететінін болжау қиын емес. Ол: «Осы соғысқа «Әділет және даму» партиясынан басқа ешкім жауапты емес»,-деп тура айтты. Үрей мен қорқыныш тудыру саясатын қолдану, қауіпсіздік тұрғыдан қысым жасау, Джизреде қатаң әскери билік орнату басқа кезден көбірек күрдтер тұратын осы жерді соғыстан зардап шеккен қалаға айналдырды. Бұл қаланың тұрғындары Анкара үкіметінің лаңкестерді басып-жаншу сылтауымен жасаған амалдарынан зардап шекті.
Түркияның күрдтер тұратын өңірлерінде бейбіт адамдарды қырып-жоюдың артқанына қатысты ішкі, аймақтық және халықаралық алаңдаушылықтарға қарамастан, Анкара үкіметінің басшылары бұрынғыдай Түркияның оңтүстік-шығысында күрдтер тұратын Насибин, Мардин, Ширнак пен Хакари аудандарында әскери амалдарды жалғастырып, бұл жерлерді Күрдістан жұмысшылар партиясы мүшелерінен толық тазарту қажеттігін қуаттап отыр.
Түрік әскерилері мен Күрдістан жұмысшылар партиясы арасындағы қанды қақтығыстар Түркия үкіметі мен осы партияның қамаудағы басшысы Абдулла Оджалан арасындағы бейбіт келіссөздердің жеңілісінен екі жыл өткен соң х.ш.ж.с.б. 1394 жылдың жазында қайта басталды.
Түркия халықтары демократиялық партиясының басшысы Демирташтың ел басшысы Режеп Тайып Ердоғанды Түркиядағы күрдерге қатынасын сынаумен шектелмеді. Демирташ бұл жолы Ердоғанды Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетумен айыптап: «Ердоғанның қолы сириялықтардың қанына былғанған»,-деді. Ол, сондай-ақ, Ердоғанның лаңкестік топтарға, соның ішінде Сириядағы ДАИШ, ән-Носрат пен Ахрар аш-Шамға қаржылай және әскери қолдау көрсететінін ашық айтты.
Осы сындар мынадай жағдайда шарықтау шегіне жетті: Түркия халықтары демократиялық партиясының басшысы ел Парламентіндегі осы партияның фракциялық отырысында: «Ердоған Сирияны жойып, оның халқын босқындатып жіберу үшін осы елдегі лаңкестік топтармен ашық та жасырын байланыс орнатудың ешбір түрінен аянып қалмады»,-деді.
Алайда бұл Демирташтың Анкара үкіметіне қарсы өткір сөздері мұнымен аяқталмады. Түркия халықтары демократиялық партиясының басшысы Сириядағы лаңкестік топтарға арналған қару-жарақтарды тиеген түркиялық жүк көліктерін атап өтіп, Сирияда дағдарыс басталғаннан бері лаңкестердің Сирия үкіметіне қарсы соғысына қажетті қару-жарақтарды тасымалдаған мыңдаған жүк көлігінің анықталғанын хабарлауы Ердоғанның Түркияның күрдтеріне жақтасатын осы партияға қарсы ашу-ызасын одан ары өршітті.
Түркия үкіметін сынаушылар түрік күштерінің Күрдістан жұмысшылар партиясының мүшелерін басып-жаншу сылтауымен күрдтер тұратын аудандарға жасап жатқан шабуылдары Анкараның Сириядағы қарсылас қарулы топтарға, әсіресе белсенді тәкфиршіл-лаңкестік топтарға саяси және логистикалық қолдауды бүркемелеу үшін жасалып отыр деп санайды.
Түркия үкіметі мен Ердоғанның әрекеттеріне қатысты осындай көзқарас ұстанудың өзі түрік басшыларының бұл болжамдарды біржолата жою үшін Күрдістан жұмысшылар партиясын басып-жаншып, күрд партияларын әлсіретіп, сондай-ақ, Сирия өзгерісінде Башар Асадтың қарсыластарын қолдау деген екіқырлы саясат ұстануы үшін жеткілікті болды.
Бұл жағдай Түркияда іс жүзінде қауіпсіздік доминосының пайда болуына әкеліп соқтырды. Халық экономикалық, әлеуметтік және психикалық денсаулық саласында осы жағдайдан зардап шегіп отыр.
Қалыптасқан жағдайдың салдарлары тез арада Түркияда баршаны қамтыған экономикалық дағдарысқа айналды. Тынышсыздық артып, туризмнен түсетін табыс азайған соң Түркия қоғамында қоғамдық наразылықтар артты. Туризмнен түсетін табыстың азаюы ұлттық валюта құнының төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Анкара үкіметі өзі қалап алған жағдайдан шығу үшін авантюристік бір жоба дайындады. Түркия Парламенті депутатарын иммунитеттен айыру осы елдің қоғамдық пікірін біраз уақытқа дейін Сирияда орын алып жатқан оқиғалар мен Анкара үкіметінің Түркиядағы күрдтерді басып-жаншудағы үстемшіл әрекеттерінен алдарқата алатын тақырып болды.
Мұнымен қоса, кейбір саяси орталар бұл жобаны үкіметке қарсы және оны сынаушы партиялардың арту үстіндегі ықпалды сындарын азайту үшін, бәрінен маңыздырақ Түркия халықтары демократиялық партиясының басшыларын тыныштандыру үшін жасалған қадам деп бағалады.
Көптеген айтыс-тартыстардан кейін ақырында Түркия Парламентінің Конституциялық комиссиясы бұл жобаны қабылдады. Сол бойынша осы ел Парламентінің 550 депутатының 129-ның соттық иммунитеті жойылып, оларды соттауға мүмкіндік жасалды.
Осыдан бұрын Режеп Тайып Ердоғанның осы жобаны бекітуге талпыныстарын өзін соттауға алғышарт деп атаған Түркия халықтары демократиялық партиясының басшысы Селахеттин Демирташ оны айыптады. Заң бойынша, сайлауға дейін немесе кейін қылмыс жасады деп күдіктелген депутат қамауға алынбауы, тергелмеуі және сотталмауы керек. Бас ассамблея осы шешімге қарсы шықса ғана ол заң арқылы қудаланады. Түркия Премьер-министрі: «Бұл жобаның басты мақсаты – террор мен лаңкестерге қолдау көрсететін депутаттармен күресу»,-деген уәж айтты. Алайда ол астыртын түрде Түркия халықтары демократиялық партиясының мүшелеріне меңзеген болатын.
Осындай жоба қабылданған соң іс жүзінде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Түркия халықтары демократиялық партиясының мүшелерін сот арқылы қудалауға бағытталған мақсатын орындау үшін жағдай жасалды. Өйткені ол және онымен пікірлес басшылар бұл партияны Күрдістан жұмысшылар партиясымен әріптестік жасайды деп айыптайды.
Түркия Парламенті депутаттарын саяси иммунитеттен айыру туралы заңға толықтыруды бекіту ел үкіметінің Күрдістан жұмысшылар партиясын басып-жаншудағы позициясының нығая түсуіне көмектесті. Мұнымен қоса, бұл жоба түрік армиясы әскерилері мен қауіпсіздік күштеріне елдің іші мен шетелдерде Күрдістан жұмысшылар партиясының мүшелерін басып-жаншуда соттық иммунитет берді.
Үкіметтің бұл жобасында: «Түркияның Қарулы күштері мен лаңкестікпен күрес қалыбында әрекет ететін барлық қауіпсіздік күштері соттық иммунитетке ие болады»,-деп қуатталды. Парламент депутаттарын соттық иммунитеттен айыру жобасын бекіту Түркия үкіметіне қарсы оппозиционерлер, үкіметті сынаушы партиялар мен қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың қарсылығына ұшырағандықтан, Түркия басшылары үшін жаңа түйткілге айналды.
Осы өзгерістердің салдарынан Анкара үкіметі күрдтер тұратын аудан әкімдерін орындарынан алып тастау туралы бірінен соң бірі жарлық шығарып, Түркия халықтары демократиялық партиясы басшыларының наразылығынан соң осы партияның басшыларын да қамауға алып, артынан соттады.
Түркия үкіметінің Күрдістан жұмысшылар партиясын басып-жаншудағы әрекетіне қарамастан, Ердоғанның күрдтерді ауыздықтаудағы темір қолы ешқашан елде қауіпсіздіктің қайта орнауына көмектесе алмады. Өйткені Анкара басшыларының идеясы мен сеніміне керісінше, Түркияның күрд азаматтары мен күрдтердің партиялық күштері осы елдің күрдтер қауымдастығының талап-тілектері мен бағдарламаларын демократиялық жолмен ілгерілетуді күн тәртібіне қойып отыр, сондықтан Түркиядағы тынышсыздықтың себептері мен факторларын басқа белсенді күштерден іздестіру керек. Түркия күрдтері қауымдастығының артында жасырынған күштер осы қақтығыстарда күрдтерді де, Анкара үкіметін де нысанаға алып отыр. Кейбір түрік саяси орталарының сенімінше, Түркия үкіметі осы топтарды анықтау үшін ауқымды қауіпсіздік жүйесі мен полицияны қажет етпейді. Керісінше, аймақтық өзгерістер, соның ішінде Сирияға қатысты өзінің әрекеттерін қайта сараптап, өзінің бүлдіргі рөлі мен қатынасын және Түркия қоғамында ДАИШ тәкфирлік-лаңкестік тобының қимыл-әрекеттерін көбірек түсінуі тиіс. Араб азаматтары мен сириялық босқындар кейпінде Түркия қоғамына еніп, өздерінің күнделікті жұмыстарын еркін түрде атқарып жатқан бұл топтар қажет кезде өздерінің бетперделерін ашады. Стамбұлда жаңа жыл кезінде болған жарылыстар – ДАИШ сияқты тәкфирлік-лаңкестік топтарға қосылу мақсатымен қоғамға енген адамдарды қабылдаудың кішкентай мысалы. Түркияның қауіпсіздік органдары олардың бүлдіргі әрекеттеріне саналы түрде көзжұмбайлық танытып отыр. Олар қауіпсіздік шараларын күшейтсе, елде саяси және әлеуметтік қауіпсіздікке одан бетер қатердің төнетіндігінен жасқанады.