«Неқаб» жобасы – АҚШ-тың Иранға қарсы қара ісінің келесі бір құжаты
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i25648-Неқаб_жобасы_АҚШ_тың_Иранға_қарсы_қара_ісінің_келесі_бір_құжаты
АҚШ пен Ұлыбритания алпыс жылдан бері Таяу Шығыстағы демократиялық үкіметтерді құлатумен айналысып келеді. Бұл хабарды америкалық «Washingtonsblog» деп аталын вебблог жариялады. Бұл сайт «Кларк» университетіндегі тарих пәнінің ұстазы Дуглас Литлге сілтеме жасап: «АҚШ-ның ОББ-ның 1949 жылғы кейбір төңкерістерде, соның ішінде Сириядағы төңкеріске қатысы болды»,-деп жазды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 31, 2017 14:18 Asia/Almaty
  • «Неқаб» жобасы – АҚШ-тың Иранға қарсы қара ісінің келесі бір құжаты

АҚШ пен Ұлыбритания алпыс жылдан бері Таяу Шығыстағы демократиялық үкіметтерді құлатумен айналысып келеді. Бұл хабарды америкалық «Washingtonsblog» деп аталын вебблог жариялады. Бұл сайт «Кларк» университетіндегі тарих пәнінің ұстазы Дуглас Литлге сілтеме жасап: «АҚШ-ның ОББ-ның 1949 жылғы кейбір төңкерістерде, соның ішінде Сириядағы төңкеріске қатысы болды»,-деп жазды.

Осы мәліметтің бір бөлігінде АҚШ-тың ОББ мен Ұлыбританияның тыңшылық ұйымдарының Сирия мен Иракта текетірестер мен қақтығыстар тудыру үшін жасаған қастандықтарына сілтеме жасалды.  Әрине, бұл хабар аса тың да емес, өйткені мұндай қара оқиғалар АҚШ-тың тарихында өте көп. Бұл жайында өткеннен бүгінге дейінгі құжаттар мен куәлерден оқып, ойға түйетін жайттар көп. Бір үлгі ретінде АҚШ-тың Иранның ішкі ісіне араласуы мен осы елге қарсы қастандықтарын айтуға болады.

АҚШ-тың 1953 жылы Иранның заңды үкіметіне қарсы төңкерісі немесе х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 28 мордадтағы төңкерісі осыған қатысты анық та бұлтартпайтын құжат болып табылады. Алайда бұл дұшпандық аяқталған жоқ. Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы күндері алпауыт елдер, соның ішінде АҚШ  өзінің заңсыз мүдделерін қамтамасыз ету үшін жаңадан пайда болған жүйеге өз жансыздарын енгізіп, оны әлсіретуді мақсатты тұтты. Бөгде елдердің тыңшылық ұйымдары партия мен топ құру сияқты тәсілдермен немесе құрылған партиялар мен ұйымдарға қолдау көрсету, уақытша үкіметке ықпал ету, елшіліктер арқылы тыңшылық жасау, діни және қауымдық қайшылықтарды өршіту, сепаратизм, қарулы төңкеріс, террор мен бүлік арқылы Иран халқына жеңістің тәтті дәмін ащы ету үшін көп талпыныс жасады. Төңкеріс те дұшпанның ИИР-ның жүйесін құлату үшін қолданған таңдау жолдарының бірі. Сол негізде х.ш.ж.с.б. 1359 жылдың 18 тирінде (1980 жылдың қаңтар айы) АҚШ үкіметі Ислам революциясына қарсы өзінің сұрқия мақсаттарын ілгерілету үшін шах заманынан қалған адамдарды билік басына келтіру арқылы Иранда ислам республикасының жүйесін құлату мақсатында төңкеріс ұйымдастырды.  

«Неқаб» атты сәтсіз төңкеріс жобасы  АҚШ-тың ОББ мен Саддам режимі тарапынан Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдері мен Ислам революциясына қарсы әскерилермен бірлесіп жобаланды. «Неқаб» сөзі «Неджат-е қиам-е енғлаб-е бозорг» деген ұйымның алғашқы әріптерінен тұрады.

Осы төңкерісті орындау АҚШ-тың бұйрығымен шах режимінің соңғы Премьер-министрі Шапур Бахтиярға тапсырылды. Сол негізде төңкеріске дайындық белгілі бір мерзім және мақсатпен революцияға қарсы факторлардың күн тәртібіне қойылды. Бұл қастандық АҚШ Табас оқиғасында жеңіліс тапқаннан соң қатаң түрде күн тәртібіне қойылды. Сол себепті Пехлеви режимнің соңғы Премьер-министрі  Бахтияр  АҚШ пен Ұлыбританияның жетекшілігімен ислам республикасының жүйесімен күресуге бағытталған төңкерістің мүшелерін қалыптастыруға кірісіп, ислам республикасына қарсы жеке тұлғалар мен топтарды анықтап, жұмысқа тартып, белсенділік танытты.

Төңкерісшілер орналасқан ең маңызды әуе базасы Иранның батысындағы Хамадандағы «Шәһид Ноже» үшінші әуе базасы болған.

Бұл қастандықтың негізгі жобасы мен қаражаты АҚШ пен Ұлыбритания тарапынан елдің сыртындағы төңкерістің штабына берілді. Содан соң осы штаб арқылы Иранға жіберіліп отырды. Төңкерісшілер бомбалап, басып алу үшін қажетті негізгі жерлер ретінде нысаналарды белгілеп, осылайша ИИР-ның құрылымына қапыдан соққы беруді көздеді. Жоба жасаушылардың көзқарасынша, «Неқаб» төңкерісі жобасы х.ш.ж.с.б. 1332 жылғы 28 мордад (1953 жылдың тамыз айы) төңкерісінің үлгісін назарға алған. 1953 жылы тамызда Иранның сол кездегі заңды үкіметінің (доктор Мосадық үкіметінің) құлауына әкеліп соқтырған америкалық-британдық төңкеріс Ислам революциясының жеңісінен бұрынғы Иранның саяси тарихының ащы тарауы болды. Кейін жарияланған құжаттарға сәйкес, ОББ-ның Иранның сол кездегі Премьер-министрін құлату үшін ұйымдастырған амалдары толығымен айқын болды.

«Неқаб» төңкерісін жасау қастандығы басталмай жатып сәтсіздікке ұшырады. Осы оқиғадан кейін және ИИР армиясы әуе күштерінен бірінші шәһид болған әскериді еске алу үшін Ислам революциясына дейін «Шахрухи» базасы, ал революциядан кейін «Хор» деген атпен танымал болған Хамаданның үшінші базасы «Шәһид Ноже» деп атауын өзгертті. Шәһид Ноже ИИР армиясы әуе күштерінде қызмет еткен жылдары көптеген лауазымдарда жұмыс істеп, көптеген миссияларды атқарған, ақырында революцияға қарсы элементтерді басып-жаншу амалдарының бірінде оның ұшағы Иран Күрдістанының көгінде апатқа ұшырап, шәһид болды.

«Неқаб» сценарийін жобалаудан бұрын Табас оқиғасы орындалды. Табас оқиғасы қысқа мерзімдік ішкі іске араласушылық болған жоқ, керісінше күрделі де мықты негіздегі жоба болды. Ол Теһрандағы АҚШ-тың тыңшылық ұясындағы америкалық тұтқындарды азат ету шеңберінде  одан да үлкен мақсатты көздеді. Тұтқындарды азат етуге арналған бұл амал «Бүркіттің тырнағы» деп аталған.

1980 жылы 25 сәуірде  АҚШ-тың Иранның Табас даласына жасаған әскери шабуылы сырттай алғанда имамның жолын ұстанған студенттердің революциялық шарасына реакция болғанға ұқсайды. Студенттер өздігінен әрекет етіп, АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтары мен ішкі іске алаңдаушылықтарына наразылық ретінде 1979 жылы 4 қарашада Теһрандағы АҚШ-тың елшілігін (тыңшылық ұясын) басып алып, дипломатиялық миссия аясында тыңшылық әрекеттер жасаумен айналысқан адамдардың бірқатарын тұтқынға алды.

АҚШ үкіметі осы масқарашылықтың бетін жабу үшін тұтқынға алумен күрес тақырыбын Иранға әскери араласушылық жасау үшін пайдаланды. Осылайша  АҚШ-тың Иранға қарсы әскери араласушылық жобасы нақты жоспар негізінде Иранның климаттық жағдайын ескеріп, елдің шығысындағы  Табас даласында қараусыз қалған әуежайды анықтау арқылы нақты есептеулермен жүзеге асырылды.

АҚШ-тың әскери ұшақтары таңғажайып жағдайда Табас шөлінде құм дауылына тап болып, қараңғы түнде бірнеше минуттың ішінде жеңіліс тапты. Сөйтіп, «Бүркіттің тырнағы» амалы басталған сәттен-ақ сәтсіздікке ұшырады.  

Бұл амалда АҚШ әскерилері тікұшақтармен Теһрандағы АҚШ-тың тыңшылық ұясына қарама-қарсы жерде орналасқан Амджадие спорт кешеніне қонып, америкалық тұтқындарды азат еткен соң, Теһрандағы бірнеше нысананы бомбалауды жоспарланған еді.

Бұл қастандық та АҚШ-тың Иран халқына қарсы басқыншы әрекеттерінің бірі ретінде тарихта тіркелді. Алайда, АҚШ үшін Табас сияқты шабуылдар қарапайым іс  болатын. Өйткені, АҚШ Иран мен басқа елдердегі осындай әрекеттерден көп мақсатты көздеді. Бұл оның әлемге үстемдік ету болмысынан бастау алады. АҚШ Иран Ислам революциясының  жеңісіне дейін де, кейін де әртүрлі тәсілдермен Иранмен жауласты. Бұл дұшпандық бір кездері 28 мордад төңкерісіндей Иранда өзіне бағынышты шах режимін бекіту үшін төңкеріс өткізу сипатында болса, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Табас оқиғасындағыдай әскери шабуыл жасап, билікті құлату қастандығы мен «Неқаб» төңкерісі жобасындай әрекеттердің қалыбында көрініс тапты. Бүгінде айғақ-деректер көрсеткендей, АҚШ-тың қатынасынан өзгеріс байқалмайды. АҚШ басшылары отыз жыл бұрын жеңіліс тапқан саясаттарын өздерінің түскен беделін қайтарып, бұрынғы үстемшіл қатынасын жалғастыру үшін ұстанып отыр. АҚШ өткен 38 жылдың ішінде төңкеріс, соғыс, экономикалық блокада мен аймақтағы өзіне бағынышты режимдердің  көмегімен Иранды халықаралық сахнада оқшаулау теориясы негізінде әрдайым Иран халқын тізе бүктіру мақсатын орындауды көздеді. Алайда бұл шаралардың ешқайсысы Иранның тағдырын үстемшіл жүйенің мүддесіне қарай өзгерте алмады. ИИР Батыс пен Шығысқа төтеп беру жылдарының барлығында  тізе бүкпей, АҚШ Иранға тікелей қарсы тұрған тарихи сезімтал шақта да бұрынғыдан да мықтырақ үстемшіл күштердің қастандықтарына төтеп беруге дайын болды.  

«Неқаб» төңкерісі мен Табас шапқыншылығы сияқты оқиғалар АҚШ-тың Иранның ішкі ісіне араласушы саясатының бір бөлігін ғана көрсетеді. Бұл оқиғалар Иран халқының жадынан ешқашан өшпейді әрі әрдайым АҚШ-ты сынап-бағалаудың көрсеткіші болып қала береді.