Мысыр: наурыздан наурызға дейінгі өзгерістер
Хижри шамси күнтізбесі бойынша 1395 жылы, яғни өткен наурыздан осы наурызға дейінгі кезеңде Мысыр ішкі және сыртқы салаларда әртүрлі өзгерістердің куәсі болды.
Өткен 1395-ші жылы Мысырдың сыртқы қарым-қатынастары көптеген шарықтаулар мен құлдырауларды бастан өткерді. Сауд Арабиясы мен Мысыр қарым-қатынастарының қайшылықтары әртүрлі себептерге байланысты одан әрі әшкерелене түсті. Йемен мен Сирияға, Тиран мен Санафир аралдарына қарсы шабуылдар және Сауд Арабиясының «Мұсылман бауырлары жамағатына» қолдау көрсетуі екі жақтың қайшылықтарының күшеюінің себептері болды. Мысыр үкіметі «Мұсылман бауырлары жамағатын» өз дұшпаны деп санаған жағдайда Сауд Арабиясы сол топқа қолдау көрсетіп отыр. Мысыр Президенті әс-Сиси: «Каир халықаралық салада Риядтың қалауымен жүрмейді»,- деп мәлімдеді. Оның айтуынша, «Рияд кейбір аймақ пен халықаралық саяси мәселелерге қатысты пікір айырмашылығын құрметтеуі керек, өйткені, Мысыр – Сауд Арабиясының айтқанымен жүретін кішкентай мемлекет емес». Мысыр мен Сауд Арабиясы арасындағы қайшылықтар сауд-америкалық «Aramco» мұнай компаниясының өзінің мұнай өнімдерін Мысырге экпорттауды тоқтатуына себеп болды. Сондықтан, бұл мемлекет өзін мұнай өнімдері және жанармаймен қамтамасыз ету үшін Ирак сынды елдерге жақындады. Мысыр мен Сауд Арабиясы арасындағы дағдарыстың күшеюімен Сауд Арабиясы әртүрлі жолдармен Эфиопия мен Суданға жақындап, Мысырдың сыртқы саясатына ықпал етуге талпынды. Сауд Арабиясының патшасы Салман бен Абдолазиздың Риядта эфиопиялық делегацияны жылы қарсы алуы Сауд Арабиясы мен Эфиопия ынтымақтастығының артуы мен Ніл өзенінің суын Мысырға қысым көрсету үшін пайдалану туралы күмән тудырды. Судан Президенті әл-Башир Сауд Арабиясының қолдауымен Қызыл теңізге жақын жердегі Халаиб пен Шалатейн аймақтарын өз елінің бақылауына тапсыруды сұрады. Судандықтар сонымен бірге Мысырды Оңтүстік Суданға қару жіберу мен Мысырдың барлау қызметінің Джубада орналасуын айыптады. Бұл мәселелер екі ел арасындағы қайшылықтарды арттырды. Мысыр мен Қатар арасындағы қарым-қатынастар өткен жылы да қайшылықтарға толы болды. Мысыр мен Қатар арасындағы қарым-қатынастардағы қайшылықтар Морсиді кетірген соң басталып, өткен жылы одан сайын арта түсті. Каир өткен жылдың азар айының 21 күні әл-Аббасие аймағындағы жергілікті мысырлықтардың шіркеуін нысанаға алған жарылыстың куәсі болды. Жарылыс салдарынан 25 адам қаза болып, 45 адам жарақат алды. Мысырдың Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасап, Қатарды жарылысқа қатысты деп айыптады. Бұл айыптаулар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан бетер сууына себеп болды. Өткен жылы Мысыр басшылары Ливиядан елдің дағдарысын ұлттық талпыныстар және елдің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау арқылы шешуді талап етті. Өткен жылы мысырлық басшылар АҚШ-пен қарым-қатынастарының маңыздылығын қуаттады. Мысыр басшылары Трамптың кезеңінде АҚШ-ты өзінің дұшпаны еткісі келмейді деген ой туады. АҚШ басшылары да Мысырмен арадағы әскери қарым-қатынастарын бірқалыпты етуді өз мақсаттарының бірі ретінде атады. Алайда, Мысырдың АҚШ-пен стратегиялық қарым-қатынасын сақтап, алпауыт елдермен сыртқы қарым-қатынастарын түрлендірігісі келетіндігі байқалуда. Қытаймен қарым-қатынастарын тереңдетуді осы салада бағалауға болады. Өткен жылы Мысыр Қытай мен Пәкістан арасындағы экономикалық жобаға қосылуға талпыныс жасады. Егер құрлықпен, соның ішінде темір жол және энергияны тасымалдайтын құбырлардан тұратын аталмыш экономикалық жоба 2025-ші жылға дейін іске асырылса, Қытайтың мұнай тасымалдайтын кемелері Парсы шығанағының мұнайға бай елдеріне, тіпті Қытай өнімдерін тұтынатын Парсы Шығанағы жағалауы мен Таяу Шығыс, сондай-ақ Еуропа мен Африка нарықтарына жету үшін Шанхай портына жету үшін Үнді мұхиты суларының 13000 километрін өтуге мәжбүр болмайды. Қытай Мысырға зымырандарын ұшыратын құрылғылар беріп, екі елдің жақындауына себеп болады. Өткен жылы Мысыр мен ХАМАС қозғалысының жақындауының куәсі болды. ХАМАС басшылары: «Енді ХАМАС пен Мысыр үкіметі арасында қайшылық жоқ. Осы уақытқа дейін ХАМАС-қа тағылған айыптар өткен кезеңге қатысты. Бүгінгі қарым-қатынастар жақсы»,- деп жариялады. Каир мен ХАМАС арасындағы қарым-қатынастардың орнатылуы қауіпсіздік мәселесімен бірге бір жақтан Мысыр мен төртжақты топтың мүшелері арасындағы, екінші жақтан Палестина автономиялық құрылымның басшысы Махмуд Аббаспен арадағы жасырын қайшылықтарға байланысты. ХАМАС экономикалық және қаржы қиындықтарына кезігіп отырған жағдайда бұл қозғалыстың достарының көбі бұл мәселені шешуге көмектеспейді. Сондықтан бұл қозғалыс Каирден экономикалық көмек алғысы келеді. Өйткені, Мысыр көптен бері жабық тұрған Рафах өткелін ашып, ХАМАС-тың қиындықтарының маңызды бөлімін шешуге көмектесе алады. Мысыр сондай-ақ, өткен жылы Ресейге жақындап және Сирияға әскери тұрғыдан қатысып, Сауда Арабиясының орнына Батыс Азия аймағында өзінің ықпалын арттыруға талпынды. Мысыр Президенті өз елінің Ирак пен Сирия әскерлерінің лаңкестікке қарсы соғысын қолдайтыны туралы жариялады. Бірнеше араб мемлекеті, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Қатар дағдарыс басталғаннан бері Сирия мен Ирак армияларына қарсы соғысып отырған лаңкестік топтарға қару-жарақ және қаржылай көмектесу үшін бар мүмкіндігін пайдаланып отырған жағдайда Мысыр Сирия армиясын қолдайтыны туралы жариялады. Мысыр өткен жылы ішкі және шетелдік қарыздары мен экономикалық дағдарыстарының артуымен бетпе-бет келді. Мысырдың Халықаралық Ақша қорынан 12 миллиард доллар сұрауы бұл елдің басшыларының біраз уақыттан бері елді шырмаған экономикалық дағдарыспен күресу талпынысының белгісі болып табылады. Өткен жылғы экономикалық дағдарыс басшылардың уәделерін орындауына кедергі болды. 2013 жылдағы бұл елдің әскери төңкерісін басқарушы Абдолфатх әс-Сиси бір жылдан кейін президент болып сайланғаннан кейін, Мысырдың экономикасын бұрынғы жолына қайтаруға уәде берді. Бірақ Мысырдың ішкі және сыртқы қарыздардың артуы мен инфляцияның көтерілуі үкіметтің экономикалық саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Статистика бойынша Мысырдың инфляциясы қыркүйек айында 24,3 пайызға артқан. Сондай-ақ мәліметтер бойынша, Мысырда азық-түлік бағасы 29 пайыздан артық мөлшерге артып, инфляцияның мөлшері де 2011 жылдың қаңтар айынан бері бұрын-соңды болмаған мөлшерге көтерілген. Ішкі саясат саласындағы мәліметтер өткен жылы Мысырдың құқық саласындағы белсенділері мен азаматтық ұйымдарының қысымға ұшырағанын көрсетеді. Мысыр үкіметі 71 жамағатты, соның ішінде «Мұсылман баурыларына» қарасты 41 жамағатты таратты. Қарсыластардың пікірлерінше, қысымдар мен басып-жаншулардың артуы мысырлық басшылардың бұл елдің белсенділеріне қарсы қысымдарды екі есе күшейтіп, оларды наразылық білдіруден бас тартқызуды мақсат етуінде. Мысыр үкіметі сонымен бірге лаңкестікпен күрес заңын бекітіп, қысым мен қауіпсіздік шараларын күшейтуді мақсат етуде. Лаңкестікпен күрес заңы бойынша Мысыр үкіметі лаңкестікті қолдайды деп сылтауратып, өзіне қарсы кез келген топ пен кез келген ұйымның жұмысын тоқтатпақ. Мысыр халқы үкіметтің лаңкестікпен күрес заңын қоғамдық азаттыққа шектеу қою деп санайды. Сол заң бойынша, сөз еркіндігі жойылып, азаматтық ұйымдар мен халықтық құқықтық органдар үкіметтің ресми ұйымдарына айналады. Адам құқығы инспекторлары ұйымы да Мысырдың оппозициямен қарсыласуын сынады. Өткен жылы Мысыр сотының шешімі бойынша 1500-ден артық мысырлық азамат лаңкестердің тізіміне енгізілді. 1392-ші жылғы Морсиге қарсы төңкерістен кейін Мысырдың қауіпсіздік өзгерістері одан сайын жалғаса түсті. ДАИШ лаңкестік тобының Синай түбегінде орналасуы мен Мысырдың кейбір үлкен қалаларындағы қауіпсіздік өзгерістер мен көптеген жарылыстар Мысырдың 1395 жылдағы қауіпсіздік саласындағы қатерлерге жатады. Бағдарламаның жалғасында сол елдегі кейбір қауіпсіздік оқиғаларына назар аударамыз. Дей айының соңында Солтүстік Синай облысының әл-Ариш қаласының қауіпсіздік аялдамасына жасалған қарулы шабуылдың салдарынан кемінде 9 адам қаза болып, 10 адам жарақат алды. Мәліметтер бойынша, бір лаңкестік топ тексеріс жүргізетін аялдамада полиция күштеріне қарай ақ атып, содан соң бомбамен жабдықталған көлік полиция күштері орналасқан мекенге қарай бет алып, сол жерде жарылған. Мысырдың Синай облысындағы тексеріс аялдамасына жасалған келесі шабуылда да төрт мысырлық әскери қаза болып, төрт адам жарақат алды. Лаңкестік шабуылдармен бірге кейбір араб елдерінің қастықтары мен тыңшылық топтардың әрекеттері Мысырдың қауіпсіздігіне әсерін тигізді. Өткен жылы Мысырдың қауіпсіздік ұйымы бес адамнан тұратын тыңшылық банданы заласыздандырғаны туралы хабарлады. Бұл банданың араб елінің барлау офицерлерінің бірі тарапынан басқарылғаны әшкереленді. Бұл банданың мүшелері Мысырдың қауіпсіздік және әскери орталықтары мен маңызды экономикалық бекеттері, әскери және саяси жоғары лауазымды қайраткерлерінің тұрғын үйлері туралы мәліметтер жинағанын мойындады. Азар айының 21 күні Мысыр астанасы 25 адам қаза болып, 25 адам жарақат алған жарылыстың куәсі болды.